Ортақ эмиттерлі транзистордың динамикалық жұмыс істеу режимі
Графикалық талдау үшін транзистордың динамикалық сипаттамалары пайдаланылады – шығыс тізбекте жүктеме кедергісі болған кездегі, токтар мен кернеулердің лездік мәндерінің тәуелділіктері.
5.16-суретте бір сатылы транзисторлық күшейткіш келтірілген, мұндағы - шығыс сигналды алуға арналған коллекторлық жүктеме, RГ – сигнал көзінің ішкі кедергісі. Саты кірісіне сигналы берілген.
Транзистор RК коллекторлық жүктемемен жұмыс істеген кезде IК коллекторлық ток пен коллектордағы кернеу UК арасындағы байланыс жүктемелік сипаттама теңдеуімен өрнектеледі .
Динамикалық режимнің статикалық режиммен салыстырғандағы ерекшелігі, бір параметрдің өзгеруі басқа параметрдің де өзгеруіне әкеледі. Iб артқан кезде коллектор тогы IК және -дағы кернеудің түсуі URк да өседі. Сондықтан статикалық сипаттамаларды пайдалануға болмайды. Күшейткішті талдау үшін кіріс және бойлаушы динамикалық сипаттамалары пайдаланылады.
Динамикалық бойлаушы сипаттамасын салайық. Ол үшін берілген транзистордың шығыс статикалық сипаттамаларына тізбектің толық теңдеуі (немесе жүктемелік сызық теңдеуі) бойынша жүктеме сызығын (5.17-сурет) жүргіземіз .
Жүктемелік сипаттама, транзистордың шығыс сипаттамалар тобынан координаттар өстерінің Ек/Rк және Ек нүктелері арқылы өтетін, түзу болып табылады. Сипаттама, берілген , мәндерінде транзистордың типі жайлы ақпараттан тұрады.
Енді өтпелі динамикалық сипаттаманы салу үшін вертикаль бойынша база токтарының горизонталь бойынша коллектор токтарымен қиылысу нүктелерін жаллғаймыз (екінші ширек).
5.18-суретте берілген база токтарында теңдеуі бойынша (контурлық қисық) статикалық сипаттаманың негізінде құрылған, (үзік қисық) динамикалық кіріс сипаттама келтірілген. Динамикалық беріліс сипаттамасын (екінші ширек), кіріс динамикалық сипаттаманы (үшінші квадрант) пайдаланып, қиылысу нүктелерін бірінші квадрантқа көшіру жолымен динамикалық бойлаушы сипаттамасын саламыз (5.19-суретте, бірінші ширекте).
Нәтижесінде, транзистор типі, коллекторлық қорек кернеуі Ек, коллекторлық жүктеме , кіріс сигнал еГ және сигнал көзінің ішкі кедергісі RГ жайлы ақпараттардан тұратын, S-тәрізді динамикалық бойлаушы сипаттамасын аламыз.
Дата добавления: 2017-04-20; просмотров: 1218;