Алматы 2014 ж 4 страница

Нарықтық экономика жағдайында бәсекелестік өндірушілерді тек қажеттілігі бар тауарларды ғана өндіруге жетелейтін, негізгі реттеуші тетік болып табылады. Латынның соncиre (мақсатқа жүгіру) сөзінен шыққан термин өндірушілер мен сатушылар арасында сатып алушылар үшін талас-тартысты анық сипаттайды. Нарықта бәсекелестердің мақсаты тауарды сатып алушыға сату негізгі құрал ретінде кәсіпорындағы сапалы маркетинг саналады.

Бәсеке адал ниетті және адал ниетті емес түсініктерге бөлінеді. Халықаралық құжаттарда адал ниетті емес бәсеке өнеркәсіп және сауда істерінде адал әдетке қайшылық білдіретін кез келген іс-әрекет деп түсіндіріледі. Соның ішінде, тиым салуға жататындар:

1. Бәсекелестің өнеркәсіптік немесе сауда-саттық қызметінде,

кәсіпорындарда, тауарлар өндіруде қым-қиғаш жағдай

туғызатын іс- әрекет.

2. Бәсекелестің өнеркәсіптік немесе сауда-саттық қызметі,

кәсіпорын және оның тауары туралы теріс ой туғызатын, жалған

тұжырымдар жасау.

3. Сауда-саттық іс-әрекетпен айналысқанда тауардың сипаттамасы, дайындау тәсілі, пайдалану қасиеті немесе оның көлемі жайлы қоғамды шатастыратын пікірді пайымдау.

Қазіргі таңда, адал ниетті емес бәсекенің бөтен немесе соған ұқсас тауар белгісімен таңбалау, тапсырысты мақалалар, жалған ой туғызатын ақпараттар және басқа да әдістері кең етек жайған.

Адал ниетті бәсеке жоғары тұтынушылық қасиеттерге ие тауарларға сұранысты қалыптастыру мен тауар өткізуді ынталандыруды қарастырады. Бәсекелестіктің міндетті шарты ұсыныстың сұраныстан асып түсуі болып табылады, әйтпесе тауарлардың жетпеушілік жағдайында сатып алушылар сапасыз тауарды да алуға мәжбүр болады.

Тауардың бәсекелестік артықшылығы оның бәсекеге қабілеттілігін құрайды. Ол дегеніміз басқа сондай тауарлармен салыстырғанда оның артықшылығын көрсететін тұтынушылық және құндық қасиеттердің жиынтығы.

Бәсекеге қабілеттілік – нарықтың талабын анықтайтын және тауардың басқа тауармен салыстырғандағы оның сапалық және экономикалық қасиеттерін кешенді бағалайтын кез келген тауардың негізгі маңызды сипаттамаларының бірі. Бәсекеге қабілеттілік түсінігі салыстырмалы сипатқа ие. Ол нақты нарық пен сатылым уақытының жағдайларына байланысты. Сатып алушылардың көпшілігі қоғамдық қажеттіліктерге сай тауарды сатып алады, сонымен бірге әр сатып алушы өзінің қажеттіліктерін толық қанағаттандыратын тауарды алады. Сатып алушылардың мінездерін зерттеу көрсеткендей, екі ұқсас тауар болса, сатып алушы оның арзанын қалайтынын, егер сатылым бағалары бірдей болған жағдайда – сатып алушы тұтыну бағасының (қолдану шығындары) төменіне ұмтылатыны белгілі.

Осылайша, өнімнің бәсекеге қабілеттілігі оның жоғары тұтынушылық қасиеттері мен төмен бағасымен анықталады. Бәсекеге қабілеттілікті анықтайтын тұтынушылық және құндық қасиеттер әр түрлі болады. Мысалы, ұзақ қолданылатын және өндіріске қажетті күрделі тауарлар үшін бәсекеге қабілеттілікті көрсететін көрсеткіштерге келесілер жатады:

- тауардың пайдалану шеңберін анықтайтын атқарымдық

міндетінің көрсеткіштері;

- тауардың қолданыстағы ыңғайлылығы мен оның қауіпсіздігін

сипаттайтын пайдалану көрсеткіштері;

- тауарды сатып алу мен пайдалану шығындарын сипаттайтын

экономикалық көрсеткіштері;

- жоғарыда көрсетілмеген (сертификат, сервистік қызмет

көрсету), басқа бағалық емес көрсеткіштер.

