Конвейер таспаларын жөндеу
Конвейер таспаларын жөндеудің қажеттілігі жергілікті бойлық және көлденең үзілулерді, резеңкелік жабулардың тозуы мен зақымдануын, таспа шетіндегі төсемелердің жұлынып кетуін және т.б. жөндеуге келіп тіреледі. Көбінесе таспалы конвейерді орнынан қозғамастан жөндейді. Таспаны ауыстырар және күрделі жөндеуден өткізер кезде конвейерден ажыратады. Тозған таспаны ауыстыруды жаңа таспаны құрастырумен бірге жүргізген ыңғайлы. Осы мақсатта тарту барабанынан (5.7 а-сурет, 2-торап) ескі таспа кесіп алынады да, оған қапсырма немесе болаттардың көмегімен жаңа таспаның 1 ұшы жалғанады [12]. Сонда жетекші барабанды 4 қоскан кезде жаңа таспа конвейерге тартылады да, ал ескісі барабанға 3 оралады. Сондай тәсілмен таспаны трактордың көмегімен де алмастыруға болады (5.7 ә-сурет).
5.7-сурет. Конвейердің тозған таспаларын ауыстыру сұлбасы:
а – жетекші барабан көмегімен; ә – трактор көмегімен; 1 – жаңа таспа; 2 – тартқыш барабан торабы; 3 – барабан; 4 – жетекші барабан; 5 – трактор
Шетіне дейін жыртылмаған таспаларды, ернеулердің зақымдануын таспа жетектерін жылжымалы вулканизациялайтын престердің көмегімен жөндейді. Таспалардың ернеулік бөліктерін жөндеуге арналған осындай престің түрі 5.8-суретте көрсетілген [12].
5.8-сурет. Конвейер таспасының ернеулік бөліктерін жөндеуге арналған вулканизациялайтын пресс:
1 – болат табақшалар; 2 – жылыту элементтері;
3 – шектегіш сызғыш; 4 – ұстағыш
Пресс қыздыру элементтері 2 бар болат табақшалардан 1, бұрандама қысқыштан 4 және шектеу сызғышынан 3 тұрады. Таспаны вулканизацияға дайындап болған соң жөндеу орнына 1 мПа-ға дейін қысым беретін вулканизатор орналастырады, ал қыздыру элементтері айнымалы ток желісіне қосылады. Вулканизациялау режимі кәдімгідей.
Дата добавления: 2016-12-08; просмотров: 814;