Басқару нысандарының ұғымы. Басқару нысандарының түрлері.

Мемлекеттік саясат- көп жақты түсінік, мемлекет және қоғамның жағдайын және ішкі процестерін бейнелейді. Мемлекеттің саясаты ауқымы бойынша бүкіл қоғамды қамтиды, яғни, тіршілік әрекетінің негізгі саласы ретінде танылады. Ол стратегиялық бағыты бойынша қоғам дамуының жұмысын болжайды. Ол әрбір адамның экономикалық, саяси және т. б. құқықтар мен бостандықтарын қамтамасыз етеді. Алдымен мемлекеттік басқарудың мақсатын ерекше атап өту керек. Берілген мақсат мемлекет және қоғамның стратегиялық бағытының дамуын білдіреді. Ерекше әлеуметтік маңызын ескере отырып, стратегиялық мақсат Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген. Қазақстан Республикасының Конституциясының 1 бабында «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады; оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары». Берілген мақсат қоғаммен бекітілген, өйткені Конституция халықпен 1995 жылы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданған. Халық мемлекет билігінің қайнар көзі ретінде республикалық референдум арқылы оны іске асырады және өзінің қатынасы арқылы мемлекет дамуының стратегиялық бағытын анықтайды. Сонымен қатар, мемлекеттің және қоғамның болашақтағы жағдайын анықтайды. Стратегиялық мақсат жоғарғы заңдық күшіне ие болады және басқа деңгейдегі мақсаттарды қалыптастыру негіз болып табылады.

2. Мемлекеттік басқарудың негізгі функционалдық құрылымы бойынша мемлекеттің функциялары заң шығарушы, атқарушы, сот және бақылауды жатқызады. Келесі басқару функциалары былай бөлінген: ұсыныс (басқару жүйесі), жоспарлау, кадрларды қамтамасыз ету, реттеу, бақылау. Берілген функциялардың мазмұнды анализ арқылы мемлекеттің әлеуметтік процестерге қатысты оның мінезін типтік көріністі, басқару ізбасарды алуға болады. Ұйым, құрылым жұмысын еңгізеді және мемлекет басқару субъектісінің құқықтық мәртебесін (мемлекеттік органдардың), қоғамдық жүйе объектісінің құқықтық мәртебесін анықтайды; мемлекеттік басқарудың субъектілері мен объектілердің арасындағы өзара байланысын қалыптастырады (басқару процестерін). Жоспарлауға алдын-ала белгіленген шаралардың жүйесі, тәртіпті сақтау, жұмыстық қорытынды түрін және орындалу уақыты кіреді. Жоспарлау 2-ге бөлінеді: 1. болжау; 2. жобалау. Болжауға арнайы ғылыми зерттеулердің негізінде қоғам жұмысының дамуы жатады. Жобалауға мемлекеттік басқарудың бір немесе бірнеше мақсатын жүзеге асыруға байланысты шаралардың жүйесін қалыптастыру процессі жатады. Кадрлық қамтамасыз етуге мемлекеттік басқару жүйесіндегі мамандарды тиімді қолдану, бөлу, дайындауға байланысты сұрақтардың жиынтығын шешу жатады. Реттеу қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған, адамдардың және олардың ұжымдарының мүмкін болатын және міндетті әрекеттерінің шегін анықтайды. Әсіресе құқықтық реттеуді бөліп қарастыруға болады. Азаматтардың тәртібін заңдық нормалар арқылы мемлекет жүзеге асырады. Сонымен қатар, құқықтық реттеу пәнін анықтайды, әдісін реттейді, қоғамдық қатынастардың, субъектілердің құқықтық жағдайын және құқықтық қатынастарын қалыптастырады.

4. Мемлекеттік басқарудың құрылымын құқықтық және құқықтық емес деп бөлубөлуге болады. Құқықтық құрылымдар мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың әрекеттері белгілі бір заңды салдарлардың орандалуын тудырады. Құқықтық емес ол әртүрлі құрылымдардың түрлері заңдық салдарды тудырмайтын, бірақ мемлекеттік органдардың жағымды жағдайлардағы мақсаттарын жүзеге асыру функциялар мен құзыретін құруға бағытталған. Құқықтық құрылымдар басқарушылық шешімдерімен сәйкесінше мемлекеттік органдардың құзыретіне байланысты, басқарушылық шешімдер ресми құрылымдарымен білдірілген. Басқарудың қызмет нысандарының кейбір түрлері құқықпен өзара байланысы бар және өз жұмысын ұйымдастыру бойынша мемлекеттік басқару субъектілерінің нақты ұйымдастырушылық әрекетінен көрініс табатын басқарушылық мақсатындағы қатынас. Мемлекеттік органдардың бір жақты биліктік ерік білдіруінің көрініс табатын құқық нысандарына қарағанда, құқықтық емес нысандарда басқарымдық мәселелердің сипаты мен ерекшеліктеріне қарай ұйымдастарушылық қызметтің әр түрлі нұсқаулары көрсетіледі.

