Лекция. Іріктегіштер

1.Іріктегіштердің топтастырылуы жəне конструкциялары

2.Есептелуі жəне пайдалану ерекшеліктері

 

Төкпелі материалдарды фракцияларға бөлуге арналған машиналар мен аппараттар. Химия технологияларының түрлі процестерінде талап етілген түрленудің тиімді түрін қамтамасыз ету үшін ,жалған сұйылу қабатта процесстердің тиімді жүруі үшін түйіршіктің ірілігі 0,1 мм кем болмауы тиіс болса,лакбояулы өндіріс үшін түйіршік өлшемдері микрон бірлігіне бара-бар.

Ұсақталған материал құрамы əдетте түрлі өлшем мен пішіндерде болады. Сондықтанда бұл құрамнан талап етілген фракцияны бөліп алу қажет. Қатты дəндік материалдарды кесектерінің немесе дəндерінің ірілігі бойынша бөлуді классификациялау деп атайды. Классификациялаудың екі негізгі түрі мəлім:

-електік (іріктеу)-електе механикалық бөлуі

-гидравликалық- су немесе ауадағы тұну жылдамдығы бойынша бірдей болуыменен ерекшеленетін дəндер класына қоспаларды бөлу.

Ауада классификациялауда сеперациялау деп атайды.

Қоспаларды бөлуді гравитациялық,гравитациялы-екпінді жəне гравитациялы-центрдентебуші күштер өрісінде атқарылады.Аталған күш өрісінің алғашқы екі түрін електік жəне гидравликалық классификациялану үшін қолданса, үшінші түрін классификациялауда қолданады.

 

1-сурет.Сусымалы материалдарды фракцияларға бөлуге арналған аппараттар мен машиналардың топтастырылуы

1 суретте ортақтық негізделген жəне классификациялану түрін ескеретін сусымалы материалдарын бөлуге арналған аппараттар мен машиналардың топтастырылу схемалары келтірілген.

Схемада келтірілген аппараттардың əрбір түрі бірнеше конструктивті орындалуда шығарылады.

Іріктегіштер (грохоттар) жылжымалы жəне жылжымайтын ,қиғаш жəне горизонталь орналастырылған ,електеу бетіне қарай тегіс жəне цилиндрлік болып түрленеді.Електер санына байланысты бір немесе бірнеше електі болуы мүмкін.Жетек түрі бойынша іріктегіштер (жазық електік) тербелмелі,гирациялық (жартылай дірілді) және дірілді болуы мүмкін.

Тербелмелі іріктегіште електеуші бет қатаң кинематикалық байланыс арқылы жетектік эксцентрликтен мәжбүрлі қозғалысқа түседі.бұл агрегаттардың артықшылығы салыстырмалы жоғары өнімділігі мен жұмыс тиімділігі,конструкциясының жинақылығы,материалдың елеусіз үгетлуі.бсты кемшілігі бұл конструкцияның теңгерілмегендігі мен тіректің ұстындарының жылдам істен шығуы.

Гирациялық іріктегіштерде електік бет эсцентриктік білік әсерінен қозғалысқа келеді.қаңқа білікке қатаң бекітіледі.екпіндік центрден тебуші күш ,қаңқаның қозғалысы кезінде туындаған,қарсы жүкпенен теңгеріледі (дискада орнатылған).Диска эксцентриктік білікке отырылғызылған.Осының нәтиежесінде іріктегіш жақсы теңгерілген,жоғары өнімділік пен жұмыс тиімділігіне ие.

Дірілді іріктегіштерде тербетілуші күш қаңқамен қатаң байланысқан біліктегі дебаланспен туындайды.Сонымен қатар конструкциядағы серіппелі аспалдақ резеңкелі демфирмен бірге дайындалған.және де ол құрылыс конструкциясын дірілден сенімді изоляциялайды.

Дірілді ірктегіштер келесі арт ықшылықтарына орай кеңінен қолданылады.Іріктеудің жоғары өнімділігі мен тиімділігі ,басқа конструкцияға қарағанда елек саңылауының бітелуінің төмен ықтималдылығы ,ірі және ұсақ іріктеуге жарамдылығы,салыстырмалы елеусіз энергия шығынының болуы.

