Шынжыртабан жүрісінің детальдарын жөндеу
Заманауи көлік техникасындағы шынжыртабан конструкцияларын жоғары пайдалану жаңа техникалық параметрлерімен ерекшеленеді, бұл өз кезегінде кез келген топырақпен жұмыс істеу барысында машинаның өткіштігі мен орнықтылығын қамтамасыз етеді.
Тірек және бағыттаушы аунақшалардың негізгі ақауларына жүгіру жолының тозуы, ернеулердің сыртқы және ішкі беттерінің тозуы, цилиндрлік беттердің тозуы, бұрандалардың мүжілуі мен үзілуі жатады. Тозу шамасы аз кезінде ернеулер мен жүгіру жолдарының беттерін аунақшалы құралбілікке орналастырып, токарлық-бұрамакескіш станоктарда жөндейді (5.9-сурет). Ал тозу шамасы үлкен болған жағдайда аталған беттерді флюс астында немесе қорғағыш газдар ортасында автоматты түрде ерітіп, сонан соң номинальді өлшемге механикалық өңдеумен келтіреді.
5.9-сурет. Шынжыртабан аунақшасының жүгіру жолдарын жону
Катоктардың жүгіру жолдарын ПП-АН-122 сымымен кеңқабатты балқыту УД-143 арнайы қондырғының көмегімен жөндеу заводтарында жүзеге асырылады. Екі жүгіру жолын аралық электродпен бір мезгілде балқыту өнімділікті 3 есе арттырады, келесі термиялық өңдеудің (балқытылған қабаттың қаттылығы 48...50 НRC құрайды) қажеттілігі болмайды және катоктардың тозуға төзімділігі 1,5 есе өседі.
Кең қабатты балқытуды қолдану пісіру сымының шығынын азайтуға және детальдарды жинау орнына механикалық өңдеусіз бағыттауға мүмкіндік береді. Бұл әдістің өнімділігі қолдық электрдоғалы пісірумен салыстырғанда 8 есе, бұрама сызығы бойынша балқытумен салыстырғанда 3 5 есе жоғары.
Қола және шойын втулкалары астындағы цилиндрлік тесіктердің тозуын тесіктерді механикалық өңдеумен жөндеу өлшемдеріне келтіру арқылы жояды (5.10-сурет).
5.10-сурет. Шынжыртабан аунақшасының ішкі тесіктерін кеңейту:
, сәйкесінше бойлық және көлденең берістер бағыттары
Жетекші және жетектегі дөңгелектерді 30ГЛ, 50Г, 35Л болаттарынан құйып жасайды. Олардың негізгі ақаулары: құрсаудағы сызаттар, жұдырықшалар беттерінің тозуы, жетекші білік пен ось астындағы тесіктердің тозуы, кілтек ойықтарының ені бойынша тозуы және т.б. құрсаудағы сызаттарды электрдоғалы пісірумен жөндейді. Жетекші дөңгелектің жұдырықшаларын қалпына келтіруді Т-500, Т-590 маркалы құбырлы немесе өзекшелі электрдоғалы балқыту арқылы жүзеге асырады. Механикалық өңдеу қиынға соғуына байланысты жұдырықшаларды мыстан немесе жезден жасалған қимаүлгілердің көмегімен (5.11-сурет) балқытуға рұқсат етіледі. Балқыту кезінде қимаүлгілер мен жұдырықшалардың арасындағы кеңістік металмен толтырылады. Балқытылған жұдырықшаларды біртіндеп салқындатып болған соң қимаүлгілер алынады да, жұдырықшалар беттері тазаланады.
5.11-сурет. Жетекші дөңгелектің жұдырықшаларын балқытып қаптастыру орындары
Біліктер мен осьтер астындағы тесіктердің тозуы кезінде алдымен беттерді автоматтық ерітумен ерітеді де, сонан соң тесіктерді номинальді өлшемге дейін келтіреді. Жетекші дөңгелектердің оймакілтектерінің бүйір беттерінің тозуы кезінде оларды электрдоғалы пісірумен ерітіп, номинальді өлшемге ұру станогында өңдеп келтіреді.
Шынжыртабан буындарының негізгі ақауларына тірек жолдарының, құлақшалардың, тарақшалардың тозулары жатады.
5.12-сурет. Шынжыртабанның тозған буындарын балқытып қаптастыру
Буындардың тозған жұмыс беттерін Т-590 маркалы арнайы электродты пайдалану арқылы балқытумен қалпына келтіреді (5.12-сурет).
Дата добавления: 2016-12-08; просмотров: 783;