Алматы 2014 ж 1 страница
Оплата возможна:
- в режиме онлайн с помощью банковской карты через платежную систему,
- путем перечисления с расчетного счета организации,
- по квитанции в любом отделении банка
Предоставляется весь пакет бухгалтерских документов (договор, акт оказанных услуг)
Партнеры:
[1] при наличии опубликованных материалов в издании
Алматы 2014 ж
Тақырып № 1 Банк менеджменті ұғымы, оның негізгі принциптері. Банк менеджментінің атқаратын негізгі қызметтерінің бағыттары.
Дәрістің мақсаты:Пәннің негізгі түсінігінің мазмұнын қарастыру
Негізгі сұрақтар:
1. Менеджмент ұғымы, оның негізгі принциптері.
2. Банк менеджментінің ерекшеліктері.
3. Банк менеджментінің негізгі бағыты.
Нарықтық экономика жағдайында коммерциялық банктердің экономикаға тигізетін әсері зор. Олар нарықтық қатынастарды дамыта отырып, мемлекеттің экономикасын дамытады және жандандырады.
Сондықтан коммерциялық банктердегі менеджмент бүкіл банктің дамуын, оның болашақтағы табысы мен алатын орнына қатысы бар.
Дамыған елдерде банктік менеджментті өндірістің тиімділігін көтерудегі маңызды факторларға жатқызады.
Шетел банктердің тәжірибесіне қарағанда, банк қызметінің алға басуын қамтамасыз ететін стратегиялық бағдарланумен қатар, олардың менеджменттік, маркетингілік белсенділігінің дәрежелерін бөлек қарау керек. Тікелей айтқанда, «Менеджмент» деген ұйымдастыру мен басқарудың оңтайлы жүйесі. Осыған байланысты банктік менеджмент деген сөз, банктің және оның ұжымының қызметтерін ұйымдастыру және басқару жүйесі деуге болады.
Банк менеджментінің негізгі мақсаты басқарудың ең оңтайлы жүйесін қолданып, пайда табу. Бірақ, бұл банк менеджментінің жалғыз ғана мақсаты болуға тиіс емес. Пайда табуға тырысумен қатар, менеджмент қоғамдық тұтыну қажеттігін қанағаттандыруға тырысуы керек. Бұл банктің халыққа керекті тауарларды өндіру және қызметтерді көбейтуге көмек көрсетуі керек деген сөз.
Банктік менеджменттің басты бағыты - банктердің активтері мен пассивтерін, оның меншікті қаржысын басқару және де банк қызметіндегі қауіптерді азайту болып табылады. Соңғы айтылған сөйлемнің маңызы зор. Өйткені, қауіп банктің қызметімен әрқашан да қатар жүреді. Жоғарғы деңгейде пайда табу, әрқашан да, жоғарғы деңгейде тәуекелдікпен байланысты. Көп пайда табудың мүмкіншілігі өскен сайын, қауіптілік те өседі. Банк менеджменті осындай жағдайда қауіп пен пайданың өзара қатынасының ең оңтайлысын табу керек.
Қаржылық менеджментақшалай өнімдердің қозғалысын басқарудан, нақты банктің мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес оны құралудан және орналастырудан тұрады. Қаржылық менеджменттің негізгі бағыттары болып табылады:
- Банк қызметінің жеке сфералары бойынша нақты банктік саясатты жасау (депозиттер, несиелер, қызмет көрсетулер, инвестициялар және т.б.);
- Банктік маркетинг;
- Активті басқару;
- Пассивті басқару;
- Өтемпаздықты басқару;
- Табыстылықты басқару;
- Меншікті капиталды басқару;
- Несиелік портфелдерді басқару;
- Банктік тәуекелді басқару.
Бірыңғай банктік жүйе шегінде банк процедурасын ұйымдастыру мен экономикалық процесстерді басқарудың біркелкілік технологиясының болмауы қаржылық менеджменттің ерекшелігі болып табылады. Әр банк ақша нарығында өзінің жеке стратегиясын және тактикасын жасайды; тұрақты өзгеріп тұратын экономикалық жағдай банк ісін жүргізудегі қалыптасқан әдістерді жаңарту мен түзетуді талап етеді.
· ақша нарығында позициясы тұрақты болмайды.
