Аудармашы жайындағы қанатты сөздер
Аудармашының міндеті – өзге тілдің құралдарымен түпнұсқаның стилистикалық және экспрессивті ерекшеліктерін сақтай отырып, оның мазмұнын тұтас және дәл жеткізу.
(Я.И.Рецкер)
Аудармашы шығарманы бір тілден екінші тілге сол күйінде көшіріп апарып қоя салмайды; аударған туындысын ол өзінше интерпретацияға түсіреді... осы тұрғыдан алып қарағанда аудармашының шығармашылық еңбегі әдебиеттанушы мен сыншының еңбегіне жақынырақ тұр.
(И.Фрадкин)
Бүгінгі таңдағы аудармашыдан оның биік өрелі лингвист, тарихшы, ақын болуы талап етіледі.
(А.Дейч)
Бәрінен бұрын – орыс тілі кез келген қиындықты еңсереді, бәрін де бейнелей алады, бәрін де жеткізе алады, бұл тіл үшін алынбайтын қамал жоқ деген айқын сана, қаны мен жанына сіңіп кеткен сенім көмектеседі. Бұл сенім болмайынша, ана тіліне сүйіспеншілік болмайынша аудармашының алдан шығар қиындықтардан қаймығып қалуы да мүмкін. Оны айтасыз, өзге тілдің құрсауында қамалып қалуы да ғажап емес.
(Н.Любимов)
Қытай мәтінін ұғу үшін қытайдың жанын ұғу керек. Ол үшін адамда алтыншы сезім немесе ырықсыз түйсік болуға тиіс. Бұл философиядағы интуитивизм, биологиядағы витализм деген сияқты нәрсе.
(Карлгрен)
Аударманың мүмкіндігі шектеулі. Аудармашының мүмкіндігі шектеусіз. Ойды, метафораны, эпитетті, строфиканы, уәзінді, сөздің мағынасын барлық кезде дерлік аударуға болады, ал сезімді, мақамды, ырғақты, сөздің стилистикалық реңкін тек қайтадан қалпына келтіре аламыз. Аударуға болатынды аудару – аудармашының талантына сын.
( Д.Самойлов)
Біздің еңбегіміз, дәлірек айтқанда аудармашы еңбегі лайықты бағаланғаны жөн болар еді. Әйтпесе, шығарма бар да шығарманың аудармасы бар ғой, оқырман шығарманы бағалайды, аудармашы сыртта қала береді.
(Ғ.Мұқанов)
Мен қолымнан келгенше түп нұсқаға мұқият қарауға тырысамын, алайда мұным адалдық пен дәлдік көркемдікке нұқсан келтірмейтіндей деңгейге дейін ғана сақталады... Меніңше, сөзді аударып жатудың қажеті болмас....
(А.К.Толстой)
Аударылған шығармалардың кемшіліктері жөнінде кім не десе де, аудармашы еңбегі бүкіл ғаламды байланыстырып жататын ең маңызды да ең абыройлы еңбек болған және солай болып қала береді.
(И.Гете)
Стилі жағынан да, сенім-нанымы жағынан да, жан-күйі жағынан да өзіне соншама жақын келмейтін өзге тілді шығарманы аударуға тек кәнігі шеберлер, мәдениеті жоғары, талғамы нәзік, сарабдал суреткерлер ғана кіріседі. Мұндай сөз зергерлерінің сирек кездесетін бір қасиеті бар: олар өздері аудармада қайта туындатуға тиіс шығармашылық тұлғаны бедерлі таныту үшін өздерінің жеке басының жан ауанын, көңіл-күйін, талғамын тежей біледі.
(К.Чуковский)
Кез келген шығармамен, классикалық шығармамен істес болу үшін аудармашының жігер-күші мен сенім серпінінің жеткілікті болғаны қажет. Оның аударма үстінде отырып, өз басының даралығын емес, автордың даналығын әйгілеуге құлшынғаны жөн.
