Ағымдану және ореол эффекттері
Ағымдану және ореол – барлық эффекттердің ішіндегі ең күштісі.
Интерактивті ағымдану құралы.Ағымдану(перетекание) эффектісімен аралық объектілерді алуға болады. Ағымдану эффектісінің қолдану аумағы шексіз. Көбінесе объектідегі тереңдікті, көлеңкелеу жағын көрсетуге, ашып айтсақ көлемді көрсету үшін қолданылады.
Белгіленген екі объектіден аралық объектілерді алу үшін бірінші объектіні Интерактивті ағымдану құралымен белгілеп екінші объектіге барып шертеміз, сонда керекті фигура пайда болады. Қасиеттік тақтадағы қасиеттерін(қадам саны және т.б.) өзгерту арқылы және өтпелі түс беру арқылы эффектіні күшейтуге болады. Егер ағымданған объектіні қисайту керек болса, онда қисаятын аралық объектіні Интерактивті ағымдану құралы режимінде екі рет шертіп, оны қисайтамыз.
Интерактивті ореол құралы.Бұл да объектінің түс тереңдігін көрсетуге арналған құрал.
Интерактивті ореол құралы режимінде кез-келген объектіні таңдап, қасиеттік тақтада ореол бағытын ішке, сыртқа, центрге өзгертіп, интерактивті маркерлерді созу не қысу арқылы, қадамды азайту не көбейту арқылы керекті форманы аламыз. Сонан соң түс ауысуын пайдаланамыз.
Дата добавления: 2019-02-07; просмотров: 792;