Шала өткізгішті резисторлар

Шала өткізгішті резистор – бұл қоспалар біркелкі таралған шала өткізгіштен құрылған, екі шықпасы бар шала өткізгішті аспап. Қоспаның түріне және резистордың конструкциясына қарай олар: сызықты резисторлар, варисторлар, терморезисторлар, тензорезисторлар, фоторезисторлар болып бөлінеді.

Сызықты резистор – кремний немесе галий арсениді сияқты аз қоспалы материал қолданылатын шала өткізгішті резистор

Оның меншікті электр ағысына кедергісі электр өрісінің кернеулігі мен электр тогының тығыздығына тәуелдігі шамалы. Сондықтан сызықты шала өткізгішті резистордың кедергісі, кернеу мен токтың кең аясында тұрақты деуге болады, олар интегралдық микросхемаларда кеңінен пайдаланылады.

Варистор – кедергісі келтірілген кернеуге тәуелді шала өткізгішті резистор

Вольт–амперлік сипаттамасы түзу сызықты. Кремний карбидінен жасалады.

Варистордың негізгі параметрлерінің бірі – бейсызықтық еселігі, ол тұрақты ток кедергісінің (R) айнымалы ток кедергісіне (Rд) қатынасымен анықталады:

ε= R / Rд =(U / I) / (dU / dI)

Әртүрлі резисторлар үшін ε = 2…6.

Варисторлар аз инерциялы аспап болып табылады. Олар аз қуатты кернеу тұрақтандырғыштарда, күшейтуді және өткізу жолағын автоматты реттеу тізбектерінде, сонымен қатар мониторларда кадрлік және жолдық келтіру параметрлерін тұрақтандыру үшін пайдаланылады.

Терморезистор – жұмыс істеу принципі шала өткізгіштің электр ағысына кедергісінің температурадан тәуелділігін пайдалануға негізделген шала өткізгішті резистор

Терморезисторлардың екі түрі пайдаланылады: термистор – оның кедергісі температура жоғарылағанда кемиді және позистор, оның кедергісі температура өскенде өседі.

Терморезистордың негізгі параметрі - кедергінің температуралық еселігі өнеркәсіпте шығарылатын терморезисторлар үшін, α = 0,3…0,66.

Терморезисторлар электрондық құрылғылардың режимдерін тұрақтандыруға, температураны реттеу жүйелерінде, жылу әсерінен қорғауда, өрттен қауіпсіздендіру жүйелерінде және т.б. салаларда кеңінен қолданылады.

Фоторезистор – кедергісі жарықтың түсуіне тәуелді шала өткізгішті резистор








Дата добавления: 2017-04-20; просмотров: 2519;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.005 сек.