Бәсекеге қабілеттілік салыстырмалы көрсеткіш екенін ескере отырып, оған қатысты бағалау жүргізілетін басқа да оған ұқсастарды анықтау қажет. Ұқсастар көп болған сайын, бәсекеге қабілеттілікті бағалаудың нәтижелері соғұрлым нақтырақ болады.

Өнімнің бәсекеге деген қабілеттілігін жоғарлатуда сертификаттау үлкен рөл атқарады. Сертификаттау дегеніміз – өнімнің нақты сипаттамаларының қажетті стандарттар мен басқа нормативті құжаттарға сай екенін растауға бағытталған іс-әрекеттер жүйесі. Сертификаттау дамыған елдерде XX ғасырдың 60-жылдары пайда болды. Бұл елдердің нарықтарында дамушы елдерден кең қолданылатын тауарлар көптен келе бастады. Сертификаттау сатып алушыны, онымен қатар алынып жатқан тауардың қауіпсіз және жоғары сапаға ие екенін сендіру үшін қажет болды. Сөйтіп сертификаттау жүргізу жүйесі біртіндеп дами бастады.

 

 

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар

1.Өнімнің кейбір түрлерінің сарала.

3. Өнімнің бісеке қабілеттілігін анықтаныз

4. тарифтік саясат түсініктемесін аиқында

.

 

Ұсынылған негізгі әдебиеттер

44. Основы банковского менеджмента. Под ред. О.И.Лаврушина, М 1995

45. Бор З., Пятенко В.В., Менеджмент банков: организация, стратегия, планирование., М. 1997.

46. Куницина Н.Н., Ушвицкий Л.И., Бизнес-планирование в коммерческом банке, М., 2002.

47. Брэддик У., Менеджмент в организации, М., 1997.

48. Банк ісі. Н.Н.Хамитов. А.2006 Стр.

49. Кох Р. Менеджмент и финансы. – СПб: Питер, 1999

 

Лекция № 12 Банк ісіндегі стратегиялық жоспарлау мен бақылау шараларының теориялық мәні

Дәрістің мақсаты:Коммерциялық банктегі стратегия жоспарын түсіндіру

Негізгі сұрақтар:

 

1. Банк маркетингісінің құрамдас бөліктері

2. Банк ісіндегі сегменттеудің түрлері

3. Банктегі маркетингті жоспарлау және бақылау

4. Банк ісіндегі маркетингтің ерекшелігі

1.Банк маркетингісінің құрамдас бөліктері

Коммерциялық банктер өз өнімдерін нарықта жылжытудың жаңа әдістерін әзірледі. Сатуға қолайлы жағдай тудыру бойынша бағдарламаның қаншалықты сәтті жүзеге асырылғанын бағалауда бірқатар жалпылама көрсеткіштер пайдаланылады. Ең алдымен, бұл дербес банк.

 

2.Банк ісіндегі сегменттеудің түрлері

Нарықтық сегменттеу нарықты тұтынушылар сұранысының өзіндік ерекшелігімен де, ұсыныстың өзіндік ерекшелігімен де сипатталатын жекелеген учаскілерге бөлуді ұйғарады.

Сегменттеудегі мақсат – жекелеген тұтынушы тобының көрсетілетін нақты қызмет түріне қатынасын анықтау. Банктер нарықты сегменттерге бөлу арқылы көрсетілетін қызметке өатысты ұсынысты тұтынушыларға және әлеуетті нарықтарға сәйкес реттеуге әрі ұзақ мерзімді нарықтық стратегияны әзір-

леуге мүмкіндік алады

Нарықты сегменттеу – банктің қызмет көрсетудің үлкен іс-тәжірибесін және білімін қажет ететін күрделі әрі еңбек сыйымдылығы бар процесс. Сегменттеудегі мақсат – қандай да бір тұтынушылардың тобын белгілі бір нарыққа бөліп қана қоймай, сонымен бірге, банктің осы қызмет түріне әр түрлі талап қоя алатын тұтынушылар мен пайдаланушыларды іздеп табу.

