P-n өткелдің вольтамперлік сипаттамасы

p-n өткел арқылы өтетін токтың оған келтірілген кернеуден тәуелділігі электрондық-кемтіктік өткелдің вольтамперлік сипаттамасы деп аталады (ВАС). Оның түрі

I = I0 [exp (U/jT) – 1],

мұндағы I0|–U| >> jT болғандағы қанығудың кері тогы.

2.3-суретте p-n өткелдің ВАС келтірілген, мұндағы өстердің масштабтары токтың оң (миллиампер) және теріс мәндері (микроампер) үшін әртүрлі.

Тура кернеуді Uтура арттырғанда тура ток Iтура экспонента бойынша өседі, өйткені Uтура артуымен потенциалдық тосқауыл төмендеп негізгі тасушылардың диффузиясы өседі .

Кері ток шамасы температураға аса тәуелді (графикте Т2 > Т1), |Uкері| >> jT болғанда I0 тогы кері кернеуге тәуелді емес, ол қосалқы заряд тасушылардың концентрациясымен шартталған.

2.5 p-n өткелдің негізгі параметрлері

2.5.1 Сипаттамалық кедергілер:

а) тұрақты ток бойынша кедергі (сурет 2.4,а)

R = U/I = jT ln(I/I0+1)/I = (jT / I) ln(I/I0+1);

RA=U1/I1, RB=U2/I2;

б) айнымалы ток бойынша кедергі rд немесе дифференциалдық кедергі (2.4,б сурет)

rд = dU/dI=d[jT ln(I/I0+1)]/dI=(jT× I0) / [(I+I0)I0]=jT / (I+I0) » jT/I;

rдA = dU1 / dI1 = DU1/DI1 ;

rдB = dU2 / dI2 = DU2/DI2 .

2.5.2 p-n өткелдегі сыйымдылықтар

p-n өткелдегі сыйымдылықтар тосқауылдық және диффузиялық болып ажыратылады:

а) тосқауылдық (зарядтық) сыйымдылық Cтосқ p-n өткелдің тепе-теңдік шарты және кері ығысуы кезінде жабушы қабатта зарядтардың (оң және теріс иондардың) болуынан туындайды, яғни өткелдегі зарядтардың қайта таралуын бейнелейді

,

мұндағы e -шала өткізгіштің диэлектрлік өтімділігі;

e0вакуумдағы диэлектрлік өтімділік;

Sөткел ауданы;

l өткел ені;

jкпотенциалдық тосқауыл биіктігі.

Uкері-нің артуымен тосқауылдық сыйымдылық -ге пропорционалды кемиді. Тосқауылдық сыйымдылықтың шамасы ондаған, жүздеген пикофарадаға тең;

б) диффузиялық сыйымдылық Сдиф p-n өткелдегі тура ығысу кезінде негізгі тасушылардың инжекциясы есебінен зарядтардың өзгеруінен пайда болады (өткел маңындағы зарядтардың қайта таралуын бейнелейді)

Сдиф = (q/kT)Iтураt = Iтураt /jТ,

мұндағы Iтура – тура ток;

t– тасушылардың өмір сүру уақыты;

j Т - температуралық потенциал.

2.5.3 Кері токтың температуралық тәуелділігі

Жылулық кері ток I0t температураға тәуелді, өйткені шала өткізгішті қыздыру кезінде қосалқы тасушыларды өндіру өседі, бұл кездегі жылулық ток германийден жасалған аспаптарды 8ºС-ге, ал кремний ден жасалған аспаптарды 10ºС-ге қыздырғанда екі есе өседі.

I0t =I0 eaDt,

мұндағы I0 – бастапқы температурадағы жылулық ток;

Dt – температура өсімі;

a -токтың температуралық еселігі, a=0,08 1/ºС.








Дата добавления: 2017-04-20; просмотров: 1592;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.004 сек.