Кілемдердің түрлері мен шығу тарихы, және дайындалуы

 

Иран өте еретеректен бастап қол кілемдері өндірісінің ауданы болып саналады.

Ирандық кілемдер заманға сай өндірістің үлкен бөлігін қамтиды. Бұл кілемдердің ою - өрнектерін барлық елдердің машиналық кілемдері көшіреді. Ирандық кілемдердің шамамен 30 басты суреттері бар, олар әртүрлі нұсқаларда сипаттық мотивтерді өндіреді. Орнамент сипаты және өндіріс орны бойынша ирнандық кілемдер жеті топқа бөлінеді, олардың әрқайсысы бірнеше атауларға ие. Кілемтоқушы негізгі аудандар болып Тебриз, Кашан, Арах, Кирман, Мешхед, Йезд, Ардебиль, Шираз және т.б. есептеледі. Төменде қол жұмысының кілемдерінің ең көп таралған сипаттық ирандық орнаменттері суреттеледі.

Тавриз кілемі (Тебриз) – ең жақсы ирандық кілемдердің бірі болып табылады. Онда әртүрлі жануарлароды аулау бейнеленген, фоны арабескалармен қапталған: орнамент үлкен түйіспелі жапырақтардан және гүлдерден тұрады, кілемнің барлық өсік жүнді бөліктерін қамтиды.

Тавриз кілемінің ортаңғы немесе орталық бөлігінде ашық көк (индиго түсті), қызылмен қаныққан, кремді (піл сүйегінің түсі) және алтынды – сарымен (күннің шығып келе жатқанына ұқсас мысты жолақты) қапталған фонда үлкен медальон орналасқан. Ең көп кездесетін орнамент түстері – кремді, қара, қызыл түстер болып табылады. Кең бордюр үлкен жапырақтардан, тік бұрышты фигуралардан, бірнеше тар каймалардан және кіші мозайкалы орнаменттерден тұрады.

Кілемдер өлшемдері: 380 х 260, 410 х 300, 600 х 210 см және т.б.

Азербайджандық кілемдер тобына Иранда өндірілетін гериз, гореван, карадаг кілемдері жатады.

Гериз және гореван кілемдері үлкенөлшемдерге 425 х 135 см және одан жоғары шамаларға ие. Олар тікбұрышты және геометриялық орнаментпен, кең және әдемі бордюрымен ерекшеленеді. Гериз заманға сай кілемдерінде лилалы – күлгін, розалы – сары, ашық – сары және әртүрлі қаныққан көк түстер басым келеді.

Карадаг кілемдерінде типтері бойынша кавказдық карабах кілемдеріне жақын. Оның ортасында қызыл, көк немеес жасыл фонда – ұзыннан созылған медалоьн орналасады, оның суреті бұрыштық мотивтерді қайталайды. Бордюрыф өте тар және аз байқалады. Орнаменттері геометриялық фигуралардан, гүлді мотивтерден – гераттық суреттер типі бойынша геометриялық фигуралардан тұрады. Ең басым келетін тоны – қызыл, көк, қою көк, кремді түстер болып келеді.

Курдистандық және ирактық кілемдер тобына Иранда жасалатын кілемдердің Шығыс халықтарының декоративтік өнерінің қолданбалы ең жақсы үлгілері жатады, атап айтатын болсақ олар: сенинэ, мир, сарабенд, хамадан, фараган, кашан, джовшаган, исфахан, биджар және т.б. болып табылады.

Сеннэ кілемі матты жылы тондардың түрлі түстілері болып келеді. Жұқа кішірек орнамент гүлдердің стилды салынған тығыз орналасқан өрнектерінен тұрады. Ескі нұсқаларының орнаменттері сеннэ кілемінде көбінесе жапырақты, жергілік халықпен боте мири деп аталтын өрнектерге ие. Фоны кіші көптеген, өз алдына жеке орналасқан фотивтерден тұрады, ол бута жапырағын еске түсіреді. Фон түстері әдетте қою – көк, қызыл немесе кремді, бордюры қызыл, жапырақтары ашық сары түсті болып келеді. Сеннэ кілемдерінде бір түсті ортаңғы бөлік ешқашан болмайды: түстері ешқандай фон басым келмейтіндей етіп жасалады.

Талшықтары өсігі төмен, қалың, бархатты; биіктігі 2-3 мм аспайды; жартылай торлы өрнетердің саны 1 дм2 мөлшерде 10000 құрайды.

