Жазықтық электрондық-кемтіктік p-n өткел

Электрондық-кемтіктік p-n- өткел деп p- және n-типті шала өткізгіштердің арасындағы шекараны айтамыз. Егер өткел ауданының сызықтық өлшемдері қалыңдығынан әлдеқайда үлкен болса, онда өткел жазық, ал егер өлшемдері шамалас болса – нүктелік деп аталады. Беттескен екі шала өткізгішті қарастырайық.

2.1 Тепе-теңдік күйдегі p-n өткел

Өткелдің тепе-теңдік күйі – бұл сыртқы кернеу (Uсырт= 0) түсірілмеген күйі.

P- және n-типті екі шала өткізгішті біріктіреміз (2.1,а-сурет). Қоспалардың, демек, тасымалдаушылардың бастапқы шоғырлануы бірдей емес (2.1,б- сурет): pp0>>pn0 және nn0>>np0. Сонымен қатар, өткел симметриялы емес (pp0>nn0). Өткел шекарасындағы шоғырлану градиенті кемтіктердің p- облыстан n-облысқа диффузиясын, және керісінше, электрондардың n-облыстан p- облысқа диффузиясын туындатады. Өткел маңында кемтіктер электрондармен рекомбинацияланады және p-облыста иондалған акцепторлардың көлемдік теріс заряды, ал n-облыста иондалған донорлардың көлемдік оң заряды пайда болады (2.1,в -сурет).

Осылайша, екі шала өткізгіштің шекарасында, қозғалатын заряд тасымалдаушылары жоқ, сондықтан электр ағысына кедергісі жоғары l0 жабушы қабат пайда болады. Жабушы қабаттың қалыңдығы әдетте бірнеше микрометрден аспайды.

2.1 Сурет

Донорлар мен акцепторлардың кеңістіктік зарятарының көлемдік тығыздықтары бір-біріне тең, яғни q×Nд = – q×Nа. Көлемдік заряд есебінен p-n өткелде Е өрісі пайда болады (2.1,г -сурет), оның кернеулігі өткел шекарасында ең үлкен шамаға жетеді. Бұл өріс негізгі тасымалдаушылардың диффузиясына кедергі жасайды (диффузиялық ток кемиді), бірақ қосалқы заряд тасымалдаушылардың қозғалысына септігін тигізеді. Е өрісінің әсерінен қосалқы заряд тасымалдаушылардың қарама-қарсы бағыттардағы қозғалысы әсерінен, яғни кемтіктердің n-облыстан p-облысқа, ал электрондардың p-облыстан n-облысқа қозғалысынан, ығу тогы пайда болады. Оқшауланған шала өткізгіште токтардың қосындысы нөлге тең, сондықтан динамикалық тепе- теңдік орнайды. Өткел облысында энергетикалық диаграммалардың қисаюы болады және қабаттар шекарасында беттесу потенциалдарының айырмасы деп аталатын потенциалдық тосқауыл пайда болады jк = DЕ/q (2.1, д -сурет).

DЕ электр өрісі кернеулігінің өзгерісін, мысалы, электрондар үшін энергиялық диаграммадағы өткізгіштік аймақтың түбінің ығысуы бойынша анықтауға болады, q – электрон заряды.

Потенциалдық тосқауыл

jк = DЕ/q = (ЕcpEcn)/q = (кТ/q) ln(pp/pn) = (кТ/q) ln(nn/np) =

= (кТ/q) ln[(NaNд)/ni2],

мұндағы кТ/q=jT – температуралық потенциал.

Т =300 К болғанда jT = 0,026 В.

2.1 Сурет

Назар аударатын бір жәйт – рекомбинацияланушы зарядтардың саны екі жақта да бірдей, ал шоғырлануы әртүрлі болғандықтан өткел n облысқа толығымен дерлік жинақталады.

2.1 Сурет


2.2 p-n өткелдің тура ығысуы

p-n өткелге тура ығысу кернеуін Uтура берейік (2.2,а -сурет), яғни p-облысқа плюс, ал n- облысқа – минус. Uтура p-n өткелдің потенциалдық тосқауыл шамасын jк азайтады Uауыс=jк – Uтура.

p-n өткелдің ені азаяды да, негізгі заряд тасушылар өткелге қарай қозғалып, инжекция есебінен диффузиялық ток өседі. Инжекция – негізгі заряд тасушылар­ды өткел арқылы, тура ығысу кезінде олар қосалқыға айналатын облысқа енгізу.

Әдетте Uтура – вольттың ондық бөліктеріне, ал Iтура – бірден бастап ондаған миллиамперге жетуі мүмкін.

2.3 p-n өткелдің кері ығысуы

p-n өткелге кері ығыстыру кернеуін түсірейік (2.2,б-сурет). p-облысқа минус, ал n-облысқа – плюс береміз. Потенциалдық тосқауыл шамасы өседі. Жабушы қабат кеңейеді, Uауыс = jк+Uкері. Заряд тасушылар өткелден алыстайды да, өткел кедергісі жоғарылайды. Диффузиялық ток кемиді де, кері ток шамасы өседі. Кері ығысуда экстракция орын алды – кері ығысу салдарынан қосалқы заряд тасушыларды, негізгі тасушыға айналатын облысқа енгізу.

|Uкері | > jТ болғанда, кері ток Iкері, p-n өткелдің ығу тогыныңқанығу шамасына I0 ұмтылады. I0 тек қосалқы тасушылардан туындағандықтан Uкері кернеуінен тәуелсіз.

Uкері шамасы ондаған және жүздеген вольтқа жетуі мүмкін (жылу әсерінен тесілумен шектеледі), Iкері – бірлеген және жүздеген микроампер болады.

Тура және кері ығысуды қарастыра отырып, мынандай маңызды қорытынды жасауға болады: қосалқы тасушылардың үлесі негізгі тасушылардың үлесінен біршама аз болғандықтан, қосалқы тасушылардан туындаған кері ток, негізгі тасушылардан туындаған тура токтан біршама аз (Iкері << Iтура), яғни өткел біржақты өткізгіштікке немесе түзеткіштік қасиетке ие болады.








Дата добавления: 2017-04-20; просмотров: 2313;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.006 сек.