Банк менеджментінің негізгі бағыттары:
1. Жоспарлау. Бұл процесте келешектегі әрекетті анықтайтын банк саясаты жасалады. Бұл жұмыстың құрамдық бөлігіне нақты банкті дамытудың тұжырымдамасын қалыптастыру, тиісті кезеңге ағымдық міндеттерді белгілеу, оларды жүзеге асыратын шараларды жасау жатады.
2. Активтерді басқару. Активтерді басқару процесінде екі міндет алға қойылады – жүйелі талдаудың және активтердің құрылымын өзгертуге бағытталған мақсатты әрекеттердің салдарынан қалыптасатын ахуалдың негізінде ғана банк балансының өтімділігін сақтау арқылы банк жұмысының пайдалылығын қамтамасыз ету.
3. Пассивтерді басқару. Бұл процесте мынадай міндеттер шешімін табады:
· Міндетті резервтерді қалыптастыратын бөлігін есептемегенде табыс әкелмейтін қаражаттың банкте болуына жол бермеу.
· Банк өз клиентерінің алдындағы тиісті міндеттемелерді орындауы үшін әрі активтік операцияларды дамыту үшін қажетті несие ресурстарын іздеу.
· Банктердің «арзан» ресурстар есебінен пайда алуын қамтамасыз ету.
Банк менеджментінің міндеттері:
· Өзіндік банк қаражатын басқару.
· Банк жұмысының пайдалылығын басқару.
· Банк қызметіндегі тәуекелдіктерді басқару.
· Еңбек ұжымы әзірлейтін басқару тұжырымдамасы.
Шетелдік тәжірибеде менеджментің екі үлгісі бар: жапондық үлгі (банк қызметінің түпкілікті жоғары нәтижеге қол жеткізуде ұжымның атқарған ролін тануға негізделеді) және американдық үлгі (бүкіл ұжым қызметінде шешуші роль ойнайтын тұлғаға негізделеді).
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар
1. Банк менеджментінің негізгі мақсатына сипаттама беріңіз?
2. Банк менеджментінің ерекшеліктері неде?
3. Банк менеджментінің негізгі бағыттары қандай?
4. Банк менеджментінің міндеттерін атаңыз?
5. Ұжымды басқаруда менеджер білуге тиісті үш факторды атаңыз?
Ұсынылған негізгі әдебиеттер
1. Основы банковского менеджмента. Под ред. О.И.Лаврушина, М 1995
2. Бор З., Пятенко В.В., Менеджмент банков: организация, стратегия, планирование., М. 1997.
3. Куницина Н.Н., Ушвицкий Л.И., Бизнес-планирование в коммерческом банке, М., 2002.
4. Брэддик У., Менеджмент в организации, М., 1997.
5.Банк ісі. Н.Н.Хамитов. А.2006 Стр.
6. Кох Р. Менеджмент и финансы. – СПб: Питер, 1999
Тақырып № 2 Банктегі персоналды басқару негіздері. Коммерциялық банктердің ұйымдастыру және басқару құрылымы
Дәрістің мақсаты:Банктегі ұйымдастырушылық құрылымның негізін көрсету
Негізгі сұрақтар:
1 Банктегі персоналды басқару
2.Коммерциялық банк ұғымы және оның ұйымдық құрылымы. Коммерциялық банк қызметінің негізгі ұстанымдары.
3. Коммерциялық банктің басқару аппаратының құрылымы.
1. Банк менеджментінің екінші сферасы – персоналды басқару банк қызметкерлерінің тәжірибесіне және білімді оңтайлы пайдалануға бағытталынады. Ол еңбекті мотивациялаудан, кадрларды орналастырудан, қызметкерлердің еңбегін ұйымдастырудан, кадрларды дайындау мен қайта дайындау жүйесінен, еңбекті төлеу механизмінен, ынталандыру мен көтермелеу қызметі бойынша көтерілу жүйесінен, бақылау ұйымынан, ұйымда араласу қағидаларынан тұрады. Персоналды басқарудың ғылыми негізі болып психология және іскерлік этика табылады, олардың көмегімен әр жұмыскерге деген тәсілдемені дифференциациялауға, жұмыс карьерасын жоспарлау мен материалды және моральды ынталандыруды ұйымдастыруға болады.