Сеннэ кілемінің суретімен жұқа, жеңілдетілген салмақтағы (1 м2 мөлшерінің салмағы 1000 г дейін) өсік талшықсыз кілем – паластар дайындайды.

Кашан кілемі ирандық кілемдердің жақсы үлгілеріне жатқызылады. Оның ортаңғы бөлігінде ірі медальон орналасады, ол кіші өлшемдегі медальондарды қоршап тұрады. Пальма суреті немесе бұтағы бейнеленген орнаменттер басым келеді, кіші гүлдер, айналып тұратын өсімдіктер, кейде гүл салынған вазалар және басқа мотивтер кездеседі. Ортаңғы бөлік әруақытта өсімдіктік орнаменттермен толтырылады.

Түстері – кремді, розалы, бирюзалы, иқызыл, көк, ашық көк және жұмсақ түсті болып келеді. Маталардың жоғары тығыздығы және жүндерінің төмен өсікті болуының арқасында кілемпдер өте берік келеді. Кашан кілемі көп жағдайда жібектен жасалады, бірақ сонымен қатар арнайы жылтыр жұқа жүндерден де тоқылады. Олардың біраз бөлігін жұпты етіп шығарады, яғни екі кілемнен тұрады, олардың әрқайсысының ауданы 2 м2 құрайды.

Мир кілемі ескі ирнадық кілемдерге жатады және коллекционерлердің қымбат бағамына ие, мұражайлар мен көркемдік қорларда кездеседі. Кілем фоны пальмалы бұтақтық орнаменттерге толы, олар өте ұсақ етіп орындалған және өрнектермен көрінбейді десе де болады.

Сарабенд кілемін негізінен Хамадан елді мекендерінде шығарады, мұнда мир кілемінің мотивтері қайталанады – бір немесе бірнеше орнаменттері қайталанып келеді, олар пальмалық бұтақтардан тұрады, бұл өрнектер қызы немесе көк фонда орналасады. Бордюр – үш каймдан және бір кең күзетуші каймадан тұрады. Жүнінің өсігі төмен, бархатты. Кілем өлшемі 360 х 225 см болып келеді.

Хамадан кілемі жасанеды орнаменттерімен ерекшеленбейді, бірақ жүнінің ірілігінен және өсік жүнділігінен иранның ең берік кілемдерінің бірі болып саналады. Ескі нұсқаларының орталық бөлігі хамаданда қоңыр түске ие, және түйе жүніні тоқылады.

Заманға сай кілемдердебасты кайманың бордюры ашық – қоңыр түсті, ал қосымша каймалар қызыл және көк түсте болып келеді. Орнамент бір немесе бірнеше медальондардан тұрады, сонымен бірге онда өсімдік суреттері, гүлдер немесе геометриялық фигуралар, стильды жануарлар суреттері де кездеседі. Кілемдер өлшемі 400 х 200 см құрайды, жолдық кілемшелер ұзындығы 600 см дейін жетеді.

Биджар кілемі гүлдік орнаментпен сипатталады. Бұрыштық мотивті медальон немесе бұрышсыз медальондар көбінесе бір түсті ортаңғы бөлікте орналасады, ортаңғы бөлік кіші гүлдермен орнаменттеледі. Кіоем фоны кремді, сонымен қатар қызыл және сары болып келеді. Түсті фондар гаммасы – қызыл, кейде табиғи түйе жүні түсіне ие болады.

Фараган кілемі кіші мотивтің қайталанбалылығымен ерекшеленеді. Бірнеше матты калорит монотондылық сипатты береді. Бордюр және фон суреттері ілгек тәрізді фигуралардан, жапырақ суреттері және бұтақшалар суреттірінен тұрады. Фараган кілемі үшін герат суреті тән. Тік бұрышты орнаментте әдетте екі – үш ілгек тәрізді сызықтарға ие ромба фигуралары орналасады.

Бордюр көптеген кіші каймалардан тұрады, олар стильденген гүлдер, жапырақтар және фиграларға толтырылады.

Негізгі түстік фондар – көк, мысты – қызыл, кремді және ашық – жасыл болып келеді.

