Салалық басқару.

Мемлекеттік басқару жүйесі өз қызметінің түрі бойынша экономикалық, әлеуметтік немесе әкімшілік-саяси қоғамдық өмірдің салаларына кіретін мамандырылған мекемелердің, ұйымдардың, өндіріс орталықтарының мемлекеттік органдардың байланыстарынан ғана тұрмайды. Осыған, сонымен қатар, басқарудың субъектілері мен объектілер арасындағы белгілі ұйымдық байланыстары кіреді. Мемлекеттік басқару біржағынан, басқарушы жүйе ұйымының әрбір объект сыныптарымен, басқа жағынан, басқарудың субъектісі мен объектісі арасындағы қатынастарды орнатумен сипатталады. Соңғылардың өзара қатынастары тікелей және кері байланыс деп аталатын жолдарымен жүзеге асады. Сонымен, мемлекеттік басқару жүйесіндегі ең маңыздысы болып, субъектілердің (мемлекеттік орган) және объектілердің (қоғамдық жүйе) тура және кері байланысы болып табылады. Қоғамдық үрдістерді басқару мазмұны мен мәні тек осылармен анықталады. Ал мемлекеттік аппараттың ішкі өзара байланысына тоқталсақ, олар өздерінің функционалдық қызметіне байланысты басқару субъектісінің ішкі ұйымдасуына оның нақты үйлестірілген жұмысына бағытталған.

7. Мемлекеттік басқару жүйесі өзінің барлық қатынасты жекебастылығымен, тұрақтылығымен, автономиясымен «сыртқы ортамен» өзара іс-әрекет жасайды. Бұл жерде сыртқы ортамен байланыстың айрықша түрі қарастырылады. Бұл адаммен табиғат арасындағы өзара іс-әрекетпен, халыққа жұмыс және көмек көрсетумен, қоғамдық құрылымдармен және т.б. байланысты қатынастар. Кең мағынада алғанда сыртқы орта – бұл басқарудың жеке салалары, жалпы мемлекеттік басқару жүйесі қызмет атқаратын саяси, экономикалық және өзге жағдайлар. Мемлекеттік басқару жүйесінің сыртқы объективті жағдайлардың алғашқы қатарында табиғи-географиялық түрі тұрады. Мемлекеттік басқаруды қалыптастыратын объективті жағдайлардың екінші қатарына құрылымдық-функционалдық байланыс «табиғат-қоғам» жатады. Бұл фактор адаммен табиғат байланысын көрсетеді.

Салалық басқару дегенiмiз- ол, мемлекеттiк деңгейдегi қоғамдық қатынастарда әрбiр жұмыстың түрiне, сипатына байланысты басқарушылық пен ұйымдастырушылық әдiс-тәсiлдерiн пайдаланатын iс-әрекеттерiн айтады. Өйткенi, мемлекеттiк басқаруда, қоғамдық қатынастарда көптеген шаруашылық түрлерi кездеседi. Мысалы: қаржы немесе экономика саласы, бiлiм және ғылым саласы, өнеркәсiп саласы, ауыл шаруашылық саласы, әскери және құқыққорғау, соттық iстер саласы т.б. Осы аталған салалардың бәрi мемлекеттiк басқару және реттеушiлiк әрекеттерiн қажет етедi.

Салалық қағиданың конституциялық қағидадан айырмашылығы:

- конституция негiзгi жалпыға бiрдей мақсатты көздейдi;

- салалық қағида арнайы мәселенi шешу немесе реттеу үшiн тек заңнамаларға байланысты жүзеге асырылады;

- кейбiр ерекшелiгiне байланысты болады.

Салалық қағиданың түрлерi:

- экономикалық салалар;

- әлеуметтiк салалар;

- әкiмшiлiк-саяси құрылыс саласы;

- әдiлеттi басқару саласы;

- бiлiм және ғылым саласы;

- денсаулықты сақтау және қадағалау саласы.

Салалық басқаруда өзiнiң материалық-техникалық базасы болады (баспана, ғимарат, көлiктер, құрал-жабдықтар т.б.) қоғамға қажеттi қызметтi атқару. Мысалы, медициналық көмек көрсету. Әрине медицина жеке меншiктер де бар. Оның айырмашылығы мемлекетте ол бюджет қорынан қаржы бөлiнедi, ал жеке өз қалтасынан қаржыны жұмсайды.

Салалық басқаруда әрбiр сала бойынша өздерiнiң мамандалған мамандары мен кадрлары болады. Мысалы, бiлiм беру саласын алсақ, онда оқытушылар, доцент, профессорлар және докторлар, академиктер жұмыс iстейдi.

Мемлекеттiк басқаруда әртүрлi қызмет салалары бар, атап айтқанда:

-салық қызметi;

-кеден қызметi;

-әдiлет қызметi;

-әкiмшiлiк қызметi;

-денсаулық сақтау қызметi;

-ветеринарлық қызметi;

-қаржы қызметi;

-әскери қызмет;

-құқыққорғау қызметi.

Осы атаған қызмет түрлерiнiң әр саласына сай нақты және тиiстi заңдармен, ережелерiмен және жарғыларымен, нұсқауларымен бекiтiлген. Яғни тиiстi нормативтiк – құқық актiлерiмен бекiтiлген. Осы аталған актiлер бойынша мемлекеттiк органдар өз қызметтерiн атқарады.

Бақылау сұрақтары:

1 Мемлекеттiң саясатын кiм немесе қандай лауазымды тұлға анықтайды?

2 Басқарудағы мамандардың атқаратын ролi қандай?

3 Мемлекетте басқарудың қандай нысандары болады?

4 Мемлекет билiгiнде қандай нысандар бар?








Дата добавления: 2017-04-20; просмотров: 2578;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.009 сек.