Істен шықпағыштық көрсеткіштері
Істен шықпағыштық көрсеткіштерінің тізімі нысанның түріне байланысты. Осылай қайта қалпына келмейтін нысандардың істен шықпағыштық көрсеткіштері мыналар: істен шықпай жұмыс істеу ықтималдылығы, істен шығуға атқаратын жұмыс көлемі мен істен шығулар ағыны қарқындылығы. Қалпына келетін нысандардың істен шықпағыштық көрсеткіштері – істен шықпай жұмыс істеу ықтималдылығы, істен шығуға атқаратын жұмыс көлемі мен істен шығулар ағыны параметірлері.
Істен шықпай жұмыс істеу ықтималдылығы (ІШЖІЫ) – берілген атқаратын жұмыс көлемі шегінде істен шығулар болмауы ықтималдылығы (тез тозатын элементтерді ауыстыруын есептемегенде).
мұнда Т – ақаусыз жұмыс уақыты, - қалпына келу уақыты, - техникалық күтім көрсету уақыты.
Жекелеген көрсеткіштер арасында істен шықпай жұмыс істеу ықтималдылығы ең маңызды, осыған байланысты бұл көрсеткішті жалпылап жүйенің сенімділігі терминімен ауыстырады.
Инженерлік тәжірибеде істен шықпай жұмыс істеу ықтималдылығы уақыт аралығында статикалық түрде анықталады:
қалпына келмейтін нысандар үшін
, (6.1)
мұнда - уақыт сәтіне дейін тоқыраусыз жұмыс істеген нысан саны; - бастапқы уақыт сәтінде жұмысқа қабілетті объектілер саны;
қалпына келетін нысандар үшін
, (6.2)
Кесте
Дата добавления: 2016-12-08; просмотров: 1128;