Исфахан кілемі – Иранның ең ескі орнаментальды кілемдерінің бірі болып табылады. Өрнектері стильденген гүлдерден тұрады. Басты мотивтері гүлдерге ие үлкен емес вазонды болып келетін вазонды кілемдер де кездеседі; гүлдер арасындағы кеңістік бұл кілемдерде өсімдіктердің және гүлдердің стильденген суреттеріне толы. Бұтақтар, арабескалар, палтьметталар, жемісті ағаштардың гүлді бұтақтары және далалық гүлдер жеңіл және көзге тартымды өрнектер арасында орналасады.

Түстер гаммасы – кремді түстен (піл сүйегі) ашық қышты - қызыл бордюрларға, көк – қара немесе қызыл – қышты медальондарға толы, қолданылатын тсүтердің саны 20 ға жуық. Орнаментация түсі – қою көк, орташа көк, ашық көк, қою – жасыл, шөпті жасыл, алтынды – сары және т.б. болып келеді. Исфахан кілемдерінің өлшемдері әртүрлі және әрбір елдің тұтынушыларының талаптарымен анықталады.

Хорасан кілемі калориті және суреті боййынша өзінің тамаша еркшелігіне ие. Бордюры әдетте 10-16 каймадан тұрады, олардың әрқайсысы бұтақтардан, жапырақтардан және гүлдерден жасалған орнаментацияны түзеді. Медальондар көк, қызыл, қоңыр фонда орындалады немесе аналогты тондағы гүлдер және бұтақтар өрнектерімен қоршалады.

Кирмандық немесе фарсистандық кілемдер тобына шираз, кашкий, афшар, кирман кілемдері кіреді.

Шираз кілемі жылтыр, жоғары сапалы жұқа жүннен тоқылады. Пестралы түрлі түсті бахрома шерсты негіздегі жіптермен түзіледі. Олардың үздік мнұсқалары Фарсистан аудандарында жасалады, және кашкайлық кілемдер деп аталады. Кілемдердің өлшемдері әртүрлі: - 165 х 100, 300 х 210 см және т.б.

Кирман кілемі - әдемі және тамаша бұйым болып табылады. Бірқалыпты суреті және пастельді калориті арқасында ол көбінесе қоғамдық бөлмелерді безендіру үшін пайдаланылады. Орталық немесе ортаңғы бөлігінде кілем бұрыштық медальондармен толтырылған, және мотивтері тамаша стильді болып келеді, ал түстілік фоны – ағаштар, вазалар және арабескалардан құралған. Ұсақ гүлді өрнектер бордюрда қайталанады.

Кирманның негізгі түсі – кремді, піл сүйегі және нәзік түстерге ие. Суретінің ерекшелеуші қасиеті – сол бір мотив екі тонда орындалады, мысалы гүл розалы қаныққан және розалы ашық немесе көк және ашық көк түстерге ие. Орнаментациясында келесі түстер пайдаланылады: кремді, ашық – сары, розалды, ашық розалы, қайыңды, изумсрудты, қызыл, ашық розалы немесе көк және ашық көк түстер.

Кирман кілемі біртекті, жоғары сапалы жылтыр жүннен тоқылады, олар сыртқы түрі бойынша жібектен жасалған кілемдерге ұқсас келеді. Матадағы суреттер беттік жағынан ерекшеленбейді.

 

Үндістан кілемдері

Үндістандық кілемдерді қол тәсілімен Мирзапур, Кайпур, Срингар (Кашмир), Амритсар, Агра, Бенарс, Бангалур, Бомбей, Калькутта, Нью – Дели аудандарында өндіреді.

Үндістандық өсік жүнді кілемдердің декоративті – көркемдік бейнеленуі гүлдік орнаменттерден тұрады: мұнда кремді түс фоны басым келеді. Өрнектер және мотивтер әдетте стильденген пальметталардан, жапырақтардан және гүлдерден тұрады, барстар, құстар және т.б. бейнелеулер де кездеседі. Калориті бойынша мұндай кілемдер ирандық, ал кейбір орнамент бөлшектері бойынша – қытайлық кілемдерді еске түсіреді.

Таза жүннен жасалған кілемдермен қатар қиылған жүнді коксты талшықтан алынғанр кілемдер шығарылады, олардың өндірілетін аудандары Керала штаты және оның айналасындағы – Алипан, Шартолай, Кшібарстық жағалау, Мадрасе, Травенор – Кохин, Бомбей болып табылады.

