Постреляциялық модель

Классикалық реляциялық модель кестенің өрісіндегі жазуда сақталған мәліметтердің бөлінбеушілігін ұсынады. Бұл кестедегі ақпараттың алғашқы қалыпты формадағы ұсынылатындығын көрсетеді. Шектеулерде қосымшалардың тиімді жүзеге асырылуына кедергі жасайтын жағдайлар кездеседі.

Постреляциялық модель кесте жазуында сақталатын мәліметтердің бөлінбейтіндігі тәрізді шектеуді болдырмайтын кеңейтілген реляциялық модель болып табылады. Мәліметтердің постреляциялық моделі көп мәнді өрістерді – мәндері ішкі мәндерден тұратын өрістерді ұсынады. Көп мәнді өрістердің мәндерінің жиынтығы негізгі кестеге орнатылған өзіндік кесте болып табылады. Бірдей мәліметтерді салыстырмалы түрде реляциялық (а) және постреляциялық модельмен (ә) сипаттайтын мысал келтірейік. 1-кесте құжат нөмірі мен алушылардың номері туралы мәліметтерден тұрады. 2-кесте құжат нөмірінен, тауар атынан және тауар мөлшері туралы мәліметтерден тұрады. Екі кесте бір-бірімен құжат нөмірі өрістері бойынша байланысқан.

а) 1-кесте

Құжат нөмері Сатып алушы нөмері

 

2-кесте

Құжат нөмері Тауарлар Саны (мөлшері)
Дәптер
Кітап
компьютер
Принтер
Модем
Компьютер үстелі

 

ә) 3-кесте

Құжат нөмері Сатып алушы нөмері Тауарлар Саны (мөлшері)
Дәптер
    Кітап
компьютер
    Принтер
    Модем
Компьютер үстелі

 

Кестелерде келтірілгеніндей реляциялық модельмен салыстырғанда постреляциялық модельде мәліметтердің сақталуы тиімділеу, сондай-ақ, өңдеу барысында екі кестедегі мәліметтерді біріктіру операциясын орындау талап етілмейді. Өрістердің қабаттасуымен қатар, постреляциялық модель ассоцияцияланған көп мәнді өрістерді қамтиды. Бұдан жолдағы ассоциацияның бір бағанындағы бірінші мән оссоциацияның басқа барлық бағандарындағы бірінші мәнге сәйкес келеді. Дәл осылайша басқа бағандардың екінші мәндері де дәл осылай байланысады.

Кестедегі жазулардың өрісінің мөлшері мен өрістің ұзындығына тұрақтылық талабы қойылмайды. Бұл кестедегі мәліметтердің құрылымының өте икемді болатынын білдіреді.

Өйткені постреляциялық модель бойынша кестеде нормальданбаған мәндерді сақтауда да мәліметтердің қарама-қайшылықсыздығы мен тұтастығын қамтамасыз ету проблемасы пайда болды. Бұл проблема МҚБЖ-сі механизмдерінде ұқсас сақталатын процедураларды клиент сервер жүйелеріне қосу арқылы шешіледі.

Бақылау функциясын сипаттау үшін өріс мәндерінде процедура құру (конверсия коды мен корреляция коды) мүмкіндігі бар, ол мәліметтерге оралғаннан кейін немесе оралғанға дейін автоматты түрде шақырылады. Корреляция коды мәліметті оқығаннан кейін, өңдеу алдында орындалады. Ал конверсия коды керісінше, мәліметтерді өңдегеннен кейін орындалады. Постреляциялық модельдің жетістігі байланысқан реляциялық кестелер жиынтығын бір ғана постреляциялық кестемен беруде болып табылады. Бұл ақпаратты беруде аса үлкен көрнекілікті қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, мәліметтерді өңдеу тиімділігін арттырады.

Постреляциялық модельдің кемшілігі – сақталынған мәліметтердің қарама-қайшылықсыздығы мен тұтастығын қамтамасыз ету проблемасын шешудің күрделігінде болып табылады.

Мәліметтердің постреляциялық моделіне uniVers, Bubba және Dasdb МҚБЖ-рі жатады.








Дата добавления: 2017-01-29; просмотров: 3434;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.004 сек.