Ызметтік тәртіп. Мемлекеттік қызметшінің мәдениеті және этикасы.

Мемлекеттік тәртіп дегеніміз - мемлекеттік қызметтің міндеттері мен функцияларын тиімді орындау мақсатында құқықтар мен міндеттерді орындау талаптары.

Мемлекеттік тәртіптің объективті мәні –қызметтік іс әрекет ережелерінің жиынтығы. Міндетті үлгілі орындаған жағдайда мадақтау алу және орындалмағанына кінәлі жағдайда жауаптылыққа тартылуы.

Мемлекеттік тәртіптің субъективтік мәні –осы ережелермен белгіленген тәртіпке бағындыру болып табылады.

Мемлекеттік тәртіп белгілі бір құқықтық және басқа да міндеттемелерге негізделеді.Олар заңдық, шарттық формада рәсімделеді және мемлекеттік қызметкерлердің белгіленген ережелерге бағынуын талап етеді.Осыған сәйкес, мемлекеттік қызметкерлердің құқықтары мен міндеттерін белгілейді.

Мемлекеттік қызмет тек құқық нормаларына ғана емес, сонымен қатар қызметтік әдеп ережелеріне де сәйкес келуге тиісті. Ол « ҚРсы мемлекеттік қызметшілерінің ар намыс кодексі туралы » ҚР Президентінің 2005ж 3мамырда бекітілген жарғысында Мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасы ережелері берілген.Мемлекеттік қызметшілер теріс қылық жасаған жағдайда олар жауаптылыққа тартылады.

Әрбір мемлекеттік қызметші мәдениет және этика ережелерін сақталу үшін барлық қажетті шараларды қолдануға міндетті.

Мемлекеттік қызметшілер өз қызметінде:

1) Қазақстан Республикасы Президентінің саясатын бұлжытпай жүргізуге;

2) Республика азаматтарының құқықтары мен бостандықтарын бұзуға орайлас әрекеттерге жол бермеуге;

3) мемлекеттік қызмет принциптері мен жоғары адамгершілік

4) құндылықтарын ұстануға;

5) мемлекеттік қызметшінің антын сақтауға;

6) мемлекеттік және еңбек тәртібін сақтауға;

7) басқа мемлекеттік қызметшілер тарапынан этика нормаларын бұзу фактілеріне жол бермеуге және тыйым салуға тиіс.

Мемлекеттің өкілі ретіндегі мемлекеттік қызметшінің парызы мен міндеттері:

1) Республиканың Конституциясы мен заңдарын бұлжытпай сақтау;

2) мемлекет мүдделерін қорғау;

3) Қазақстан халқының бірлігі мен елдегі ұлтаралық татулықты нығайтуға жәрдемдесу;

4) өзінің қызметтік міндеттерін әділ әрі қалтқысыз атқару;

5) заңмен белгіленген өзі қабылдаған шектеулерді сақтау және т.б.

Азаматтармен және заңды тұлғалармен қарым-қатынастарда мемлекеттік қызметшілер:

1) басқа адамдардың ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеуге;

2) олардың өтініштерін қарау кезінде төрешілдікпен сөзбұйдаға салу көріністеріне жол бермеуге, олар бойынша заңда белгіленген мерзімде қажетті шаралар қолдануға;

3) мемлекеттік биліктің беделін, азаматтардың мемлекет институттарына сенімін нығайтуға ықпал етуге;

4) азаматтар мен заңды тұлғалардың Конституцияда кепілдік берілген құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін сақтау мен қорғауды қамтамасыз етуге;

5) мемлекеттік тіл мен Қазақстан халқының өзге тілдеріне, оның әр алуан әдет-ғұрыптары мен дәстүрлеріне құрметпен қарауға және т.б.








Дата добавления: 2017-04-20; просмотров: 1396;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.004 сек.