Істен шықпай жұмыс істеу ықтималдылығы

Техникалық әдебиеттерде «істен шықпай жұмыс істеу ықтималдылығы» термині жиі «механикалық сенімділік» немесе «сенімділік» терминімен ауыстырылады.

Жүйенің сенімділігін элементтерді параллель байланыстыру есебінен параллель қосылатын тең сенімді элементтер санына тәуелді жоғарылату 6.10-суретінде келтірілген.

Сенімділік деңгейін белгілеудебірнеше бағыттар белгілі.

Бірінші бағыт А.С. Прониковтің сенімділік сыныптарытүрінде ұсынылды (6.9-кесте).

 

Кесте 6.9

Сенімділік сыныптары

Сыныптар
Сенімділік деңгейі <0.9 0.9 0.99 0.999 0.9999

 

Нөлдік сынып істен шығуы іс жүзінде ескерілмейтін бөлшектер мен тораптарды біріктіреді. 1….4 дейінгі сыныптары істен шығудың талаптары жоғары бұйымдарды біріктіреді, ал 5-ші сынып істен шығуы болмайтын, жоғары сенімділікті бұйымдарды сипаттайды.

В.Н.Когаев, Ю.Н.Дроздов мәліметтері бойынша нормативті мәні теміржол, автомобиль және теңіз көлігі үшін, тау-кен және жол-құрылысы машиналары үшін тең. Жүккөтергіш машиналардың жауапты элементтері үшін жалпы тең.

ВЛ-60, ВЛ-8, ВЛ -10, ВЛ-80К және ВЛ-80Т электровоздарының істен шығулары бойынша статистикалық мәліметтерде істен шықпай жұмыс істеу ықтималдылығы бір рейс ішінде P(t)=0.987….0.989, ал жөндеу аралық кезең үшін .

Қауіпті жағдайға келтіруі мүмкін, ИЛ-86 ұшағының істен шығу ықтималдылығы ұшудың бір сағатында 10 тең, яғни, P(t)=0.9999, бұл ұшудың орташа алғанда 10000 сағатына тең.

Батыс Европа елдерінде жүйенің қауіпсіздігі көптеген жағдайларда істен шығулармен салдарлар санатымен және қауіптілік деңгейімен бағаланады (авиацияда, ғарыш техникасында және т.б.).

Қабылданған сенімділіктің әдістемелік деңгейіне сәйкес жүйелер сенімділігі әлеуметтік маңыздылығын – әлеуметтік маңыздылық коэффициентін ескере белгіленеді. Кез-келген себептен туындаған, кез-келген құрылымның істен шығу ықтималдылығы оның есептелген қызмет ету мерзімі кезінде мына формула бойынша анықталады:

(6.93)

мұнда, әлеуметтік маңыздылық коэффициенті (6.10-кестесінен қара); T – құрылымның жылмен есептегенде есепті қызмет ету мерзімі; L – қауіптілік уақыты кезінде құрылыс ішінде немесе тікелей жақын аралықта болатынадамдардың орташа саны.

6.10-кесте

Әлеуметтік маңыздылық коэффициенті

Құрылыс түрі
Адамдардың жиналу орны, платина 0.005
Тұрғын үй, конторлық, сауда және өнеркәсіп мекемелері 0.05
Көпірлер 0.5
Мұнаралар, мачталар және теңіз өнімдерін алу үшін арналған құрылыстар

 

Күрделі жүйелер үшін істен шығу ықтималдылығын мына формула бойынша анықтаған жөн:

(6.94)

 

Мысал.

Бұрғылау қондырғысының түсіру-көтеру кешенінің қажетті сенімділік деңгейін келесі мәліметтер бойынша анықтау: бұрғылау бригадасының мүшелерінің мұнара ішінде жұмыс жасайтын жұмыскерлер саны – 4 адам, бұрғылау қондырғысының қызмет ету мерзімі – 10 жыл, әлеуметтік маңыздылық коэффициенті – 5. (6.94) Формуласы бойынша анықтаймыз

(6.94)

Бұдан .

Сол себепті түсіру-көтеру кешенін жобалау және пайдалану кезінде ТКК элементтерінің (жылжымайтын шетінің бекіту механизмі, тәл арқаны, кронблок, тәл блогік, бұрғылау білігі және тежеу жүйесі) істен шықпай жұмыс істеу ықтималдылығын 0.999-ге жуық қамтамасыз ету қажет.

Жүйенің (құрылымның) элементтерінің сенімділігін нормалауды келесі оңтайландыру сынбағалары бойынша жүзеге асырылады:

Тең сенімділік сынбағасы:

 

, (6.95)

мұнда, - i-шіэлементтіңсенімділік деңгейі; N – сенімділіктің құрылымдық сұлбасындағы элементтер саны (тізбекті байланыс кезінде); - құрылыстың сенімділігінің ортақ талап етілетін деңгейі.

прототип бойынша

(6.96)

мұнда, - i-шітипті элементтердің істен шығуларының меншікті салмағы; - i-шіпрототип элементінің бұзылмау ықтималдылығы; - құрылыс прототипінің бұзылмау ықтималдылығы.

Минималды құны немесе салмақ критериясы

элементтерінің құрылыстың қосынды минималды құнын қамтамасыз ететін сенімділік деңгейін төмендегі формула бойынша анықтайды:

 

(6.97)

Шектеулер бар болса,

 

(6.98)

Мұнадғы - i-ші элементтің құны мен оның сенімділігінің арасындағы тәуелділік ( салмақ минимумының критериясы жағдайында – i-ші элементтің салмағы мен оның сенімділігі арасындағы тәуелділік).








Дата добавления: 2016-12-08; просмотров: 1281;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.009 сек.