Шетел тәжірибесінде банкті басқару сапасына үлкен көңіл бөлінеді, себебі оған нақты банктің және жалпы банк жүйесінің сапасы тәуелді.
Көп көңіл бұрыс менеджменттің факторларын табуға бөлінеді, оған басшылық пен қызметкерлердің жеткіліксіз құзірет әсерінен болатын басқару процесіндегі техникалық қателер, банкте қалыптасқан қиын қаржылық жағдайларды әрекетті көлегейлеу, есептемені бұрмалау, тікелей алдау мен алаяқтық жатады. Уақытында табылған бұрыс менеджменттің факторларын мемлекеттік құзірет органдары анықтап, осындай банктерге әсер ете алады, тіпті басшылықты жұмыс орнынан босатуға, банкті таратуға дейін барады.
Басқарудың оңтайлы қағидасы банктің дамуын қамтамасыз етуін білдіреді. Мысалы, жаңа қызмет көрсетулерді енгізу, нарықты зерттеу, шығындарды қысқарту және т.б.
Банкті ұйымдастыру жүйесі бақылауды ұйымдастыру қағидасына сәйкес келу керек. Мұнда міндетті элементі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банктің нормаларына сәйкес операцияның заңды орындалуын бақылауды қамтамасыз ететін ішкі және сыртқы аудит болып табылады.
2. Коммерциялық банктер – нарық экономикасында қаржылық операциялар мен қызмет көрсететін мекемелер тобын білдіреді.
Коммерциялық банк қызметінің принциптеріне мыналар жатады:
1. Нақты қолда бар ресурстар шегінде жұмыс істеу.
2. Банктердің өз қызмет нәтижесі үшін экономикалық тұрғыдан жауап беруін ұйғаратын толық экономикалық дербестік.
3. Банктердің клиентпен арадағы өзара байланысы нарықтық қатынастың негізінде құрылады.Коммерциялық банктің жұмысы тек жанама экономикалық әдістермен реттеледі.
Банк жүйесін ұйымдастыру белгілеріне қарай филииалсыз банктерге, бөлімшелері бар банктерге және банктік топтарға бөлуге болады. Бөлімшелер мен филиал топтарының кең таралуы банкке: бас банктің толық бақылауында болуға, операциялар шеңберінің кеңеюі және депозиттер тарту үшін көптеген аумақты жаулап алуға және осындай факторлар есебінен пайданы ұлғайтуға мүмкіндік береді.
Теріс жағы мұнда бас кеңсе тарапынан бақылаудың қиындығы және монополиялық процестердің күшеюін айтуға болады.
Банкті ұйымдастырудың және өзге де формасын таңдау көптеген факторлармен анықталады: банктің стратегиялық міндеттерімен, оның бөлшек сауда нарығына қатынасымен, сол мекемеде қабылданған басқарудың жалпы философиясымен. Банктің ұйымдастырылу құрылымы басты екі әдіспен анықталады – банктің басқарылу құрылымы және оның функционалдық бөлімшелері мен қызметтерінің құрылымы.
Банктің ұйымдастырылуына, ондағы жетекші мен бағыныштылардың қарым-қатынасына оның барлық қызметі тәуелді.
Банкті басқарудың құрылымын анықтау, басқару органдарын бөліп қарауды, олардың банк операцияларын жүзеге асырудағы құзіретін, жауапкершілігін және өзара байланысын бекітуді алдын ала қарастырады. Банкті басқарудың жалпы тәсілдері мен құрылымы банктік заңдар арқылы белгіленеді, бірақ, басқару құрылымына қатысты көптеген сұрақтарды коммерциялық банктің дербес шешуге құқығы бар.
Коммерциялық банктің басқару құрылымына оның жарғылық қорының қалай құрылуы немесе оның торабының даму дәрежесі тікелей ықпал етеді.
Банктің басқару аппаратының құрылымы, оның негізгі бөлімшелерінің міндеттері.
Банк операцияларын жоспарлауды және дамытуды басқарумына бөлімдерді қамтиды:
· Банктің коммерциялық қызметін ұйымдастыру және банктің өтімділігін басқару;
· Клиенттің несиені өтеу қабілетін зерделеу және экономикалық талдау;
· Банктің коммерциялық қызметінің негіздерін және жоспарын әзірлеу;
· Маркетинг және клиентурамен байланыс.
