Жүгіру және еңбектеу
Сабақты бастар кезінде әскери оқытушы студенттерге, ұрыс барысында еңбектеудің әр-түрлі әдістері кең қолданылатынын түсіндіреді. Жергілікті жердің сипатына байланысты еңбектеу жорғалап, жартылай төртағандап және бүйірлеп орындалуы мүмкін. Ұрыста әр жауынгер еңбектеу әдісін өзі жеке таңдайды.
Еңбектеуді оқыту әдістемесі басқа да тәсілдер мен іс-қимылдарды оқыту секілді: алғашқыда оқытушы немесе бөлімше командирі еңбектеу әдісін үйлесімді түрде жылдам деңгейде, содан соң баяу деңгейде түсіндіре отырып көрсетеді. Көрсетіп, түсіндіргеннен соң бөлімше командирі бастапқыда бір немесе екі студентті оқытады, кейін бөлімшеге кіріседі.
Жорғалап еңбектеуді үйрету үш есепке жүргізіледі. «Жаса – БІР» есебіне сәйкес жерге нығыз жатқан жөн, сондай-ақ оң қолмен қаруды белдіктің жоғарғы айылбасынан алып жерге оң қолдың иық алдына қою тиіс. Келесі «Жаса – ЕКІ» есебі бойынша оң (сол) аяқты көтерумен қатар, бір мезгілде сол (оң) қолды мүмкіндігінше құлаштай созу міндет. «Жаса – ҮШ» есебіне орай, бүгілген аяқпен серпіле отырып денені алға қарай қозғау шарт, екінші аяқты тартып, басқа қолды құшақтау да керек және қозғалысты сол тәртіппен жалғастыру дұрыс болады. Тәсілді орындаған кезде студент әрқашан жауды бақылауға алуы тиіс және басты жоғарғы көтеруге болмайтынын есте ұстау қажет.
Жартылай төрттағандап еңбектеу үшін, әдеттегідей үш есепке жүргізуге болады. «Жаса – БІР» тіземен тұрып, иық алдымен немесе екі қолдың білегімен тірелі керек, сондай-ақ оң қолмен қарудың жоғарғы айылбасынан ұстап тұру қажет. Келесі «Жаса – ЕКІ» есебіне орай бүгілген сол (оң) қолды кеуде астына көтеру арқылы бір мезгілде сол (оң) қолды алға шығару абзал. Келесі «Жаса – ҮШ» есебіне орай денені оң (сол) аяқ түзелгенше алға қозғап, бүгілген басқа аяқты бір мезгілде өзіне қарай тарта отырып және басқа қолды соза отырып қозғалысты сол тәртіппен жалғастыру қажет.
Бүйірлеп еңбектеу үшін алғашқы «Жаса – БІР» есебіне орай, сол бүйірге жатып, оң қолмен сағағынан және ұңғы қорабынан ұстау керек.
Келесі «Жаса – ЕКІ» есебінде тізені бүккен күйде сол аяқты алға қарай созу керек, сонымен қатар сол қолдың иық алдына тірелу міндет. «Жаса – ҮШ» есебі бойынша оң аяқты бүге отырып, сол аяқтың орналасуын өзгертпей денені алға жіберу арқылы қозғалысты тәртіппен жалғастырған жөн.
Дата добавления: 2016-10-17; просмотров: 1124;