Аттестаттау тәртібі.
Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлер олардың кәсiби даярлығы, құқықтық мәдениетi, азаматтармен жұмыс iстеу қабiлетi деңгейiн анықтау мақсатында аттестаттаудан өтедi. Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлердi аттестаттауды жүргiзудiң тәртiбi мен талаптарын уәкiлеттi органның ұсынуы бойынша Республика Президентi бекiтедi. Аттестациялауда бағалаудың негізгі критериіне қызметшілердің өздеріне белгіленген міндеттерді орындай алу қабілеті жатады Аттестациялауды өткізудің тәртібі мен шарттары ҚР-ның Президентінің 2000 жылғы 21 қаңтардағы №327 Жарлығымен бекітілген Ережемен анықталған. Аттестация өткізуге дайындықты, мемлекеттік орган басшысының тапсырмасы бойынша кадр қызметі ұйымдастырады. Ол мынадай шараларды қамтиды: аттестациядан өтушіге қажетті құжаттарды дайындау; аттестация өткізудің кестесін әзірлеу; аттестация комиссияларының құрамын айқындау; аттестация өткізудің мақсаты мен тәртібі туралы түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру. мемлекеттiк қызмет істерi жөнiндегi уәкiлеттi органмен немесе оның аумақтық бөлiмшелерiмен сынақ мерзiмдерi және оны өткiзетiн орны туралы келiсу. Аттестациялаудан жүкті әйелдерден басқа барлық әкімшілік мемлекеттік қызметшілер өткізіледі Мемлекеттік қызметке алғаш рет түсіп отырған тұлғалар аттестациялаудан мемлекеттік қызметте үздіксіз үш жыл болғаннан кейін өтеді. Содан соң әр үш жыл өткен сайын аттестациялаудан өтіп отырады.
Мемлекет органдарының жұмыстарын ұйымдастыру дегенiмiз-ол, басқарудың бiр түрi болып табылады. Басқарудың мiндетiн мемлекет органдарында тек құзыреттiгi бар қызметтiк мiндеттерi артылған лауазымды тұлғаларды айтады. Ұйымдастырудың жалпы негiздерi:
- құзыреттiгi;
- функциясы;
- мiндетi;
- мақсаты.
Әрбiр мемлекет органдарының қызметтiк мiндетiне байланысты құзыреттiгi болады. Мысалы, кеден қызметшiсi шекара арқылы өтетiн тауар мен көлiк құралдарын кедендiк рәсiмнен өткiзу және одан баж салығын алуға толық құзыреттiгi бар. Мемлекет органдары алуан түрлi болғандықтан, әрбiр органда өздерiне жүктелген функционалдық мiндеттерi болады. Мысалы, учаскелiк инспектордың мiндетi өз учаскесiне бұрын сотталған адамдары есепке алуға және әкiмшiлiк қадағалау орнатылған адамдарды үнемi тексеруге мiндеттi болады. Мемлекеттiк қызметшi немесе органдардың алдарына қойылған қызметтiк мiндеттерi болады. Ол мiндеттер тiкелей қызметке байланысты. Мiндеттi орындау - ол, өз жұмысын тиянақты түрде орындау болып табылады. Мемлекет органдарында немесе мемлекеттiк қызметшiнiң әрқайсысында алда қойылатын мақсаттары болады. Мақсат дегенiмiз- ол, алда қойылған мiндеттiң орындалуын айтады. Мемлекет органдары осы көрсетiлген нгегiздердi орындау үшiн ұйымдаструшылық жұмысы пайда болады. Ал ұйымдастырусыз ешқанда қызмет iске аспайды. Мысалы, IIО қылмысты ашу үшiн бiрнеше ұйымдастыру iс-шараларын ұйымдастыру қажет болады, атап айтқанда: оперативтiк жұмысты нығайту, көптеген анықтама-сұраныстар жiберу, сараптамалар жасау т.б.
Дербес қызметтiк органы дегенiмiз - ол,мемлекет органы тек бiр лауазымды тұлғаның басқаруы бойынша жүзеге асырылатын ұйымдастырушылық қызмет саласын айтады. Мысалы, ҚР Прокуратуа органдарын алатын болсақ, бұл органда шешiмдi тек прокурор қабылдайды. Министрлiкте тек министр өзi қабылдайды. Бұл органдар жедел түрде шешiм қабылдау үшiн дербес басқару өте қолайлы болып табылады. Дербес басқаруға жататындар: құқыққорғау органдары, қарулы күш органдары. Кейбiр мемлекеттiк органдар. Алқалық қызмет органы дегенiмiз-ол, бiрнеше лауазымды тұлғалардың заң ережесi бойынша бiрiгуi нәтижесiнде дауысқа салып немесе кеңес жасау арқылы мәселенiң қабылдану нәтижесiн айтады. Мысалы, ҚР Парламентi және оның Палаталары, ҚР Конституциялық кеңесi, ҚР Жоғарғы сот алқасы, Жергiлiктi әкiмшiлiк, маслихаттар. Алқалық органда шешiмдi тек бiр лауазымды тұлға немесе оның мүшелерiнiң жартысынан көбi қатысу арқылы шешiлетiн ұйыдастыру басшылық ету әдiсiн айтады. Алқалық органда дауыс берудiң нәтижесiнде шешiм қабылданып және сол iс бойынша шешiм шығарылатын болады.
Дата добавления: 2017-04-20; просмотров: 1279;