Озғалыс кезіндегі міндеттер.
Қозғалыс адыммен немесе жүгірумен жасалады.
Адыммен қозғалыс жасау минутына 110-120 адым қарқынымен жүзеге асырылады. Адымның ұзындығы - 70-80 см.
Сапта жүгіре қозғалыс жасау минутына 165-180 адым қарқынымен жүзеге асырылады. Адымның ұзындығы -.85-90 см.
Адым саптық және жорықтық болады. Орнында бұрылулар: «Оң-ҒА», «Жарты айналым оң-ҒА», «Сол-ҒА», «Жарты айналым сол-ҒА», «Артқа БҰРЫЛ» командалары бойынша орындалады.
Артқа, солға, жарты айналым солға бұрылулар сол қол жаққа қарай сол өкшемен және оң аяқтың ұшымен; оңға, жарты айналым оңға бұрылулар - оң қол жаққа қарай оң өкшемен және сол аяқтың ұшымен жасалады.
Бұрылулар екі тәсілмен орындалады:
бірінші тәсіл - дененің дұрыс қалпын сақтай отырып және тізелерді бүкпей бұрылу керек, дененің салмағын салмақ түсетін аяққа түсіру керек;
екінші тәсіл - кысқа жолмен екінші аяқты қою керек.
Саптық адым бөлімшелер салтанатты шерумен өткен, олар қозғалыста әскери сәлемдесуді орындаған, командир (бастық) бөлімшеге назар аударған, әскери қызметші командирге (бастықка) жақындаған және одан алыстаған, әскери қызметші саптан шыққан және сапқа қайтып тұрған кезде, сондай-ақ саптық даярлық бойынша сабақтарда қолданылады.
Жорықтық адым барлық қалған жағдайларда қолданылады.
Саптық адыммен қозғалыс жасау «Саптық адыммен - БАС» командасы бойынша басталады.
Жорықтық адыммен қозғалыс «Адым - БАС» командасы бойынша басталады, осы команда бойынша әскери қызметшілер үш саптық адым жасайды, одан кейін жорықтық адымға көшеді.
Алдын ала берілетін команда бойынша дене біршама алға ұсталады, орнықтылықты сақтай отырып, оның салмағын көбіне оң аяққа ауыстыру керек;
орындалатын команда бойынша қозғалыс сол аяқтан толық адыммен басталады.
Саптық адыммен қозғалыс жасау кезінде аяқты ұшын алға соза отырып, жерден 15-20 см биіктікке көтереді және табанға нық қояды.
Иықтан бастап қолдарымен дененің айналасында қозғалыс жасау керек: алға - оларды белдік тоғасынан жоғары алақанның енінде және денеден алақан аралығына көтерілетіндей, ал шынтақ қол білегінің деңгейінде болатындай етіп, шынтақтан бүгу керек; артқа – иық буынының шегіне жеткенше. Қолдардың саусақтары жартылай бүгіліп, басты тік ұстап, өзінің алдына қарау керек.
Жорықтық адыммен қозғалыс жасау кезінде аяқтың ұшын созбай, еркін қозғау және оны жерге кәдімгі жүріс кезінде сияқты қою керек; дененің айналасында қолмен еркін қозғалыс жасау керек.
Жорықтық адыммен қозғалыс жасаған уақытта командир (бастық) бөлімшеге назар аударған кезде, сондай-ақ «ТІК ЖҮР» командасы бойынша саптық адымға ауысу керек. Саптық адыммен қозғалыс жасау кезінде «ЕРКІН ЖҮР» командасы бойынша жорықтық адыммен жүру керек.
Жүгіре қозғалыс жасау «Жүгіре — БАС» командасы бойынша басталады.
Алдын ала берілетін команда бойынша орнынан қозғалыс жасаған кезде денені алға ұстап, шынтақты біршама артқа жіберіп қолды жартылай бүгу керек; орындалатын команда бойынша жүгіруді сол аяқтан бастау керек, жүгіру жылдамдығы бойынша қолмен артқа және алға еркін қозғалыс жасау керек.
Қозғалыста адым жасаудан жүгіруге ауысу үшін алдын ала берілетін команда бойынша шынтақты біршама артқа жібере отырып, колды жартылай бүгу керек. Орындалатын команда сол аяқты жерге қоюмен бір уақытта беріледі. Осы команда бойынша оң аяқпен бір адым жасау және жүгіре қозғалысты сол аяқтан бастау керек. Саптық адыммен Қозғалыс жасауды оқыту.
Саптық адым, саптық тәсілдерді үйренудегі ең күрделісі, қиыны болып табылады, оларды орындау студенттерден жинақтылықты, нақтылықты және қол мен аяқтың үйлесімділігін талап етеді.
Саптық адымның қолданылуын айта келе оны оқытуға оқытушы көшеді. Саптық адыммен қозғалыс жасауды оқытуды әр жаңа тәсіл секілді үлгілі көрсету арқылы бастаған жөн.
Саптық адым қозғалысын толық көрсеткеннен кейін, оқытушы бірінші дайындық жаттығуына – қолдың қозғалуын көрсетеді. сонан соң мынадай пәрмен береді: «Қолмен қозғалыс, жаса – БІР, жаса - ЕКІ».
Саптық адыммен қозғалыс кезiнде қолдардың күйiн көрсету.
