Тойтармалық және болттық қосылыстарды жөндеу
Тойтармалық қосылыстардың жұмыс істеуін қалпына келтіру әдістерінің біріне тойтармаларды толық немесе бөлшектеп болттық қосылыстарға ауыстыру жатады. Бұл кезде болттық-тойтармалық қосылыстар немесе жоғары берікті, жоғары дәлдікті болттарды қолдану арқылы таза болттық қосылыстар пайда болады. Бір тойтарманы бір жоғары берікті болтқа алмастыру қажет.
Құрамында 10-ға дейін тойтармасы немесе болты бар тораптардағы және бірікпелердегі ақаулы тойтармалар мен болттарды ауыстыру барысында бір мезгілде бір тойтарманы немесе бір болтты ғана алып тастауға рұқсат етіледі. Ал тойтармалар мен болттар саны көп тораптар мен бірікпелерде бір мезгілде олардың санының 10%-ын ғана алып тастауға болады. Ақаулы тойтарманы алып тастау тойтарманы зақымдамай газдық кескішпен, пневматикалық қашаумен немесе тесу арқылы жүргізіуі тиіс. Ақаулы тойтарма алынып тасталған соң, ол тесіп тексеріледі, егер онда қисықтық, қиғаштық секілді ақаулар байқалса, онда ең жақын өлшемге келтіріп кеңейтіп тесу жүргізіледі.
Ақаулы (босаған) тойтармаларды беріктілігі жоғары болттармен ауыстыру кезінде болттар диаметрлері 8.8-кестеде көрсетілген мәндерге сәйкес болуы керек.
6.3-кесте
Тойтармаларды ауыстыратын беріктігі жоғары болттардың диаметрлері
Ауыстырылатын тойтармалар диаметрі (тойтарма астындағы тесік диаметрі) | Беріктігі жоғары болттар диаметрі, мм |
3/4// және 19...21 мм | |
7/8// және 23...25 мм | |
1// және 26...27 мм | |
28...30 |
Бірігу элементтерінде тот басу шамасы оның алғашқы қалыңдығының 20%-нан асатын жағдай байқалса, онда ол элементті ауыстыру керек болады. Үйкелу коэффициентінің мәні тазалау және жанасу беттерін өңдеу тәсілдеріне тығыз байланысты болады.
Болттардың әрбір партиясының беріліп отырған детальдардың стандарт талаптарына сәйкестігін көрсететін сертификаты болуы тіис.
Қосылыстың қажетті беріктігі болу үшін беріктігі жоғары болттардың белгілі бір тарту күші болуы тиіс. Беріктігі жоғары болттардың айналдыру моменттерінің есептік мәндері және олардың осыған сәйкес тарту күштерінің шамалары 6.4-кестеде келтірілген.
6.4-кесте
Беріктігі жоғары болттардың айналдыру моменттерінің есептік мәндері
Болттардың номинал диаметрі, мм | Болттарды тарту күші Р, кН | Айналдыру моменті Ма, Н*М |
Беріктігі жоғары тартуды жүргізудің екі тәсілі бар:
- сомын бұрағышпен жобалау мәнінің 90%-ын құрайтын күш жасау керек;
- келесі тарту жұмыстарын динамометрлік кілтпен жаймен бұрау керек.
Тарту бағытындағы кілт қозғалысы кезінде айналу моменті пайда болады.
Айналдырудың нақты моменті мен есептік моментінің ауытқуы 20%-дан аспауы тиіс. Болттарды жеткізбей тартуға рұқсат жоқ. Беріктігі жоғары болттарды дайындау және жөндеу кезіндегі тартуды бақылауды динамометрлік кілттермен жүзеге асырады. Ал бақылау қосылыстағы барлық болттарды тартып болған соң 8 сағаттан кем емес уақытта іске асырылады.
Қосылыстағы болттар санына m байланысты бақылауға түсетін болттар саны төмендегідей болуы тиіс
m, дана------------5 ке дейін------------5...20-------21 және одан көп
n, ---------------100% -------------------5 дана-------------25 %
Егер қосылысты бақылау барысында есептік мөлшерге дейін тартылмаған бір болт байқалса, онда бақылауға қосылыстың барлық болттары түседі.
Дата добавления: 2016-12-08; просмотров: 1499;