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар
1 Банктің басқару аппаратының құрылымы, оның негізгі бөлімшелерінің міндеттерін ата.
2. Делдалдық және өзге операцияларды басқаруқандай бөлімдерді қақтиды:
3. Қазақстан Республикасында банктер жұмысының заңды негізі.
4. Банк басқармасының негізгі функциялары қандай?
Ұсынылған негізгі әдебиеттер
1. Основы банковского менеджмента. Под ред. О.И.Лаврушина, М 1995
2. Бор З., Пятенко В.В., Менеджмент банков: организация, стратегия, планирование., М. 1997.
3. Куницина Н.Н., Ушвицкий Л.И., Бизнес-планирование в коммерческом банке, М., 2002.
4. Брэддик У., Менеджмент в организации, М., 1997.
5. Банк ісі. Н.Н.Хамитов. А.2006 Стр.
6. Кох Р. Менеджмент и финансы. – СПб: Питер, 1999
7.
Тақырып № 3 Коммерциялық банктің меншікті капиталын басқару, ресурстарды жоспарлау және реттеу
Дәрістің мақсаты:Банктік меншікті капиталды басқарудың қажеттілігі ме оны қалыптастыруды басқару негіздерін анықтау
Негізгі сұрақтар:
1. Коммерциялық бантің меншікті капиталын көзі.
2. Коммерциялық банктердің өзіндік қаражаты.
3. Коммерциялық банктердің тартылған қаражаты және оның ресурс базасын қалыптастырудағы рөлі.
1. Комерциялық банктің қаржылық ресурстарын ең маңызды бөлігі ол банктің меншікті капиталы. Меншікті капитал акционерлік, жеке меншікті немесе шектелген жауапкершілікті серіктестік есебінен құрылады. Жарғылық қор банктің алғашқы капиталын құрудың бірінші сатысындағы міндетемесі болып табылады. Ресурстарға сұранымның жабылуына меншікті капиталдың қатысуының мұндай қатынасы, біріншіден, елдің салымы мен депозит түріндегі ірі қаржылық қорды тарта білуіне байланысты болса, екіншіден, ғимарат, құрал жабдықтар мен , материялдық құндылықтар тәрізді кәсіпорын активтеріне қарағанда, әр түрлі талаптар түріндегі банк активтерінің көп жағдайда өтемпаздығы және тез өткізілетіндігіне байланысты. Сондықтан банктер мен басқа да несиелік мекемелер өнеркәсіп кәсіпорындарымен салыстырғанда меншікті капиталы мен активтерінің арасындағы шағын қатынастарды қолдайды.соған қарамастан банктің меншікті капиталы банк жұмысының тұрақтылығы мен оның тиімділігін қолдаумен ерекшеленеді.
Банктің белсенді операцияларын қаржыландыруда меншікті капиталдың үлесі онша улкен болмауына қарамастан, ол белсенді операциялардың өсуіне жағдай тудырады.
Меншікті капиталдың тағы бір негізгі қызметі ол – қорғаушылық.бұл салым салушылар мен несие берушілердің құқықтарын қорғауды қамтамассыз ете отырып, ағымдағы зияндарды өтеу жолымен жүзеге асырылады.
2. Банк ресурстарын қалыптастырудың негізгі көздеріне банк клиенттердің салым ақшалары жатады. Алайда, бөтен капиталды тарту үшін банктердің өзіндік капиталы болуы керек. Бұл қиын сәттерде несие берушінің сенімді болуы үшін қажет.
Банктің өзіндік қаражатына жарғылық және резервтік қорлары, сондай-ақ, банк пайдасы есебінен қалыптасқан өзге де қорлар, сақтандыру резервтері және жыл ішінде бөлінген пайда жатады.
Банктің жарғылық қоры (капитал) – банк ісін ұйымдастырудың бастапқы нүктесі. Оның формасына қарай жарғылық қоры толықтай қатысушылардың – заңды және жеке тұлғалардың салым ақшаларынын есебінен қалыптасады әрі олардың міндеттемесін қамтамасыз етеді. Ол банк несиенің есебінен емес, тек ақшалай қаражатпен ғана, әрі-беріден соң банк қатысушыларының өзіндік қаражатымен құрылады. Тартылған ақшалай қаражат жарғылық қордың жарнасы үшін пайдаланылмайды.