Коксты дәннің қабықтарынан алынатын алтынды талшық кілемдер, жолдық кілемшелер, маттар және басқа бұйымдар жасау үшін пайдаланылады. Бұл талшықтар окйр деп аталады, ол эластикалы, берік, ылғалға төзімді болып келеді, және көгеруге бейім емес, дыбыс және су өткізбейді. Коксты талшықтан жасалған иірім жіпті қорл тәсілмен және сонымен қатар иіру машиналырында иіреді.

Коксты иірім жіп сатуға бірнеше саудалық маркілерде – вайкам, алапат және биг түрлерінде шығарылады.

Вайкам маркілі иірім жіпті жұмсақ болғандықтан циновкалар өндірісі үшін, ал алапат маркісін – жол кілемшелерін жасау үшін, манзурак деп аталатын бұйымдар алу үшін, ал виг маркісін – үлкен емес кілемдерді тоқу үшін пайдаланады. Коксты талшықтардан жасалған кіші кілемшелердің өлшемдері стандартта шамаларға ие, олардың ішіндегі ең кішілері 61 х 36 см, одан арғы үлкендері 7,5 см ұзындығы бойынша және 5 см ені бойынша өседі, олар келесі шамаларға ие: 68,5 х 41; 76 х 46; 83,5 х 51; 91 х 56; 98,5 х 61 см.

Циновкалар және жолдық кілемшелер сатуға ұзындығы 46 м және ені 91,4 см рулондар түрінде келіп түседі. Олардың суреттері әртүрлі: жолақшалы, торлы, тегіс, әртүрлі контрастылы безендіруге ие. Орнаментальды суреттер құру үшін коксты талшықтардан жасалатын кейбір бұйымдарда жаккарда кареткасына ие тоқыма қондырғысын пайдаланады.

Пастельді түсті кілемшелер және кілемдер әртүрлі өлшемдерде шығарылады: 137 х 68; 182 х 91; 228 х 137; 274 х 182 см.

Сыртқы саудадағы сатып алушылардың талаптарына байланысты квадратты және ұзартылған пішіндегі кіші кілемшелер де шығарылады, траферат бойынша немесе баспалық әдіспен бойынша басылған суреттерге ие. Орташа салмағы 1 м2 бұйымда негізі және мойыншасы бойынша коксты талшықтардане жасалғандары шамамен 1000 г құрайды.

Үндістандық қол тәсіл кілемдерінің мирзапур типтері сыртқы смаудаларға тарату үшін арналаған, ол келесі техникалық көрсеткіштерге ие, мәліметтер стандартқа сәйкес алынған:

Салмағы 1 м2, г

Мақтақағазды бұралған негіздік жіптер .............................204-238

Мақтақағазды мойыншадағы бұралған жіптпер, джутты жіптердің де қолданылуы мүмкін 1224-1360

Боялған таза жүндік өсік жүнді жіптер ..............................1088-1360

Дайын өнімдер........................................................................2652-2822

Жүнінің өсіктігі 12,7 мм, түйндер саны 1 дм2.....................1440-2240

 

Қол жұмысының, өсік жүнді, шерсты, жүндерінің өсіктігі 8-9 мм, тығыздығы 1 дм2 мөлшерде 768 түйін кілемдер жасалады, сонымен қатар тумбурлы тігісті шерсты кошмалар жасалады.

 

Туркия кілемдері

Өсік жүнді туркиялық кілемдер келесі саудалық маркілермен белгілі: анатоль, мелас, анкара, смирна, бергамо, брусса, ладик, ушак, кула, гиордес, және т.б. туркияда жыл сайын шамамен 100 мың м2 кілемдер және кілемдік бұйымдар жасалады. Кілем жасаушы негізгі аудандар болып Анатолия, сонымен қатар қалалар және селолар Ушак, иБергамо, Бешир, Мелас және Ладик есептеледі. Туркиялық кілемдердің гүлдік орнаменттері стильденген тьюлпан, гиацинттер, гвоздикалар өрнектерінен, сонымен қатар геометриялық мотивтерден тұрады, олар ирандық кілемдер сияқты толқынды сызықтармен өрнектелмеген.

Сонымен бірге тар және ұзын жолдық кілемдер жасалады, олардың калориттерінде қаныққан қызыл және көк түстер басым келеді, орталық бөліктің тік бұрышты бөліктерінде қызыл және көк түстер кезектеседі.