 

Басқару актілерінің ұғымы және заңдық маңызы. Басқарудың құқықтық актілерінің түрлері.

Мемлекеттiк тұрғыда шығарылатын шешiмдi тек мемлекеттiк органдары қабылдайды. Шығарылған шешiмнiң ерекшелiктерi:

-нормативтiк маңызы бар;

-мiндеттi түрде орындауға жатады;

-нақты бiр мәселе бойынша көзделедi;

-конституцияға және тиiстi заңнамаларға сәйкес болуы керек;

-уәкiлеттi орган шығарады;

-иерархиялық деңгейi болады;

-негiзгi және өндiрушi түрге бөлiнедi;

-реквизиттерi болады.

Нормативтiк құқық актілерiнiң иерархиясы(4-бап.”Нормативтiк құқық актлерi туралы” ҚР Заңы, 24.03.1998):

-ҚР Конституциясы;

-Конституцияға енгiзiлетiн және толықтыру жасалатын заңдар;

-Конституциялық заңдар, ҚР Президенттiң конституциялық заң күшi бар жарлықтары;

-ҚР кодекстерi;

-ҚР Заңдары, ҚР Президенттiң заң күшi бар жарлықтары;

-ҚР Парламентiнiң нормативтiк қаулылары;

-ҚР Үкiметiнiң нормативтiк қаулылары;

-Орталық мемлекеттiк органдарының ( министрлiктiң, комитеттiң,

агенттiктiң, басқа ведомствалардың) нормативтiк бұйрықтары, қаулылары;

-Масилихаттың нормативтiк құқықтық шешiмдерi; Әкiмнiң нормативтiк құқықтық қаулылары, шешiмдерi.

Төменгi деңгейдегi мемлекет органдары шығарған нормативтiк құқық актілерi жоғарғы деңгейдегi нормативтiк құқықтық актілерге қайшы келмеуi керек. Осы аталған иерахиядан тыс мынадай нормативтiк құқықтық актілерi де бар: ҚР Конституциялық Кеңесiнiң, ҚР Жоғары сотының, ҚР Орталық Сайлау комиссиясының нормативтiк қаулылары.

 

Нормативтiк құқықтық акт - референдумда қабылданған не уәкiлеттi орган немесе мемлекеттiк лауазымды адамы қабылдаған, құқықтық нормаларды белгiлейтiн, олардың қолданылуын өзгертетiн, тоқтататын немесе тоқтата тұратын белгiленген нысандағы жазбаша ресми құжат. Нормативтiк құқықтық актiнiң деңгейi - нормативтiк құқықтық актiнiң нормативтiк құқықтық актiлер сатысындағы өзiнiң заң күшiне қарай алатын орны болып табылады. Нормативтiк құқықтық актiлер негiзгi және туынды актiлер болып бөлiнедi. Нормативтiк құқықтық актiлердiң негiзгi түрлерiне мыналар жатады: Конституция, конституциялық заңдар, кодекстер, заңдар; Қазақстан Республикасы Президентiнiң Конституциялық Заң күшi бар Жарлықтары; Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлықтары; Қазақстан Республикасы Президентiнiң өзге де нормативтiк құқықтық Жарлықтары; Қазақстан Республикасы Парламентi мен оның палаталарының нормативтiк қаулылары; Қазақстан Республикасы үкiметiнiң нормативтiк қаулылары; Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң, Жоғарғы Сотының және Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының нормативтiк қаулылары және өзге де актілер. Нормативтiк құқықтық актiлердiң туынды түрлерiне мыналар жатады: регламент - қандай да бiр мемлекеттiк орган мен оның құрылымдық бөлiмшелерi қызметiнiң iшкi тәртiбiн реттейтiн нормативтiк құқықтық акт; ереже - қандай да бiр мемлекеттiк органның немесе оның құрылымдық бөлiмшесiнiң мәртебесi мен өкiлеттiгiн белгiлейтiн нормативтiк құқықтық акт; қағида - қандай да бiр қызмет түрiн ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртiбiн белгiлейтiн нормативтiк құқықтық акт; нұсқаулық - заңдардың қоғамдық қатынастардың қандай да бiр саласында қолданылуын егжей-тегжейлi көрсететiн нормативтiк құқықтық акт. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтiк қаулылары аталған сатыдан тыс тұрады. Әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстер мәслихаттарының нормативтiк құқықтық шешiмдерi, өкімдіктердің нормативтік құқықтық қаулылары мен өкiмдерiнiң нормативтiк құқықтық шешiмдерiнiң сатысы Қазақстан Республикасының Конституциясымен және жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы заң актiлерiмен белгiленедi.

2. Нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын дайындау жоспарлары бiр жылға жасалатын ағымдағы және неғұрлым ұзақ мерзiмге жасалатын перспективалық жоспарлар болып бөлiнедi. Перспективалық жоспарларда неғұрлым маңызды нормативтiк құқықтық актiлердi, сондай-ақ дайындау уақыты бiр жылдан астам мерзiмге жоспарланатын нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлеу көзделедi. Дайындау жоспарларында: нормативтiк құқықтық актiнiң деңгейiн, нысаны мен реттеу мәнiн бейнелейтiн атауы; дайындау мерзiмдерi; жобаны әзiрлеуге жауапты мемлекеттiк органдар мен ұйымдар көрсетiледi. Қазақстан Республикасы Парламентi депутаттарының заң шығару бастамашылығы тәртiбiмен дайындалатын заңдар жобаларының әзiрлеушiлерi Парламент депутаттары болып табылады. Егер нормативтiк құқықтық актiлердiң жалпыға мiндеттi маңызы болса, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына қатысты болса немесе кәсiпкерлiк қызметтi реттесе, Қазақстан Республикасының әдiлет министрлiгi олардың жобалары бойынша заң сараптамасын жүргiзедi. Уәкiлеттi орган балама жобалар дайындауды бiрнеше мемлекеттiк органдар мен ұйымдарға тапсыруға немесе оларды әзiрлеудi шарттық негiзде, оның iшiнде конкурс бойынша бiрнеше ғылыми ұйымдарға немесе ғалымдарға тапсыруға хақылы. Нормативтiк құқықтық актiнiң дайындалған жобасы, ал қажет болған жағдайда - оны дамыту үшiн қабылданатын басқа да нормативтiк құқықтық актiнiң жобасы мүдделi мемлекеттiк органдар мен ұйымдарға келiсуге жiберiледi.

3. Нормативтiк құқықтық актiлердiң мынадай реквизиттерi болуға тиiс: Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Елтаңбасы; актiнiң нысанына нұсқау осы нормативтiк құқықтық акт реттейтiн iстi бiлдiретiн тақырып; нормативтiк құқықтық актiнiң қабылданған жерi мен күнi; нормативтiк құқықтық актiнiң тiркеу нөмiрi; тиiстi нормативтiк құқықтық актiге қол қоюға уәкiлдiк берiлген адамның қолы; нормативтiк құқықтық актiнiң Қазақстан Республикасының әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркеуден өткен күнiн осылай тiркелуге тиiстi нормативтiк құқықтық актiлерде көрсету; елтаңбалы мөр. Нормативтiк құқықтық актiнiң әрбiр бабы (тармағы), сондай-ақ тараулары, бөлiмдерi мен бөлiктерi араб цифрларымен нөмiрленедi. Баптардың (тармақтардың) нөмiрленуi бүкiл нормативтiк құқықтық актiнiң басынан аяғына дейiн реттелiп жасалады. Нормативтiк құқықтық актiнiң бөлiмдерi мен бөлiктерiнiң нөмiрленуi де дербес және басынан аяғына дейiн реттелiп жасалады. Нормативтiк құқықтық актiнi қабылдаудың мақсаты мен себептерiн, оның алдында тұрған негiзгi мiндеттердi түсiндiру қажет болған жағдайларда құқық нормаларын баяндаудың алдынан кiрiспе бөлiм (преамбула) берiледi.