 

Демографиялық сегменттеу жеке тұлғалар нарығымен байланысты. Бұл сегменттеу халықты әлеуметтік-кәсіби жағынан (жұмысшыларға, қызметкерлерге, еркін кәсіп иелеріне, дәрігерлерге, сәулетшілерге, заңгерлерге және жеке тұлғаларға) бөлуге, сондай-ақ жасына, жынысына, отбасы жағдайына, табысына, білім деңгейіне қарай бөлуге негізделеді.
Демографиялық сегменттеудің құнды қағаздар нарығын дамытуда маңызы зор, өйткені, бұл жағдайдағы коммерциялық банктің негізгі салымшыларына халық жатады.
Нарықтағы жетістік, маркетингтің үлкен жетістігі ахуалды жүйелі түрде ұғуға, банктің күш-жігерін нақты үйлестіруге, мақсаттар мен міндеттерді дәл белгілеуге және жетістіктерді бағалаудың ең жетілген әдістерін пайдалануға мүмкіндік беретін стратегиялық жоспардың сапасымен анықталады.
Маркетинг стратегиясы кез келген банк үшін стратегиялық жоспардың негізгі элементі болуы тиіс.

Бұл саладағы жоспарлау банктің күшті және әлсіз жақтарын, банк өз қызметіне алдағы 3-5жыл ішінде кездестіруі мүмкін қолайлы және жағымсыз факторларды детальды түрде талдай алатын экономикалық болжау бойынша тәжірибелі мамандарды жасақтаудан басталады. Бұл арада банк жұмыс істейтін орта мен жағдай тиянақты талданатын болады. Саяси және экономикалық факторлардың ықтимал ықпалы, банк заңдарының ықтимал өзгерістері, технологиялық және әлеуметтік факторлар қарастырылады.Сонымен қатар соңғы 2-3 жыл ішіндегі банк қызметінің пайдасы, активтегі табысы, операциялардың өскен мөлшері, басқа банктермен салыстырғандағы банкаралық нарықтағы позициясы, төленген дивидендтердің мөлшері, жұмыскерлердің саны мен кәсіби дайындық деңгейі және өзге де шешуші көрсеткіштері параллельді түрде талданады.

Маркентинг стратегиясын банк мақсатына маркетинг мақсатына маркетинг құралы арқылы қол жеткізудің ең жақсы жолы ретінде анықтауға болады.

3. Банктегі маркетингті жоспарлау және бақылау

Маркетинг басқару жүйесінің мәні мен мазмұны нақты банк топтары қызмет ететін нарықтың құрылу процесінің түсініктерімен және осы нарықта, нарықтық қатынаста болып, оның субъектісі болып табылатын сатушылар нарығының қызметі түсініктерімен тығыз байланысты. Маркетингтің классикалық анықтамасы - болашақ айырбас арқылы қажеттіліктер мен мұқтаждықтарды қанағаттандаруға бағытталған адам қызметінің түрі.
Қазіргі кездегі нарық және нарықтық қатынастар нарық кеңістігінде тұрақты қызмет атқарудың кепілі ретіндегі банктің басқарылуының тиімділігін арттыру қажеттілігін негіздеуде.

 

4.Банк ісіндегі маркетингтің ерекшелігі

 

Бәсекелік күрестің күшті жағдайында банктер өздерінің ресурстарын жүйелі түрде толықтыру әдістерін жүргізіп отырады. Жеке тұлғаларды тарту үшін, бір банктер көрмелер және спорттық іс-әрекеттер өткізіп отырады. Салымдардың жаңа түрлерін құрады. Банктік маркетинг, клиенттердің нақты тұтынушыларын есепке ала отырып, банк өнімдерінің тиімді нарықтарын іздеу және қолданудан анықтауға болады. Бұл - банк мақсатын тағайындап, жоспарды жүзеге асыру үшін нақты шараларды жасауды және оларға жетудің әдістерін жасау және жолдарын табу. Маркетингтік қызмет проблемасының екінші жағы бар, яғни жаңа өнімді жасау және сатудағы банк көтеретін шығын көлемі. Банк құны жоғарғы ресурстармен жүргізеді, сондықтан, оны қызмет көрсету шығыны төмен және сұранысы жоғары, пайдалы нарық сегменттерінде қолдану қажет.

 

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар

1. Банк маркетингісінің ерекшелігі неде

2. Интеграциялық маркетингті аиқында

3. Клиенттерге көрсетілетін банк қызметтерінің кең тармағын құру және дамыту қандай негіздерге сүйенеді

.

 

Ұсынылған негізгі әдебиеттер

50. Основы банковского менеджмента. Под ред. О.И.Лаврушина, М 1995

51. Бор З., Пятенко В.В., Менеджмент банков: организация, стратегия, планирование., М. 1997.