Банктің жарғылық капиталына акционерлер (қатысушылар) салым ақшаны салумен қатар жыл сайын дивидендтертүрінде банк пайдасының бір бөлігін алып отырады.
Аударылатын дивиденттердің мөлшері, аударылатын кезегі мен тәртібі акциялардың түрлерімен және щығарылатын шарттарымен байланысты (пайданың мөлшеріне қарай табыстың деңгейін түзететін артықшылықты акция немесе жай акция).
Банкке түскен пайда жеткізіксіз болған жағдайда артықшылықты акция бойынша дивиденттерді есептеу резервтік қордың есебінен жүргізіледі.
Коммерциялық банктің резервтік қоры активтік операциялардан болған залалдың орнын толтыруға арналған, банк облигациясыбойынша төлем көзі ретінде әрі алынған пайда жеткіліксіз болған жағдайда артықшылықты акция бойынша дивидендтердің төлем көзі ретінде қызмет етеді. Резервтік қор түскен пайдадан жыл сайын аударылатын аударымдардың есебінен қалыптасады. Оның шекті мөлшері банктің жарғысында жарғылық қор шамасының 25-100% деңгейінде анықталған. Шекті мөлшерге жеткеннен кейін қалыптасқан резервтік қор жарғылық қорға капиталдандырылады және оны есептеу қайтадан басталады.
Коммерциялық банктерде резервтік қормен қатар пайдадан аударудың есебінен арнайы қорлар құрылады. Олардың қалыптасуы мен жұмсалуы банктің коммерциялық есеп айырысу туралы ережесімен реттеледі.
Банктегі өзіндік қаражаттың айрықша құрамдас бөлігіне банктің нақты операцияларды орындау арқылы қалыптастыратын сақтандыру резерві жатады. Ол – банк сатып алған құнды қағаздардың нарықтық құнының нақты кемуіне және берілген ссуданың қайтарылмауына байланысты орын алатын жағымсыз салдарды жою үшін тағайындалады.
Банктегі өзіндік қаражаттың маңызды функциясы – банктің өз салымшылары алдындағы міндеттемесін қамтамасыз ету. Банктегі өзіндік қаражаттың мөлшері оның негізгі қызметін ауқымдап береді. Өзіндік қаражаттың мөлшерін коммерциялық банктер көптеген факторларға қарай дербес анықтайды. Оның ішінде, ол:
1. банктегі активтік операциялардың шекті мөлшерін анықтайды;
2. өз клиенттерінің өзіндік ерекшеліктеріне тәуелді;
3. өзінің активтік операцияларының сипатына тәуелді;
4. Ұлттық банктің жүргізіп отырған несие саясатына және несиелік ресурстар нарығының даму деңгейіне тәуелді.
Банктегі өзіндік қаражаттың мөлшерін жинақтау түрінде арттырудың екі әдісі пайдалануы мүмкін: а) банктегі өзіндік қаражаттың мөлшерін, б) пайданы немесе шығарылған акциялардың санын арттыру.
Пайданы жинақтау банктің резервтік және өзге де қорларын жылдам құру әрі оларды кейін капиталдандыру формасында жүзеге асырылады. Жылдың соңында пайданың бір бөлігін жарғылық қорға тікелей қосу арқылы да жүзеге асырылуы мүмкін. Бұл әдіс ең арзан әдіс болғандықтан акцияларды шығаруда қосымша шығынды талап етпейді. Алайда, пайданы жинақтау өз кезегінде банктің нарықтағы позициясын әлсіретуге әкеп соқтырып мынадай жағдайға жол беруі мүмкін: пайданы жинақтау ағымдағы жылдың ішінде акционерлерге төленетін дивидендтерді кемітеді.
Коммерциялық банктер қалыптасқан нарықта өз орнын тұрақты, сенімді, берік ету үшін әрекет етеді. Алайда, оларды көбінесе пайданы ұзақ мерзімді келешекте өсіруден гөрі ағымдағы дивидендтер проблемасы қинайды. Сол себепті де олар өзіндік қаражаттың мөлшерін жаңа акцияларды шығарудың есебінен немесе жаңа пайшыларды тартудың есебінен арттыруды жөн көреді.
