Шыдам мерзімі көрсеткіштері
Қалпына келтірілетін нысанның пайдалану процессін 6.3-суретінде ұсынылған сұлба түрінде көрсетуге болады.
|
Шыдам мерзімін бағалайтын негізгі көрсеткіштер болып келесілер саналады: ресурс (орташа ресурс, гамма пайыздық ресурс, тағайындалған ресурс), қызмет мерзімі (орташа қызмет мерзімі, тағайындалған қызмет мерзімі).
Ресурс –нысанды қолдануды бастағаннан шекті күйіне дейінгі атқарған жұмыс көлемі.
Орташа ресурс – бұйымды пайдалану кезінде оның қирағанына немесе басқа шекті күйіне дейінгі орташа атқарған жұмыскөлемі – немесе ресурстың математикалық күтуі
, (6.23)
мұнда - уақыттың бастапқы сәтінде жұмысқа қабілетті нысандар саны; - j-ші бұйымныңресурсы; n – қалпына келтіру (жөндеу) циклініңсаны.
, (6.24)
Гамма пайыздық ресурс – пайызбен өрнектелген, белгіленген ықтималдығымен шекті күйіне жетпейтін нысанның сомалық атқаратын жұмыс көлемі .
Т атқаратын жұмыс көлеміне жеткенде, бастапқы кезде жұмысқа жарамды нысандардың жұмысқа жарамды болып қалады.
Қалпына келмейтін нысандарда ресурс және істен шығуға атқаратын жұмыс көлемі түсініктері сәйкес келеді., Істен шықпай жұмыс істеу ықтималдылығы берілген, қалпына келетін нысандар үшін бұл гамма пайыздық ресурс болып табылады.
Тағайындалған ресурс – нысанды тағайындалуы бойынша қолдану тоқтатылатын (оның қандай күйде екеніне тәуелсіз), оның сомалық атқаратын жұмыскөлемі. Тағайындалған ресурс бұйымды қауіпсіз пайдалануы немесе экономикалық түсініктер шарттарымен анықталады.
Осыға ұқсас көрсеткіштер жабдықтың қызмет мерзімін бағалау үшін де қолданылады. Қызмет мерзімін уақыт бірлігімен сипаттайды, ал ресурс атқарылатын жұмыс көлемін сипаттайтын болғандықтан, ол уақыт бірлігімен, жүріс километрімен, бұрғыланған ұңғымалар санымен, жүкті көтеру циклімен және тағы басқа бірліктерменөрнектеледі.
Қызмет мерзімі –нысанның жұмысқа қосылғаныннан оның шекті күйіне жеткенге дейінгі күнтізбелік уақыт.
Орташа Қызмет мерзімі – бұйымның бұзылуына немесе басқа шекті жағдайына дейінгі орташа күн тізбелік пайдалану ұзақтылығы –қызмет мерзімінің математикалық күтуі.
Қызмет мерзіміне тек жұмыс уақыттын жөндеу мен техникалық күтім көрсетуге кеткен уақыты ғана емес, сондай-ақ тоқтау, сақтау мен тасымалдау кезіндегі уақыттар да кіреді.
Гамма-пайыздық Қызмет мерзімі – пайызбен өлшенетін, берілген ықтималдылықпен шектік күйге жетпейтін, нысанның күн тізбелік пайдалану ұзақтылығы. Бұл дегеніміз, бастапқы уақыт сәтінде жұмысқа жарамды күйдегі бұйымдар пайдалану уақыты таусылғанмен жұмысқа жарамды болып қала береді.
Тағайындалған Қызмет мерзімі –тағайындалуы бойынша пайдалану тоқтатылатын нысанды пайдаланудың күн тізбелік ұзақтылығы.
МЕСТ 27.04-85 терминалогиялық анықталуы бойынша бұрғылау қондырғысы, технологиялық жабдықтаудың өзара функциональды байланысқан құралдарнан, өндіріс нәрселерінен және өндіріс жағдайында регламенттелген технологиялық процесстер мен операцияларды орындаушылардын құралған, күрделі технологиялық жүйе. Технологиялық жүйе сенімділігінің негізгі көрсеткіштері:
- технологиялық жүйенің кезіндегі гамма-пайыздық атқаратын жұмыс көлемін (ресурс, қызмет мерзімі) көрсететін, технологиялық кешеннің белгіленген істен шықпай атқаратын жұмыс көлемі (белгіленген ресурс, белгіленген қызмет мерзімі);
- өнімділік параметрлері, шығыны бойынша технологиялық жүйенің істен шықпай жұмыс істеу ықтималдылығы – өнімділік параметрлері, шығыны бойынша белгіленген атқаратын жұмыс көлемінде технологиялық жүйенің істен шығуы болмайтындығы ықтималдылығы.
- технологиялық кешеннің баптауға дейінгі тағайындалған атқаратын жұмыскөлемі – технологиялық жабдықталу құралдарына баптау жүргізілуі керек технологиялық кешеннің атқаратын жұмыс көлемі.
Дата добавления: 2016-12-08; просмотров: 1078;