52. Куницина Н.Н., Ушвицкий Л.И., Бизнес-планирование в коммерческом банке, М., 2002.

53. Брэддик У., Менеджмент в организации, М., 1997.

54. Банк ісі. Н.Н.Хамитов. А.2006 Стр.

55. Кох Р. Менеджмент и финансы. – СПб: Питер, 1999

Лекция № 13 Маркетингтік коммуникация және банктік өнімдерді өткізуді ұйымдастыру

Дәрістің мақсаты:Коммерциялық банктегі маркетинг саясатының қажеттілігін айқындау

Негізгі сұрақтар:

1. Пассивтерді басқару процесінде шешімін табатын міндеттер?

2. Активтерді басқару процесінде қойылатын міндеттер?

 

1. Пассивтерді басқару процесінде шешімін табатын міндеттер?

 

Активтерді басқару банк менеджментінің маңызды бағыттарының біріне жатады. Ол тиісті кезеңге белгіленген банк саясатын жүзеге асырады. Активтерді басқару процесінде біртұтас екі міндет алға қойылады – жүйелі талдаудың және активтердің құрылымын өзгертуге бағытталған мақсатты әрекеттердің салдарынан қалыптасатын ахуалдың негізінде ғана банк балансының өтімділігін сақтау арқылы банк жұмысының пайдалылығын қамтамасыз ету.

 

2. Активтерді басқару процесінде қойылатын міндеттер

Экономиканың дамуын болжаудың негізінде үлесі мен құрамы анықталатын активтердің бұл тобына өтеу мерзімі салыстырмалы түрде ұзаққа созылатын бірінші класты құнды қағаздар кіреді. Бұл құнды қағаздардағы инвестиция банкке белгілі бір процентті табыс әкеледі және өтеудің мерзімі жақындаған сайын борыш міндеттемесі екінші кезектегі резервтерді толықтырушы ретінде алға шығады.

Активтерді бөлудің әдісін пайдалану барысында банк тартқан қаражатқа өтімді қаражаттың қаншалықты тәуелді болатындығы анықталып, ескеріледі және активтер мен пассивтердің тиісті түрлері арасындағы арақатынас белгіленеді.

Бұл арада әрбір көзден алынатын қаражатты олардың айналысын қоса ескере отырып, әр түрлі жолмен қамтамасыз етуді және осыған орай міндетті резервтердің нормаларын қажет етеді.

Ішінара мерзімді салым ақшаға қарағанда талап етілмелі салым ақша бойынша міндетті резервтердің ең жоғары нормаларын белгілеу қажет. Осыған орай, талап етілмелі салым ақша түрінде тартылған қаражаттың қомақты үлесі бірінші және екінші кезектегі резервтерге орналастырылуы қажет.

Жалпы қор әдісімен салыстырып қарағанда активтерді бөлу әдісінің негізгі артықшылықтары – ол есеп айырысудың негізінде өтімділігі жоғары активтердің үлесін нақты анықтауға және оларды кемітудің есебінен қосымша ресурстарды табыстылығы жоғары активтерге – кәсіпорындар мен ұйымдардың ссудаларына салуға мүмкіндік береді.

 

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар

1 Банктегі активтік операцияға сипатама беріңіз.

2. Банктегі пассивтер деген не

Ұсынылған негізгі әдебиеттер

13. Рид Э., Коттер Р., и др., Коммерческие банки, М. 1983.

14. Масленченков Ю.С., Финансовый менеджмент в коммерческом банке: Фундаментальный анализ, М.,1996.

15. Көшенова Б.А. Бағалы қағаздар нарығы категорияларының орысша-қазақша түсіндірме сөздігі. /Алматы, ҚазМБА, 1999.

16. Ақша, несие, банктер. // Оқу қүралы. Сейткасымов Г.С.–Алматы.: Экономика,2005

17. Руководство по кредитному менеджменту. Под ред. Б.Эдвардса. М. 1996

18. ҚР Қаржы Министрлігінің «Қаржы» журналы.

Лекция № 14 Банктегі баға белгілеу саясаты

Дәрістің мақсаты:Коммерциялық банктегі маркетинг саясатының қажеттілігін айқындау

Негізгі сұрақтар.:

1.Тарифтік саясат және бәсекелестікті қорғау








Дата добавления: 2014-12-02; просмотров: 1689;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.025 сек.