1. Өзіндік банк капиталының маңызды функциялары.
2. Өзіндік банк капитал жеткіліктілігі қандай факторларға қатысты?
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар
1 Банк ресурстарын қалыптастырудың негізгі көздерін атаңыз.
2. Банктің жарғылық капиталына акционерлер (қатысушылар) салымының қажетілігі
3. Қазақстан Республикасында банктер жұмысының заңды негізі.
4. Салым қаражатын тарту үшін коммерциялық банктер қандай әдістерді қолданады?
5 Банктегі меншікті қаражаттың маңызды функциясы қандай?
Ұсынылған негізгі әдебиеттер
8. Основы банковского менеджмента. Под ред. О.И.Лаврушина, М 1995
9. Бор З., Пятенко В.В., Менеджмент банков: организация, стратегия, планирование., М. 1997.
10. Куницина Н.Н., Ушвицкий Л.И., Бизнес-планирование в коммерческом банке, М., 2002.
11. Брэддик У., Менеджмент в организации, М., 1997.
12. Банк ісі. Н.Н.Хамитов. А.2006 Стр.
13. Кох Р. Менеджмент и финансы. – СПб: Питер, 1999
Тақырып № 4 Коммерциялық банктердің қарыздық салымдық қаражаттарын басқару
Дәрістің мақсаты:Коммерциялық банктің салымдық операцияларын басқару.
Негізгі сұрақтар:
1. Коммерциялық банктердің депозиттік операциялар түсінігі.
2. Депозит портфель түсінігі мен оны басқару тетіктері.
3. Тартылған инвестиция мен банкаралық несиелер түсінігі
1. Коммерциялық кәсіпорынның бір түрі ретінде банк мекемелерінің өзіндік ерекшелігі мынада: оның көптеген ресурстары өзіндік қаражаттың есебінен емес, қарыз қаражатының есебінен қалыптасады. Банк қаражатының құрамы әр түрлі. Оның негізгі түріне банктің өз клиентурасымен жұмыс істеу процесінде тартқан қаражат және өзге несие мекемелерінен қарызға алған қаражат жатады.
Тартылған қаражат ссудалық капиталды құра алады, содан кейін, ол пайдалы жолмен кез келген шаруашылық саласына орналастырылады. Салым бойынша проценттегі және қарыз алушыдан алынған капитал проценттегі айырмашылық банктің еркін ақшалай қаражатты тарту бойынша жүргізген жұмысының сыйақысы болып табылады.
Пассив операциялары – олар өз қарауына әр түрлі салымдарды тартып, басқа банктерден несие алып, өзінің бағалы қағаздарын шығарып және сол сияқты басқа да қаражат тарту операцияларын жүргізіп, банк қорын құру және оны ұлғайту операциялары. Олар банк балансының пассивінде көрсетіледі. Пасcив операциялары тарихи дәстүр бойынша актив операцияларына қарағанда алдымен жүргізіледі, себебі актив операцияларын жүргізу үшін белгілі бір қор мөлшері қажет.
Жеке тұлғаларға банктегі салымдарын алу үшін жинақ сертификатын береді. Кітапша белгілі бір мерзімге және талаппен алуға да беріледі. Банктің ресурсында халықтың жинақ салымдары маңызды рөл атқарады. Жинаққа толық сомма немесе бөлек-бөлек сомма салынады, кейін жинақтың толық соммасы, ия біртіндеп бөлек-бөлек соммасы алынуы мүмкін. Салушыға жинақты куәландыратын жинақ кітапшасы беріледі. Бұл салым түрі өнеркәсібі дамыған елдерде кең тараған. Әдетте жинақ шотынан қолма-қол ақшасыз төлемдер жүргізіледі. Клиенттердің тапсырысы бойынша банк оның жинақ шотынан электроэнергияны, телефонды және газды пайдаланғаны, газетке жазылғаны үшін, оқушылардың мектептегі тамақтануына және т.б. қызметтерге төлем аударады. Сондай-ақ бұл салымдар белгілі бір мақсатты уақытта алу үшін, мысалы, демалысқа, туған күнге, жаңа жылдық мерекеге арнап салынады.
Дата добавления: 2014-12-02; просмотров: 2521;