Сапты және машинаны басқаруға арналған белгілердің кестесі

Белгі Шартты белгілер
Қолмен Жалаушалармен Шаммен
НАЗАР САЛ (НАЗАР САЛ, МЕН СИЯҚТЫ ЖАСА; ЖАУАП БЕРУ)   Оң қолды жоғары көтеріп, жауап бергенше ұстап тұру керек (НАЗАР САЛ белгісін қайталағанға дейін). Сары жалаушаны оң қолымен жоғары көтеріп, жауап бергенше ұстап тұру керек (НАЗАР САЛ белгісі қайталағанға дейін):     Ақ түсті шаммен – бірнеше нүктелер:      
КОМАНДИРЛЕРДІ (БАСТЫҚТАРДЫ) ЖИНАУ. Оң қолды жоғары көтеріп, бастан асыра айналдырып, одан кейін тез түсіру. Сол сияқты, қызыл жалаушамен және оң қолдағы сары жалаушамен:     Ақ түсті шаммен бастан асыра жартылай шеңберді көрсете оңға және солға бұлғау керек:        
МАШИНАҒА Екі қолды жоғары көтеріп, орындалғанша ұстап тұру керек. Сол сияқты, оң қолмен сары, ал сол қолмен қызыл жалаушамен:         Ақ түсті шаммен өзінің алдына оңға және солға иықтың деңгейімен бұлғау керек:      
ОРЫНДАРЫҢА Екі қолды жоғары көтеріп жанына қарай тез түсіру керек. Сол сияқты, оң қолға сары, ал сол қолға қызыл жалаушаны ұстап тұру:         Ақ түсті шаммен жоғары, төмен тік бұлғау керек:    
ОТАЛДЫР Оң қолмен өзінің алдында айналдыру. Сол сияқты, оң қолмен сары жалаушаны ұстап тұрып айналдыру:       Ақ түсті шаммен өзінің алдында айналдыру:        
ҚОЗҒАЛТҚЫШТЫ ӨШІР Өзінің алдына түсірілген екі қолмен бұлғау. Сол сияқты, оң қолмен сары, сол қолмен қызыл жалаушаны ұстап тұрып бұлғау:     Қызыл түсті шамды төмен қаратып, өзінің алдында жартылай шеңберді көрсетіп бұлғау:        
МАРШ(АЛҒА, ҚОЗҒАЛЫСТЫ БҰРЫНҒЫ НЕМЕСЕ ЖАҢА БАҒЫТТА ЖАЛҒАСТЫРУ, ЖОЛ АШЫҚ) Оң қолды жоғары көтеріп, қозғалыс жаққа бұрылып, қолды иықтың деңгейінде қозғалыс бағытында түсіру керек. Сол сияқты, оң қолдағы сары жалаушамен:         Жасыл түсті шаммен жоғары, төмен тік бұлғау керек:    
АРАҚАШЫҚТЫҚТЫ ҰЛҒАЙТ Сол қолды жоғары көтеріп, ал оң қолды жанына көлденең созып, онымен жоғары, төмен иықтың деңгейінде бұлғау керек. Сол сияқты, оң қолмен сары, ал сол қолмен қызыл жалаушаны ұстап:         Жасыл түсті шаммен сегіздікті көрсетіп, тік жазықтықта бұлғау керек:    
ТОҚТА Сол қолды жоғары көтеріп, өзінің алдына төмен тез түсіріп, орындалғанша қайталау керек. Сол сияқты, сол қолдағы қызыл жалаушамен:         Қызыл түсті шаммен жоғары, төмен тік бұлғау керек:      
АРА ҚАШЫҚТЫҚТЫ ҚЫСҚАРТ Оң қолды жоғары көтеріп, ал сол қолды жанына қарай көлденең созып, онымен төмен, жоғары иықтың деңгейінде бұлғау керек. Сол сияқты, оңмен сары, ал сол қолмен қызыл жалаушаны ұстап:       Қызыл түсті шаммен сегіздікті көрсетіп, тік жазықтықта бұлғау керек:      
МАШИНАЛАР СЫЗЫҒЫНА Екі қолын жанына қарай созып жауап бергенше ұстап тұру керек. Сол сияқты, оң қолына сары, ал сол қолына қызыл жалаушаны ұстап:     Жасыл түсті шаммен өзінің алдында оңға және солға иықтың деңгейінде бұлғау керек:        
ЛЕКТЕРДІҢ СЫЗЫҒЫНА Взводтық лектердің сызығына: екі қолды жоғары көтеріп, олармен бастан асыра бір-біріне айқастыру бұлғау керек. Сол сияқты, оң қолмен сары, ал сол қолмен қызыл жалаушаны ұстап:       Жасыл түсті шаммен жартылай шеңберді көрсете отырып бастан асыра оңға және солға бұлғау керек:        
  Роталық лектердің сызығына: екі қолды жоғары көтеріп, оларды бастан асыра бір-біріне айқастыра қойып қозғалыссыз ұстау керек. Сол сияқты, оң қолға сары, ал сол қолға қызыл жалаушаны ұстап:       Жасыл түсті шаммен жартылай шеңберді көрсетіп, бастан асыра оңға қарай бұлғау керек. Шамды бастапқы жағдайына қайтару жартылай өшірілген немесе жарықты қабылдаушыға көрсетпей, жауып жүргізу керек.    
ЛЕККЕ Оң қолды жоғары көтеріп, оны иық алдына тік ұстап түсіру керек (оны жауап алғанша ұстап тұру керек) Сол сияқты, оң қолмен сары жалаушаны ұстап:       Жасыл түсті шамды алдымен қозғалыссыз ұстап, содан кейін Марш белгісін жауап алғанша қайталау керек:    
БАРЛЫҒЫҢ АЙНАЛ Сол қолды жанына көлденең созып, ал оң қолды бастан асыра көтеру керек. Сол сияқты, оң қолға сары, ал сол қолға қызыл жалаушаны ұстау керек:         Жасыл түсті шамды алдында айналдыру керек:    
БАРЛЫҒЫҢ ОҢҒА(СОЛҒА) Сол қолды жанына қарай көлденең, ал оң қолды жоғары көтеру керек бұрылыс жаққа бұрылып, оң қолмен жоғары және иықтың деңгейінде төмен бұлғау керек (жауап алғанша қайталау керек). Сол сияқты, оң қолмен сары, ал сол қолмен қызыл жалаушаны ұстау керек:       Жасыл түсті шаммен жоғары, төмен тік және бұрылыс жаққа бұлғау керек:    
АПАТ(ЕРІКСІЗ АЯЛДАУ) Оң қолды жанына қарай көлденең созып, ал сол қолды жоғары көтеріп, оны бастан асыра оңға, солға бұлғау керек. Сол сияқты, оң қолмен сары, ал сол қолмен қызыл жалаушаны ұстау керек. Белгі берілгеннен кейін қызыл машинаға 45 градустық бұрышпен орнатылады.       Қызыл түсті шаммен өзінің алдында оңға және солға иықтың деңгейінде бұлғау керек:    

Ескерту. 1. Белгілердің кестесінде көрсетілгендер

- сары (ақ) түсті жалауша

- ақ түсті шам

- қызыл түсті жалауша

- қызыл түсті шам

- жасыл түсті шам

2. Белгі беретін жалауша тік бұрышты, 32х22 өлшемдегі, ұзындығы 40см ағашқа бекітілген матадан тұрады. Сары түсті жалаушаның орнына ақ түсті жалаушаны пайдалануға болады.

 








Дата добавления: 2016-10-17; просмотров: 2243;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.006 сек.