Мән, байланыстар және атрибуттар
Өндірістік фирма жұмысын есепке алатын мысал қарастырайық, яғни жоба, деталь, деталды жеткізушілер, деталды сақтаушы қойма, жобамен жұмыс жасайтын қызметкерлер туралы ақпараты есепке алу мәліметтер қорын.
Жоба, деталдар, жеткізушілер, қызметкерлер ақпаратты сақтауға арналған негізгі объектілер болып табылады.
Негізгі объектілерден басқа олардың арасында қатынас болады. 2-суретте төртбұрыш арқылы объектілер, қатынастар түзу сызық және ромб арқылы көрсетілген.
Мән – бөлек объект типі(мысалы, адам, деталь).
Атрибут – объекттің кейбір сипаттамаларын беретін қасиет (мысалы, фамилия, салмақ).
Байланыс – бірнеше мәнді біріктіреді.
МҚ құрылымын «Мән – байланыс» диаграммасының көмегімен анықтау
2-сурет. Мән – байланыс сызбасының(диаграммасының) мысалы
Мысалы, SP қатынасы жеткізушілер мен деталдар арасындағы қатынасты анықтайды: әрбір деталды белгілі бір жеткізуші арқылы әкелінеді, немесе керісінше әрбір жеткізуші белгілі бір деталды жеткізеді.Сол сияқты, деталдар жобаларда (PJ қатынасы) қолданылады, қоймада(WP қатынасы) сақталады және т.б. Бұл қатынастар екі жақты екенін есте сақтаған жөн, яғни екі бағытта да қарастыруға болады. Мысалы, SP қатынасының көмегімен төмендегілерді орындауға болады:
- Берілген жеткізуші үшін өзі әкелетін деталдарды табу;
- Берілген детал үшін оны әкелген жеткізушіні табу.
МҚ-ын қолданудың артықшылықтары
«Қағаз түрінде» сақталатын ақпаратқа қарағанда МҚ-ын қолданудың негізгі артықшылықтары:
- Жинақтылығы;
- Жылдамдығы және өте аз күш жұмсау;
- Ақпараттың дәлдігі;
- Мәліметтер қорын орталықтан басқару(негізгісі).
Мәліметтер қорын құратын және оларға сұранысты өндеу жүйесі - мәліметтер қорын басқару жүйесі(МҚБЖ) деп аталады.
Бақылау сұрақтары:
1. Мәліметтер қоры дегеніміз не?
2. Мәліметтер қоры жүйесі дегеніміз не?
3. Кесте, жазба және өріс қалай анықталады?
4. Мән, байланыс және атрибуттардың қызметі не?
5. Мәліметтер қорын қолданудың негізгі артықшылықтары?
Дебиеттер
[3], [4], [7], [10].
ЫСҚАША ДӘРІСТЕР КОНСПЕКТІСІ
Дәріс.
Тақырыбы:Мәліметтер қорын басқару жүйесі және оның негізгі компоненттері. Қазіргі МҚБЖ.
Дәріс мақсаты:Мәліметтер қорын басқару жүйесінің құрылымын және негізгі қызметтерін анықтау.
Кілттік сөздер:мәліметтер қорын басқару жүйесі, сұраныс, деретер, тілдік құрылғылар.
Жоспары:
2.1. Мәліметтер қорын басқару жүйесі
2.2. Қазіргі МҚБЖ-нің негізгі қызметтері
Дата добавления: 2017-01-29; просмотров: 3135;