(Ғ.Мүсірепов)
Мен бірден-ақ іске кірісіп кеттім, көп ұзамай қолға алған жұмысым қызықтыра жөнелді, өзінен-өзі қуантатын болды, қиындығымен, түпнұсқадағы сұлулықты өз бойыма сіңіруге деген ұмтылыспен шабыттандырып жіберді.
(А.Бунин)
«Аудармашының тоғыз қағидасында» тіпті былай санамаланады: «Мыналар міндетті түрде сақталуы керек: 1) жолдың саны, 2) ырғақ пен өлшем, 3) ұйқастың реттесуі, 4) эниамвемент сипаты, 5) ұйқастардың сипаты...
(Н.Гумилев)
Жақсы ақынның нашар аудармашы болуы мүмкін. Соның бір мысалы –Тютчев. Жақсы ақынның аудармаға бейімі болмауы мүмкін. Соның бір мысалы – Блок. Бірақ нашар ақын жақсы аудармашы бола алмайды.
(Н.Заболоцкий)
Теорияға арқа сүйемейтін, принципті мәселелерге қызығушылық танытпайтын аудармашы кәсіпкер ғана, оның кейде тамаша шебер болуы да мүмкін, бірақ, ол көбіне-көп өзінің талантының арқасында кездейсоқ жетістіктерге қол жеткізіп жататын, сонымен бірге ауық-ауық олқылыққа бой ұратын, тіпті сәтсіздікке ұшырап тұратын, өз бетінше жападан жалғыз жүрген жалқы шебер болып келеді.
(И.Кашкин)
Аудармашы әйтеуір қолға түскен мәтінді өз тілінде сөйлете салмайды, ол жанды туындының рухын аударады, оны өзге тілде сөйлеуге үйретеді, мұның бәрін өнердің жалпыға ортақ тілінде жеткізеді, ал бұл дегеніміз – жүректің тілі. Демек, аудармашы өзі аударатын адамның жүрегі мен жанын жақын сезінуге, толық білуге тиіс.
(Ш.Айтматов).
Тәржімешіге жалғыз талант жеткіліксіз: ол өз өнерінің қағидаттарын теориялық тұрғыдан орнықтырып алуға тиіс. Мәдениеті кемшін талант иесі өзінің нэзік талғамын тәрбиелемесе неше түрлі сұмдықтарға соқтыруы мүмкін.
(К.Чуковский)
Аудармашы кім дегенге келсек, ол – ғылыми тәжірибесі мол, лингвистика жөнінде хабары бар, аударылатын және аударатын тілді жетік меңгерген адам әрі басқа ұлт мәдениетінің жайын бір кісідей білетін дәнекер деп айтар едік. Аудармашы – өз ұлты мен өзге ұлттың ерекшелігін қоса қарастыра алатын мүмкіншілігі бар, әрі соны жазып жеткізе алатын шығармашылық таланты бар адам.
(А.Құлсариева)
Ақын-жазушы өзінің жазған тума шығармасына жауаптылықпен қарау қажеттігі сөзсіз. Ал өте жауапты нәрсе –біреудің шығармасын аудару. Бұған өте шеберлік керек. Шығарманы аударушы адам, сол шығарманың барлық мазмұнын түсіндірумен қатар, жазушының нәзік сезімін, шеберлігін, шығарманың қандай күйде, қандай рухта жазылғанын жақсы білуі керек. Демек, аудармашы сол аударманың авторынан ой-санасы, сезімі төмен болса, онда аударма дәл болып шықпайды. Шығарма аударылғанда рухынан айрылып қалса, онда аудармашының жазушыға қиянат істегені болады.
(Ш. Құдайбердіұлы)
Аудармашы жауапкершілігінің бір шарты кімді аударатынын таңдай білуі, сонымен қатар аудармашының шынайылығы, кез келген басқа суреткер сияқты, өзінің сүйікті ісімен шұғылдануынан танылады.
(А.Гитович)
Басыңды ауыртардай жаныңды жейтін тақырыптарды аудару да бір, өзің сүймейтін әйелмен өмір сүру де бір. Мұндай адамның жағдайын түсінуге, отбасылық ауыр тірлігіне жанашырлық сезімін білдіруге де болады. Алайда оған берілер жалғыз орынды кеңес – ажырасу.
