Мемлекеттік-қызметтік қатынастардың тоқтатылуы.

Мемлекеттiк қызметтiң тоқтатылу негiздерi “Мемлекеттiк қызмет туралы” (23.07.1999) ҚР Заңының 6-шы тарауында анық көрсетiлген. Бұл заңда саяси және әкiмшiлiк мемлекеттiк қызметшiлердiң қызметтерiнiң тоқтатылуы туралы айтылған. 26-бап.”Мемлекеттiк саяси қызметшiлердiң отставкаға шығуы және қызметтен босатылуы” туралы айтылған. Отставкадегенiмiз - ол, мемлекеттiк саяси қызметшiнiң тиiстi мемлекеттiк лауазымдағы мiндеттерiн атқаруды тоқтатуы, ол оның жазбаша арызы негiзiнде жүзеге асырылады. Отставканы мемлекеттiк саяси қызметшiнi осы лауазымға тағайындаған (сайлаған) мемлекеттiк орган немесе лауазымды адам қабылдайды немесе одан дәлелдi бас тартылады. Отставканы қабылдау немесе одан бас тарту туралы шешiм жазбаша арыз берiлген күннен бастап бiр ай мерзiмде қабылданады. Саяси қызметшi отставкадан бас тартылған жағдайда, қызметтiк өкiлеттiгiн атқаруды жалғастыруға тиiс және оның ҚР заңдарында көзделген тәртiппен қызметтен босауға құқығы бар. Мемлекеттiк саяси қызметшiлер Конституцияда, осы Заңда және ҚР өзге де заңдарында белгiленген негiздер мен тәртiп бойынша отставкаға шығады. Лауазымдық өкiлеттiгiн өрескел бұзу, мемлекеттiк қызметте болуға лайықсыз қылықтар жасау мемлекеттiк саяси қызметшiнiң отставкаға шығуы үшiн негiз бола алмайды, қайта жұмыстан босату үшiн негiз болады. Мемлекеттiк саяси қызметшiлердi қызметтен босатудың негiздерi мен тәртiбiн ҚР Президентi белгiлейдi. Мемлекеттiк саяси қызметшiлер тiзiмi ”Мемлекеттiк қызмет туралы “ҚР Заңының 7-баптың 2-шi тармағында көрсетiлген.

27-бап:”Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлердiң мемлекеттiк қызметтi тоқтауының негiздерi“: Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлердiң мемлекеттiк қызметтi тоқтатуына мынадай негiздер болады:

1. мемлекеттiк қызметшiлердiң өз еркі бойынша жұмыстан босатуын сұрауы туралы арыз беруi; екi жақтың өзара келiсiмi бойынша;

2 келiсiм-шарт мерзiмiнiң бiтуi, не ҚР заңдарында көзделген негiздер бойынша келiсiм-шарттың бұзылуы;

3 мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлердiң өз табысы мен мүлкi туралы көрнеу жалған мәлiмет берген болса;

4 “Мемлекеттiк қызмет туралы” ҚР Заңында белгiленген мiндеттер мен шектеулердi сақтамаса;

5 Меншiк құқығымен тиесiлi мүлiктi сенiм бiлдiрiлген басқаруға бермеген болса;

6 ҚР азаматтығын жоғалтқан болса;

7 Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығын жасауы;

8 мемлекеттiк қызметке заңда белгiленген ережеден тыс және конкурстан тыс әкiмшiлiк қызметтi атқарған болса;

9 Аттестацияның терiс нәтижесi болса;

10 ҚР Еңбек заңының ережелерi бұзылған болса.

Мемлекеттiк қызметшiлердi жұмыстан босату - ол, тек сол қызметшiнi кiм және қай орган қабылдады, сол орган немесе сол лауазымды тұлға шешiм қабылдауға тиiстi болады. Яғни мемлекеттiк қызметке қабылдағаны туралы бұйрық жазған лауазымды тұлға жұмыстан босатуға құқылы болады. Мысалы учаскелік инспекторын облыстық IIД бастығы қабылдаса, сол бастық оны қызметтен босатуға да құқылы болады. Мемлекеттiк қызметтен босату ҚР Еңбек кодексінде толық белгiленген. Осы аталған заңдар бiр-бiрiмен қайшы келмейдi.

Қызметтен заңсыз босатылған жағдайда, мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiнiң уәкiлеттi органға шағым беруге, сондай-ақ өзiнiң құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғауға құқығы бар. Мемлекеттiк саяси қызметшiнiң ауысуына байланысты, әкiмшiлiк қызметшiлердiң жаңадан (қайта) тағайындалуына немесе қызметiнiң тоқтатылуына негiз болмайды.

Мемлекеттiк қызметшiнi қызметтен босату тәртiбi ҚР тиiстi заңнамалары бойынша жүзеге асырылады. Сонымен қатар, қызметтiк ернежелер де болады. Мысалы, ҚР “Iшкi iстер органдары туралы” Президент жарлығымен қатар, IIО қызметтi өткеру ережесi де бар, бұл ҚР iшкi iстер министрдiң бұйрығымен бекiтiлген.








Дата добавления: 2017-04-20; просмотров: 1411;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.005 сек.