Мелас кілемі де анатолийлық кілемдер тобына жатады. Кілем калориті – жасыл – сары, ортаңғы полясында екі үшбұрыш орналасқан, олар түстері бойынша әртүрлі және контрастылі. Көлденең бөліктерінде кайма кең, жетекші кең каманың суреті сегіз бұрышты жұлдыздармен, кавказдық кілемдер сияқты өрнектелген. Жалпы жазыл – сары тоннан басқа, қызыл және қаныққан көк түстер бордюрда кездеседі.

Смирна кілемі ірі түстермен орнаменттелген, кейде орталығында немесе ортаңғы бөлікте медальон орналасқан; 1 дм2 мөлшердегі түйіндер саны 800, ворс биіктігі 11-12 мм.

 

Кілемдер және кілемдік бұйымдарды сапалы қабылдау үшін қойылатын талаптар

Қол және машна арқылы тоқылған кілемдер және кілемдік бұйымдар кілем жасаушы кәсіпорындарында сауда ұйымдары, тұтынушылар және ведомстволар талаптары бойынша жасалады.

Сапасы бойынша кілемдер және кілемдік бұйымдар ТМД бар стандарттар, техникалық шарттар, заказ наряд талаптарына сай өндіріледі.

Кілемдердің сорттылығы және кілемдікбұйымдар сорттылығы (жапқыш, сктаерт, ламбрекен және т.б.) сыртқы түрі және физика – механикалық көрсеткіштері бойынша анықталады.

Кілемдік бұйымдардың барлық түрлері үшін 1-ші, 2-ші және 3 ші сорттар анықталған. Балдар қосындысы әрбір жеке ақаудың балдық бағамынан құралады. Балл неғұрлым төмен болатын болса, солғұрлым кілем сорты жоғары болады.

1 ші сорттағы жоғары сапалы кілемдер және кілемдік бұйымдар келесі негізгі принциптерге сай болуы қажет:

- анық, жарқын, жақсы калоритке ие және кілемнің ортаңғы бөлігі суреті көркемдік орнаментке ие, сонымен қатар бордюрлы сызықтары бар, орнамент жеке мотивтері арасында дұрыс порциялар сақталған, және сонымен бірге ортаңғы бөлік және бордюр арасында нақты шекара мен пропорция сақталған болуы қажет;

- жүнді иірім жіптердің боялғандығы, жарық және ауа райы әсеріне төзімділігі, үйкеліске, жууға, химиялық тазалауға берік болуы қажет. Егер жүнді иірім жіп мөлдір емес тон түсіне боялған болса, кілем калориті қанағаттандырлықсыз болса, гүлдер немесе өрнектер гармониясы бұзылған болса, мұндай кілемдер кәсіпорыннан қабылданбайды;

- кілем тығыздығы (10 см ұзындыққа келетін жіптер саны) бұйым типіне және мақсатты арналуына сай болуы қажет (еденді жабу, қабырғаларға тұту, баспалдақтарға төсеу, жиһаздарға арналған және т.б.);

- кілемдердің бетіндегі бірқалып өсікті жүндер болуы және тегіс бетке ие болуы қажет; кілемдер және паластарда ішкі және беттік жағы бірдей болуы және тегіс болуы қажет;

Кілемдер және кілемді бұйымдарды қабылдау кезінде екі жағынан арнайы сұрыптау үстелге қойып тексеру қажет. Сонымен бірге өлшемдерінің сәйкестігі, артикулы,сорты, маркіленуші ярлыкта көрсетілген мәндерге сапалы көрсеткіштерінің сай болуы және күзетуші құжаттамалар мен спецификациядағы мәндерге сәйкестігі тексеріледі.

Қабылдау кезінде көп жағдайда қол және машиналық тәсіл кілемдерінің айрықша белгілерін тексеру қажет болады.

Қолмен тоқылған кілемдер және кілемдік бұйымдар келесі ерекшеліктерге ие. Ворсты бетті иію кезінде байланған біржарымдық немесе екілік түйіндердің қатары анық көрінуі қажет; аралық – бүйірлі беттері түрлі түсті жүнді жіптермен оралған немеес тар қырмен көмкерілгеен болуы қажет; кілемнің көлденең бүйірліктері бахрома немесе жазық маталы жолаққа ие болуы қажет.

 








Дата добавления: 2017-11-04; просмотров: 2645;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.019 сек.