(А.Гитович)
Егер аудармашы дұрыс сөйлеу сөйленімдерінің шеңберінен өрескел шығып кетіп, әңгімелесушілердің бірінің сөйлеуден тыс мақсаттарын жүзеге асыру қызметін өзіне ала бастаса, мысалы, сөйленімге кеңінен түсініктеме беретін болса немесе мәселеге өзінің жеке түсінігін беретін болса, оның қызметі аударма қызметі болудан қалады. Мұндай жағдайларда әлеуметтік орта аудармашыны оның әлеуметтік шеңберіне қайта оралуға «мәжбүрлейді».
(А.Ф.Шираев)
Аудармашы – ең алдымен мәтінді түсіндіретін оқушы.
(В.Н.Комиссаров)
Лингвистикалық әдісті ұстанған аудармашы текстің бетінде қоңызша жорғалайды да, әр сөзге үлкейткіш шынымен үңіледі. Оның аудармасында сөздер «ғылыми негізде» аударылған, әттең кітапты оқу қиямет, неге десең, көркем туындыны аудару дегеніміз сөздерді аудару емес.
(Н.Заболоцкий)
Қиындықтың ең зоры – екі халықтың әдет-ғұрпына, өмірден түйген тәжірибесіне, қалыптасқан ұғымына байланысты болады. Солардың арасын білдірмей біріктіріп, тігісін жаттықтыру – аударушының шеберлігінен туады.
(С.Талжанов)
Аударушы әдебиеттің тек тарихын білумен қанағаттанбасын, әрбір автордың творчестволық өсу тарихын да жете ұғынсын, сонда ғана ол әрбір кітаптың рухын дәл бере алады. Бұл өте ауыр, алайда өте қажет талап.
(А.М.Горький)
Аудармашы түпнұсқаны оқығанда ана тілін, аударғанда түпнұсқа тілін ұмытып отыруы керек.
(М.Құрманов)
Аудармашының дарындылығы оның бейнеленіп отырған өмір көріністері мен құбылыстарына авторша қарап, авторша толғанып, қаламды авторша сілтеуімен өлшенеді.
(Ә.Сатыбалдиев)
Аудармашының ешқашан адастырмайтын темірқазық жұлдыздай айнымас бағдары – автордың стилі. Осы бағытты дұрыс ұстаса, ол әрқашан көркемдік дүниесіне жол тауып шығады.
(Ә.Сатыбалдиев)
Аудармашылық – нағыз творчестволық өнер. Ол әркімнің қолынан келе беретіндей еріккеннің ермегі емес.
(Ә.Сатыбалдиев)
Аудармашы екі тілді де жетік білумен қатар, әрі жазушы, әрі ғалым болуға тиіс. Аударма сапасы оның талантына, біліміне, жалпы мәдени дәрежесіне және тәжірибесіне байланысты.
(Ә.Сатыбалдиев)
Аудармашы – түсінік беруші емес. Ол автордың сөздерін өз тілінде түсінікті етіп, бірақ түпнұсқаның стилін бұзбай жеткізуге тиіс.
(Ә.Сатыбалдиев)
Жақсы ақын болу үшін бір талант – ақындық талант керек, жақсы прозаик болу үшін екі бірдей талант – ақындық талант пен прозаиктік талант керек, ал жақсы аудармашы болу үшін үш талант – ақындық талант, прозаиктік талант және аудармашылық талант керек.
(Аббас Сибхат)
Аудармашы өзі аударатын шығарма авторының елін, оның тұрмысын, салт-дәстүрін, тілін, рухани құндылықтарын, сенім-нанымын, тарихын, географилық жағдайын жақсы білуге тиіс, бірақ бәрінен бұрын өз ана тілін жетік, еркін меңгерген адам болуы керек.
(Альфред Курелла)
Аударылған шығармалардың кемшіліктері жөнінде кім не десе де, аудармашы еңбегі бүкіл ғаламды байланыстырып жататын ең маңызды да ең абыройлы еңбек болған және солай болып қала береді.