4. Нормативтiк құқықтық актiлердi қабылдау тәртiбi Қазақстан Республикасының Конституциясымен және Заңмен белгiленедi. Нормативтiк құқықтық актiлердiң әр алуан түрлерiн қабылдау тәртiбiнiң ерекшелiктерi сонымен қатар: кодекстер үшін - Заңмен. Кодекстер, оларға өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бөлек отырыстарында өз кезегімен қарау арқылы кемінде екі оқылымда қабылданады; заңдар үшiн - Қазақстан Республикасының Конституциясымен, Қазақстан Республикасының Парламентi туралы, Қазақстан Республикасының Президентi туралы, референдум туралы заң актiлерiмен, өзге де заң актiлерiмен, оның iшiнде Парламент пен оның палаталарының регламенттерiмен; 2-1) Парламенттiң және оның палаталарының нормативтiк қаулылары үшiн - Қазақстан Республикасының Конституциясымен, Қазақстан Республикасының Парламентi туралы заң актiлерiмен; Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлықтары үшiн - Қазақстан Республикасының Конституциясымен, Қазақстан Республикасының Президентi туралы заң актiсiмен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентiнiң осы тәртiптi реттейтiн актiлерiмен; Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулылары үшiн - Қазақстан Республикасының Конституциясымен, Үкiмет туралы заң актiсiмен, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және үкiметiнiң актiлерiмен; орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттiк органдарының Қазақстан Республикасы Үкiметi құрамына кiретiндерiнiң де, кiрмейтiндерiнiң де, оның iшiнде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық актiлерi үшiн - Үкiмет пен осы органдар туралы заң актiлерiмен, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Үкiметiнiң актiлерiмен, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлықтарымен, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң осы органдардың қызметiн реттейтiн қаулыларымен; Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң нормативтiк қаулылары үшiн - Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы заң актiлерiмен, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Үкiметiнiң актiлерiмен айқындалады.

5. Нормативтiк құқықтық актiлер мынадай мерзiмдерде: Қазақстан Республикасының заң актiлерi, Қазақстан Республикасының Парламентi мен оның палаталарының қаулыларын қоспағанда, Қазақстан Республикасы Президентiнiң нормативтiк құқықтық жарлықтары, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң нормативтiк құқықтық қаулылары, егер актiнiң өзiнде немесе оларды қолданысқа енгiзу туралы актiлерде өзге мерзiмдер көрсетiлмесе - олар алғашқы ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң; Қазақстан Республикасының Парламентi мен оның палаталарының қаулылары, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтiк қаулылары, егер актiлердің өзiнде өзге мерзiмдер көрсетiлмесе - алғашєы ресми жарияланған күннен бастап; Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң қаулылары - оларды қабылдаған күннен бастап; Қазақстан Республикасының министрлерi мен орталық мемлекеттiк органдардың өзге де басшыларының нормативтiк құқықтық бұйрықтары, орталық мемлекеттiк органдардың нормативтiк құқықтық қаулылары, Орталық сайлау комиссиясының нормативтiк қаулылары, орталық мемлекеттiк органдар ведомстволары басшыларының нормативтiк құқықтық бұйрықтары, мәслихаттардың нормативтiк құқықтық шешiмдерi, сондай-ақ әкiмдiктердiң нормативтiк құқықтық қаулылары мен әкiмдердiң нормативтiк құқықтық шешiмдерi, егер актiлердiң өзiнде өзге мерзiмдер көрсетiлмесе - олар қабылданған күннен бастап, ал әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуге тиiстiлерi - мемлекеттiк тiркеуден кейiн күшіне енеді.

6. Егер мемлекеттiк тiркелуге тиiстi нормативтiк құқықтық акт: азаматтардың заңда белгiленген құқықтары мен бостандықтарына қысым жасаса; жоғары тұрған деңгейдегi нормативтiк құқықтық актiлерге қайшы келсе; нормативтiк құқықтық актiнi шығарған органның құзыретiне шегiнен шығып кетсе; егер келiсу қажет болып, келiсiлмесе; мемлекеттік тіркеу ережелерінде белгіленген тәртіпті бұза отырып қабылданса, мұндай актіні тіркеуден бас тартылуы мүмкін. Мүдделi мемлекеттiк орган мемлекеттiк тiркелуге тиiстi нормативтiк құқықтық актiнi тiркеуден бас тартылуына сот тәртiбiмен шағымдануы мүмкiн. Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу ережесін Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi. Орталық мемлекеттiк органдар қабылдайтын нормативтiк құқықтық актiлердiң мемлекеттiк есебiн Қазақстан Республикасының әдiлет министрлiгi жүзеге асырады.








Дата добавления: 2017-04-20; просмотров: 1823;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.012 сек.