Перспектива және экструзия
Перспектива.Перспектива бұл оптикалық құбылыс, бақылаушыға қарағандағы екі нүктенің бір-бірінен алысырақ орналасуы. Берменірек орналасқан зат арманырақ орналасқан дәл сондай затқа қарағанда үлкенірек болып көрінеді. Бұл эффект арқылы екі өлшемді көріністен үш өлшемді көріністің иллюзиясын, түстер тереңдік сезімін және көлемділікті көрсетуге болады. Берілген объектіге перспектива жасау үшін Эффект→Перспектива қосу командасын орындау керек. Сонда объект 8 вертикаль және 8 горизанталь тор түзулеріне бөлінеді де, тышқан Форма құралының режиміне көшеді.
Маркерлерді жылжыту арқылы түзулердің түйісу нүктесін(точка схода) табу керек. Егер түйісу нүктесі көрінбесе, онда Ғ3 пернесінің көмегімен қарау керек. Болмаса болмағаны. Перспектива эффектісін күшейту үшін Интерактивті құйма құралының көиегі қолданылады.
Перспектива эффектісі мына объекттерге қолданылмайды:
· Растрлық объекттер;
· Көлеңке эффекттері;
· Интернеттен импортталған объекттер;
· Қарапайым мәтін объекттері;
Экструзия.Экструзия эффектісі (ағылшыннан аударғанда “extrude” – шығыңқы, үрлеу) жазық объктіні рельефті және шығыңқы ету үшін үшінші өлшемін қосады. Және де айналдыруға болады. Үшінші өлшемді қосу үшін Интерактивті Экструзия құралы қолданылады.
Берілген объектіні белгілеп, Интерактивті Экструзия құралын таңдап, тышқанды объектінің үстіне басып керекті форманы алғанша жібермеймейді. Қасиеттік тақтадан форманы келтіреміз. Қасиеттік тақтадағы қасиеттерді келтіру арқылы әртүрлі көріністер алуға болады.
Қасиеттік тақтадағы Экструзияны айналдыру батырмасы арқылы немесе объектінің орталық маркерін шерту арқылы пайда болған маркерлермен объектіні айналдыруға болады.
Жарықтандыру экструзияға шынайырақ эффект береді. Мұндағы 3 бір-бірінен дербес шам арқылы және 0 мен 100 % аралығында жарықтандыруды өзгертумен реализм қосуға болады.
Көлемділік иллюзиясын қосу үшін Экструзия түсін қолданады. 3 түрлі құймаларды пайдаланады. Құйманың жайылуы жалаушасын қойсақ мынадай өзгерістерге ұшырайды.
Дата добавления: 2019-02-07; просмотров: 867;