Химиялық жабдықтарды конструкциялаудың негізі мен принциптері

 

Химиялық жабдықтарды жобалау, алғаш мәліметтерді айқындаудан басталады, яғни атқарылушы процесс түрі мен атқарылу сипатын (қатысушы нысандар түрі мен олардың сипаттамалары, олардың мөлшері, технологиялық параметрлері (t, ρ, ᵂᵢ және түрлену дәрежесі және т.б.), жобаланушы нысанға қойылған жалпы талаптарды, өнім сапасы мен өндірілу көлемі және т.б.

Әрбір жобаланушы аппарат белгілі дәрежеде келесі талаптарды қанағаттандыруы тиіс: жоғары тиімділігі, пайдалану сенімділігі(беріктік, қатаңдық, тұрақтылық,герметикалығыменен сипатталатын); .ұзақ мерзімді пайдаланылуға бейімділігі(есептемелік және нақтылы ұзақмерзімділік); стандартталған және нормалданған тетіктер мен бөлшектерді қарастыруы; құрастыру және бөлшектеудегі қолайлылығы , тасымалданудағы және жөнделінімділігі; тасымалдау, монтаждау, пайдаланылу және жөндеу барысындағы қауіпсіздік; экологиялық жетілгендігі, өндірістік және пайдалану технологиялығы; эргеномика және техникалық эстетикалық негізгі қағидаларына сәйкестігі, жабдықтың патенттік тазалығы.

Конструкциялау әдістемесінің қағидалары

Жобаға берілетін техникалық тапсырмаменен жұмыс барысында және техникалық ұсыныстарды қалыптастырудажабдық жобаланылып отырған өнеркәсіп саласының елде, сонымен қатар шет елдерде даму тендениясына талдау жасау үлкен мағынаға ие.

Химия өнеркәсібінің машиналары мен аппараттары жұмысы көптеген параметрлерге тәуелді болатын күрделі техникалық нысандар болып табылады да, шынайы мәліметтердің болуы конструкцияның тиімді және оптимал түрін қабылдауға мүмкіндігін береді.

Конструкциялардың сабақтастық принципі машиналар мен аппараттардың жаңа конструкциясын әзірлеу барысындағы белгілі рационал техникалық шешімді қолдану мүмкіндігін береді, және де бұл шешімдер базалық конструкция бола отырып даму және жетілдіру резервтеріне ие болуы қажет.

Конструкторлық құжаттарды әзірлеудің негізгі кезеңдері

Техникалық тапсырма (ТТ) - жобаланушы машина немесе аппараттың негізгі сапа көрсеткіштері қарастырылған маңызды құжат болып табылады. Құжат тапсырыс берушілермен немесе орнатылған тәртіпте келісіліп бекітіле отырып, орындаушыменен әзірленуі мүмкін. Мұнда жобаны әзірлеудің барлық кезеңдері, бірге қарастыруға және келісуге тиісті құжаттар тізімі, жоба нәтижелерін таныстыру және қабылдау тәртіптері көрсетіледі.

Техникалық ұсыныс (ТҰ) - жобалаудың алғашқы кезеңі болып табылады да, мұнда патенттік шолу және ұқсаса жабдықтарға талдау жасалады, техникалық шешімнің мүмкін нұсқалары анықталады, нұсқалар салыстыра талдаудан өтіп, қабылданған нұсқа талданады, және де әзірлемені қолданғандағы межеленуші техника-экономикалық әсерге жорамалды баға беріледі. Тиімді шешімді қабылдау барысында конструкцияның патенттік тазалығы мен оның бәсекеге қабілеттілігі, қауіпсіздік және өндірістік санитария шарттары, стандарттау деңгейі мен басқа да сипаттамалары тексеріледі. ТҰ келісілгеннен және бекітілгеннен соң нобайлық және техникалық жобаларды әзірлеуге негіз болып табылады.

Нобайлық жоба (НЖ-Э) конструкцияның құрылымы мен жұмыс принципі, оның параметрлері мен габариттері жөнінде мағлұматтар беретін құжаттар кешенін қарастырады.

