Corel Draw графиктік редакторында мәтінмен жұмыс
Corel Draw 12-де мәтінді өңдеу және әр мақсатта қолдануға болады. Мәтін – жарнамалық плакат, логотип, буклеттердің бөлінбес бөлігі және дизайнерлік жұмыстарда қажет. Мәтіндік құралдар баннерлер мен логотип жасауда қарапайым әрі ыңғайлы бола отырып, құжат жасауда мәтіндік құралдардың қуатты дамығандығын көруге болады.
Corel Draw 12-де мәтіндік объектінің екі түрін – қарапайым және фигуралық мәтінді қолдайды.
Фигуралық мәтін.Фигуралық мәтінарнайы эффекттер мен айналулар қолданылатын қысқа мәтіндік фрагменттерді жасауға пайдаланылады. Фигуралық мәтіннің формасын, эффекттерін, бұрмалану дәрежелесі оңай өзгертіледі және ол бөлек сөздер, тақырып сияқты мәтін қатарлары, логотиптер және шығарылған сөздер(выноски) үшінқолданылады.Егер Таңдау құралы арқылы фигуралық мәтінніңөлшемі өзгертілсе, онда мәтіндік белгілер (әріптер) де өзгереді. Фигуралық мәтін басқа объекттерді ағымдала (обтекание) алады. Фигуралық мәтінді жасау үшін құралдар жиынынан Мәтін құралын – Абатырмасын басып таңдап,құжат бетінің қай жері керек – сол жерге курсорды басыңыз, сонда Ібелгісі жыпылықтап тұрады. Сол жерге керек мәтінді енгіземіз. Мәтінді тек Мәтін құралы режимінде ғана форматтауға болады. Фигуралық мәтінді қарапайым мәтінге айналдыру үшін Мәтін→Қарапайым мәтінге айналдыру(Текст→Преобразовать в простой текст) командасын орындалады.
Қарапайым мәтін.Қарапайым мәтін кәдімгі көп қолданатын мәтіндік редактор – WordPad-ты еске түсіреді.
Мәтін ені бар блок ішіне жазылады, егер бірінші қатарға сыймаса, екінші қатарға автоматты түрде өтеді. Қарапайым мәтіннің фигуралық мәтіннен айырмашылығы осында, фигуралық мәтінұзыннан-ұзақ жазыла береді. Блоктың құрылуы, қисаюы, және өлшемінің өзгеруі ішіндегі мәтіннің қасиеттеріне(қаріп(шрифт) өлшемі, теңестірілуі(выравнивание)және т.б.) әсер етпейді, бірақ мәтін өзгерген блок ішін толтыруға тырысады. Егер осы блок толса, онда мәтін келесі блокке өтеді. Қарапайым мәтін барлық
фигураның ішіне жазыла алады. Қарапайым мәтінді мәтіндік колланаларда жазуға болады. Бұл газет беттеріндегі мәтінді реттеуге(верстка) қолданылады.
Қарапайым мәтін жасау үшін Мәтін құралын таңдап, құжат бетіне тіктөртбұрыш сызыңыз,сосын сол тіктөртбұрыш ішіне мәтін жазылады.
Web үшін қарапайым мәтін.Егер сіз Corel Draw-да Web-бетке қарапайым мәтін жазсаңыз, онда оны HTML-бетіне жай мәтін түрінде экспортталады. Web-ке сәйкес мәтін қылу үшін мәтінді белгілеп Мәтін→Мәтінді Web-ке сәйкес қылу(Текст→Сделать текст Web совместимым) командасын орындау керек.
Мәтінді форматтау. Мәтінді форматтау үшін қасиеттік тақтасын пайдалануға болады. Бұл жерде мәтін стилін, қаріп түрін қаріп өлшемін, теңестіру және т.б.өзгертуге болады.
Дата добавления: 2019-02-07; просмотров: 2793;