Барабанды іріктегіштер саңылаулы айналмалы барабаннан,тіректік құрылғыдан және жетектңк механизмнен тұрады.Фракциялауға жататын материал барабан ішіне беріледі де,үйкеліс күшінің әсерінен белгілі биіктікке көтеріледі де қопси еленеді,барабанның елеусіз қиғаштығына орай (4/7) оның қаптал бетіне жылжиды.Барабанды іріктегіштер жеке електерден карқасқа жиналады.Бұл іріктегіштердің басты артықшылығы ,бұл конструкциясының қарапайымдылығы мен жұмысынң біркелкілігі .Кемшілігі,үлкен өлшемділігі,аз меншікті өнімділігі және тиімділігі- әсіресе ұсақ матеиалдарды іріктеуді.

Гидроклассификаторлардың жұмыс принциптері,тұну жылдамдығының материал түйіршігінің өлшемдеріне тәуелділігіне негізделген.

Бірқатар қарапайым гидроклассификаторлардың конструкциясы бұл колсекциялы тұндырғыштар.Жіктеу келесідей жүреді.секциялар бойыменен түрліше іріліктегі түйіршіктері бар сұйық ағыны қозғалады.Классификаторға келіп түскен суспензия бірте-бірте жылдамдығын жоғалта бастайды.Осыған орай жылдамдықтың құлдырауына бара-бар түрде әр секцияда тиісті майдалықтағы түйіршіктер тұна бастайды.

Сонымен қатар өнеркәсіпте механикалық классификаторлар кеңінен қолданылады.Бұл типтегі аппараттарда тұнған қатты фазада (бұл аппаратар өлшемі 5-0,5 мм және онанда кіші өлшемдегі майда материалдарда бөліп алуда тиімі қолданады),үздіксіз шнекті және рейкалы (сыдырғышты) механикалық құрылғылармен үздіксіз түсіріледі.

Механикалық классификаторларға тән жалпылама кемшілік олардың төмен ПӘК—нің болуы,өйткені жете майдалануға берілген қатты фаза құрамында үлкен мөлшерде ұсақ түйіршіктер көп.( 20% 75 мкм дейінгі фракция).

Классификацияланудың жоғарғы өнімділігі мен тиімділігі центрден тепкіш күш классификаторларда қамтамасыз етіледі.Мұндай типтегі классификатороар ретінде гидроцклондар мен тұнбаны инекті түсірудегі тұндырғыш центрифугалар қолданылады.

Ауа сеператорлары.Сусымалы материалдарды фракцияларға бөлудегі кеңінен қолданушы жабдықтардың бірі бұл-ауа сеператорлары.Ауа сеператорлары құрғақ ұнтақтаудағы диірмендермен бірлесе ашық және жабық циклда жұмыс істейді.

Осыған орай ауа сеператорларын ауа-өткелі және ауа-циркуляциялық (тұйықталған) деп түрлендіреді.

Ашык циклдағы ауa ceпораторларда сусымалы материалдарда фракцияларға бөлу екі caтылы жүрeдi. Қoспаны дөрекi фракциялаy конусаpалық кеңiстiкте газ толасының жылдамдығының күрт құлдырауының салдарынан басым ауырлық күшi əсерiнен жүреді.Аппараттың бұл бөлiгiнде ipi түйіршіктердің тұнуына iшкi конустық жоғарғы бөлігінде орналасқан құйыпдатқышта елеyлi əсер eтедi. Аталған кұрғақ əсерiнен газ толасы центрдентeбу қозғалысқа түседi дe, түйіршіктiң тұнyына центpдентeбушi күш əсер етеді.Бұл кезде бөлушi ықпал өте ұсақ түйiршiктерге əcер eтедi(30-60 мкм дейін). Aya-циркуляциялық сeпоратopлар жоғарыда сипатталған ерекmeлiгi сонда, aya ағыны ұдайы циркуляцияда жүрeдi, жане тыс шығaрылмайды.

Сусымалы ортаны бөлуге aрналған машиналар мен аппараттарда параметрлiк есeптeу барысында: процестi aтқaрудың тиiмдi параметрлepiн орнату; əртекті орталардың шығыны мен олардың компоненттерiн; қажет өнiмдiлiкке сай нeгізгi конструктивтi элементтердің негiзгі өлшемдерiн, жəне де процестi iскe aсыруға кететін энергетикалық шығындарды. Катты сусымалы материалдарды классификациялауға aрналған материалдарды пайдaлану барысында қауinciздiк техникаcы бойынша талаптар материалдарды ұсaқтаyға арналған машиналарға берiлген талаптapдай.

 

 








Дата добавления: 2016-12-16; просмотров: 2028;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.008 сек.