Жалпы көрініс сызбасы, негізгі агрегаттары мен тораптарының кинематикалық схема не сызбалары орындалады, жабдықтың жеке элменттері конструкциясының ықтимал нұсқалары қарастырылады, олардың патенттік тазалығына тексеріліп патенттік қорғау мүмкіндігі, сонымен қатар тиімді нұсқаға тұжырымдама беріледі. Сонымен қатар жабдықтың немесе оның негізгі элементтерінің үлгілері мен макеттері жасалынып сыналады, және де қажетті технологиялық, жылулық және басқа да есептеулер орындалып, техникалық сипаттамалардың, сенімділігі мен жұмысқа қабілеттілігінің деңгейінің сәйкестігі тексеріліп, техника-экономикалық көрсеткіштері пысықталады.

Техникалық жоба (ТЖ)-жобаланушы бұйым құрылысы жөнінде толық елес алуға мүмкіндік беретін түпкілікті техникалық шешімді қарастырушы конструкторлық құжаттар қарастырылады. Міндетті түрде жалпы көрініс, жинақ бірліктері мен агрегаттарының сызбалары болуы тиіс, мұның негізінде жұмысшы сызбалар орындалады.

Жобаның түсіндірме жазбасында техникалық деңгейге және әзірлеме сапасына баға беріліп, сенімділікті, қауіпсіздік пен тиімділікті дәлелдеуші есептеулер орындалады.

Жұмысшы құжаттар-алдыңғы кезеңдерде конструкторлық құжаттарға кірмеген барлық бөлшектер мен жинақ бірліктер сызбаларын, спецификациялар мен ведомстілерді қарастырады. Жұмысшы құжат (ЖҚ) тәжірибелік үлгіні немесе партиясын байқаушы сериясын (А) және басты сериясын жасау және сынау үшін дайындалуы мүмкін.

Жұмыстық жобалау кезеңінде тәжірибелі бұйымның және жабдықтың белгіленген сериясын зауыттың, ведомстваралық және мемлекеттік сынауларды орындайды. Өндірістік түпкілікті игерілген және тексерілген бұйым құжатына 6 литері беріледі, және де мұның негізінде жабдықтың бас сериясының шығарылуы басталады. Бір немесе бірнеше бұйымды бірреттік жасап шығаруға арналған жеке өндірісіне арналған құжат үшін U литері беріледі.

Техникалық шарт (ТШ) - материалға, затқа және бұйымға берілетін техникалық құжаттардың ажырамас бөлігі, және де бұл қарастырып отырған өнімге мемлекеттік не сапалық стандарттар әзірленбегенде не стандарттар талаптарын қатаңдастыру қажет болғанда әзірленеді. ТШ бұйымының техникалық сипаттамаларын және берілетін такелаждарды, жасалғаннан және монтаждалғаннан кейінгі қабылдану ережелерін, тасымалдау, анықтау, техникалық қызметпен пайдалану бойынша нұсқаулықтарда, дайындаушының кепілдемесін қарастырады.

Конструкциялау саласындағы нормативті құжаттар бұйымды конструкциялау барысында инженерлік іс-әрекетте жинақталған мол тәжірибе негізінде әзірленген мемлекеттік стандарттар (ГОСТ-тар), салалық стандарттар (ОСТ) мен нормалар (ОН), басшылық құжаттар (БҚ), техникалық шарт (ТШ) басшылық техникалық материал (БТМ).

Стандарттар материалдарға, дайындама сортагенттеріне, бұйым элементтеріне конструкторлық үйлестірілуіне, бұйымға, оның параметрлеріне, бұйым және оның элементтеріне есептеу әдісіне, жасалу, тасымалдану, монтаждау, сыналуы мен пайдалану ережелеріне, сондай-ақ конструкторлық құжаттардың рәсімделу тәртібін қамтиды.








Дата добавления: 2016-12-16; просмотров: 1675;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.007 сек.