Дөрекі сабақты талшықтар, олардың даму тарихы, түрлері, алынуы, қасиеттері мен қолданылуы
Зығыр-бұрыннан келе жатқан орыстардың тоқыма талшығы, дөрекі сабақты тұқымға жатады. Бұл біржылдық мәдени өсімдік. Шаруашылық ботаникалық көрсеткіштері бойынша зығыр 3-ке бөлінеді: зығыр-долгунец, бұйра зығыр және межеумок-зығыры.
Ұзақ сүретін зығыр-долгунец сабағының диаметрі 0,8-1,5 мм жіңішке және 70-80 см биіктікке дейін өседі. Оны негізінен ұзын, иілгіш, жақсы жаншылып таралатын талшық алу үшін өсіреді. Ұзақ сүретін зығырдың негізгі бөлігі оның сабағы ; одан 20-30 % талшық және 10-20 % ұрық алады. Бұл зығырдың құрамында 35-42% май және 23 % ақуыз бар. Ұрықтан алынған майды техникалық мақсатта және тамақ өндірісінде қолданады.
Ресей бұл зығырды өсіруден 1- ші орын алады. (1200 мың га- дан астам ). Негізгі өсіру аудандары: Калининск, Ярословск, Костромск, Горьков, Ивановск , Псков, Новогород, Житомирск , Киров, Черниговск , Ровенск, Вологодск, Волинск, Прибалтика және Батыс Сібір.
Бұйра зығыр – қысқа сабақты, ұрық коробкаларының саны көп, талшықтар жүйесі жақсы дамыған зығырдың түрі. Өсімдіктің биіктігі 30-35 см. Бұйра зығыр көп мөлшерде ұрық береді, одан зығыр майын алады. Ол бағалы азық-түліктің түрі болып табылады.Сондықтан зығыр майын алиф, лак және клей өнеркәсібінде қолданады. Бұйра зығырдың сабағынан дөрекі, қысқа, бірақ жіңішке талшық алады, одан орташа сызықтық тығыздығы иірім жіп шығаруға қолданады. Оны Орта Азия елдерінде өсіреді.
Межеумок- зығыры сапасы бойынша алдыңғы екі зығырдың арасында. Оны майлы ұрық пен талшық алу үшін аз көлемде өсіреді.
Зығырды көптеген шет елдерде өсіреді: Францияда, Нидерландада, Бельгияда, Польшада, Болгарияда, Румыинияда, Венгрияда, Югославияда, Чехословакияда және т.б. Бірақ зығыр талшығы мен зығыр материалдарын өндіруде дүние жүзінде 1-ші орынды Ресей және ТМД елдері алады. ( Дүние жүзілік өндірістің 60-55 %-ын алады. )
Қазіргі кезде зығырдың негізгі сорттары: Светоч 1288-12, 806-3, Л-1120, ВНИИЛ-11, Томский-9(Т-9), Т-10, К-6, Оршанск-2, Вперед, Спартак, Псков-359 (П-359), Тверца және т.б.
Біздің елімізде зығыр өндіруге көп көңіл бөлінеді. Зығыр-долгунецті өндіру мен сатып алуды көтеру, оның сапасын жақсарту үшін келесі іс-шаралар қарастырылады:
- өндіріс талаптарына жауап беретін орташа пісетін, жоғары өнімді жатып қалу мен ауруларға төзімді сортты жоғары сапалы талшығы көп зығырды алу үшін зығыр-долгунец бойынша селекциялық жұмыстардың тиімділігін көтеру;
- зығыр шаруашылығына негізгі зоналарындағы жоғары дәрежелі иірілетін қасиетті талшыты зығыр егістіктерін жалпы ауданның 60%-дейін көтеру;
- зығыр өсірудің агротехникалық жағдайларын жақсарту, олардың сапасын көтеру зығыр сабанының нөмері 1,4, трестаның 1,3 зығыр зауытына өткізу;
- зығыр өсіретін шаруашылықтарды кәсіби жетілдіру;
- тұқым шаруашылығын жақсарту. Шығындарды азайту және зығыр сапасын сақтау мақсатында зығыр зауыттарына стланцевой тресталарды (жоғары ылғалды) қабылдау және СЛД-270кептіру машиналарын пайдалану.
Дата добавления: 2017-11-04; просмотров: 1121;