(Тете Томас)
Аудармашы – түрлі мәдениеттер арасындағы дәнекер.
(Альфред Курилла)
Аудармашы мен жазушы арасындағы айырмашылық мынада, жазушы күллі шығармашылық жұмысын өзінің көкірек көзі мен шабытына сүйеніп іске асырады. Бейнелі қабылдаған болмысты логикалық өңдеу процесі оның бойында, негізінен алғанда, өзіміз «туындату сәті» дейтін уақытқа дейін басталады, әрі соның өзі шығармашылық процесінде екінші кезекте тұрады, әрі біз бұл процестің белгілі бір дәрежеде көкейсана деңгейінде іске асатынын білеміз. Аудармашы болса, бір мезгілде талдайды әрі саралайды, бір мезгілде ғалымның да, суреткердің де уәзипаларын атқарады.
(Альфред Курилла)
Аудармашы еңбегі бүкіл жер шарын біріктіретін, байланыстыратын маңызды істердің бірі болып қалды және қала береді.
(И.Гете)
Аудармашы міндеті басқа тілдің құралдарымен түпнұсқаның мазмұнын стилистикалық және экспрессивтік ерекшеліктерін сақтау арқылы оны тұтастай және дәл жеткізе білу.
(Я.И. Рецлкер)
Жалпы аудармашылық сауаттылық – бұл аударманың қандайда дұрыстығының, өз жанынан қосып жібермеушіліктің сенімді кепілі.
(И.Кашкин)
Бір сөзге сол сәтте тек аударма тағдыры ғана қатысты емес, сондай-ақ аудармашының шығармашылық тағдыры да қатысты.
(Л. Гинзбург)
Аудармашы сағат сайын әрі минут сайын қандай да бір деңгейде көркемдік құндылықты жасаушы іспетті немесе нағыз автор, кез келген орындаушы пианист немесе актер тәрізді саналатынын ұмытпауы тиіс.
(В.Левик)
Шығармашылық табыс дегеніміз түпнұсқаны көшіруге ұмтылу емес, аударылатын автор рухында аудармашының өз бейнесін батыл жасап шығуы.
(Д. Белоус)
Аудармашы төлтуындыда бейнеленген шындықты білуі тиіс және ондағы мәтінге автормен бірге енуі керек, сөйтіп авторды түсіну дегеніміз жазушыны да түсіну және оның дүниетанымы мен қабылдауын білу және де өзінің аудармасында оқырмандарға түпнұсқаның өзіндік ерекшелігін жеткізу деген сөз.
(И. Кашкин)
Аудармашы қандай да бір ұсақ қателік жібермес үшін аударылатын тілді жақсы білуі керек, сондай-ақ аударма жасалатын туған тілін де керемет меңгеруі қажет әрі туынды жасаушының талантына тең талантқа ие болуы тиіс.
(Акакий Церетели)
Қара сөзді аударған адам – құл, өлеңді аударған адам – бақталас (Переводчик в прозе – раб; переводчик в стихах – соперник).
(В.А. Жуковский)
Басқа бір дәуірдің жазушысын өз уақытының бояуымен қайта бояуға болмайды, онда бұл бұрмалау, жасанды нәрсе болып шығар еді, алайда көркем аударманың жөні бөлек. Ол қатып қалған нәрсе емес. Оқырман мен сыншының жіті көзі одан ғасыр қолтаңбасын, ұрпақ қолтаңбасын, аудармашы ақынның жеке қолтаңбасын дөп басып көре алады.
(С. Маршак).
Немісті аударатын кісі кемінде жартылай неміс болуы керек сияқты. Қазақ тілінен аударатын кісі кемінде жартылай қазақ болуы керек сияқты. Мұның өзі шын мәнінде табысқа жетуге қарай жасалған алғашқы қадам болмақ.
(А.И. Ритович).
Кейде аудармашы әуезділік жағын да ойлайды – осыдан барып өлең туады…
(М.Горький).
Дата добавления: 2014-11-30; просмотров: 5142;