«Жаса – БІР» есебі бойынша студенттер оң қолды жұдырықтап қозғалысқа келтіреді және қол белдіктен жұдырық көлемінде жоғары, ал денеден бір жұдырық қашықтықта ұстау керек, бір мезетте сол қолды артқа жіберу керек. Қолдардың саусақтары, жартылай бүгулі, ал оң қолдың жұдырығын сәл жоғары көтерген жөн. Келесі «Жаса – ЕКІ» есебі бойынша, олар сол қолды алға ал оң қолды артқа қозғалысымен қайталайды.
Әр есеп сайын оқытушы қолдың қозғалыстағы күйін тоқтатып қателіктерді жөндейді. Студенттердің көпшілігі кемшіліктерге бой алдырса, оқытушы «ТОҚТА» деген пәрмен береді, ал егер бір студент қана қателіктер жіберсе, онда «Қатардағы Асанов - ТОҚТА» деген пәрмен беріледі.
Дайындық жаттығудан кейін (қол үшін) студенттердің өз есебіне жаттығуды жалғастыруға болады. Бұл жаттығуды күрделендіру үшін орнында тұрып адымдауды қосуға мүмкіншілік бар.
Орнында тұрып адым жасауды көрсету «Орнында, АДЫМДА» пәрмені бойынша жүргізіледі. Осы пәрмен бойынша студенттер аяғын жерден 15-20 см биіктікке көтереді және аяғын қалыпты күйге қояды.
Бір орнында тұрып адыммен қолдарды қозғалысқа келтіру жаттығуын қайталау үшін командир «Орнында адыммен қолдардың қозғалысы, жаса – БІР, жаса - ЕКІ». Дайындық кезеңінде қолдардың күйіне баса назар аударылуы тиіс.
Орнында адым кезінде қолдардың дұрыс күйін үйренгеннен кейін, екінші дайындық жаттығуына көшеді.Алғашқыда минутана 60 адым төртке, екіге және бір есебі бойынша саптық адыммен қозғалыс, сонан соң қалыпты деңгейге (110–120 адым минутына) 70 – 80 см адымның көлемімен көшу.
Қолдардың қозғалысын бiр мезетте орнында тұрып адын жасау арқылы үйрену.
Екінші дайындық жаттығуын төрт есебі бойынша көрсеткеннен кейін,
бөлімшені алға төрт адым жасатып, оңға бағыттап мына пәрмен беріледі: «Саптық адыммен төрт есепке, АДЫМДА».
Осы пәрменнен кейін: «БІР, ЕКІ, ҮШ, ТӨРТ» деп т.б. санайды. «БІР» санағы қаттырақ дыбысталуы тиіс.
Алдыңғы «Саптық адыммен төрт есепке» пәрмені бойынша студенттер денесін, әсіресе көкірек жағын алға қарай, дене ауырлығын оң аяққа түсіре отырып жібереді. «АДЫМДА» атқарушы пәрмені бойынша және «БІР» есебі бойынша олар аяқтың ұшын алға қарай тарта отырып, сол аяқтан адымды толық орындай бастайды.
Бұл орайда, аяқтың ұшын алға қарай соза отырып, жерден 15-20 см биіктікте ұстаған жөн және оны нық қайта жерге қойып, сол мезетте оң аяқты жарты адымға сол аяққа қарай алға, жерден алшақтата отырып созады. Бір мізетте, Студенттер оң қолды алға, сол қолды артқа қарай бағытталған қозғалыспен жалғастыру қажет (бірінші дайындық жаттығуда көрсетілгендей) және сол аяқта тұру дұрыс болады. «ЕКІ, ҮШ, ТӨРТ» есебі бойынша кідіріп, осы уақытта жіберілген кемшіліктерді түзейді.
Келесі «БІР» есебі бойынша оң аяқпен қозғалысты қайталаса, «ЕКІ, ҮШ, ТӨРТ» есебі бойынша қайта кідіріс жасайды.
Екінші дайындық жаттығуын орындағаннан кейін бөлімше командирі (төрт есепке) осы қозғалысты екі есепке жүргізеді, ол үшін мынадай пәрмен беріледі: «Саптық адыммен, бөлім бойынша екі есепке, АДЫМДА» және «БІР, ЕКІ, БІР, ЕКІ» және т.б. «БІР» есебінде адым алға жасалады, «ЕКІ» есебінде кідіріс жасайды.
Егер студенттер қателік жіберсе, жаттығуды төрт есепке қайтадан қайталаған жөн. Жаттығуды орындағаннан кейін бөлімше командирі кідіріссіз әр есеп бойынша саптық адыммен қозғалыс жасау үшін мынадай пәрмен береді «Саптық адыммен бөлім бойынша әр есепке, АДЫМДА» және санайды: «БІР, ЕКІ» т.б. Сонан соң бөлімше командирі минутына 60-70 адым деңгейінде, бірте-бірте қозғалысты шапшаңдату, яғни минутына 110-120 адымға дейінгі деңгейде қозғалысты оқытуға кіріседі. Дем алу мен кемшіліктерді түзеу үшін оқушыларға толық жылдамдықтағы саптық адыммен қозғалыстан қайтадан төрт немесе екі есепке бөлім бойынша қозғалысқа өткені дұрыс. Жаттығу барысында тәсілді орындауда бөлімше минутына 110-120 адым деңгейде қозғалысты сақтауы қажет.
Бөлімше оқытушысы тік бұрыштың ортасында тұрып қажетті пәрмен береді. Егер, ол қозғалыста кемшіліктерді байқаса, оларды тоқтатып қажеттісін көрсетіп, одан әрі дайындықты жалғастырады.
Бөлім бойынша оқыту және толық үйрету студенттердің өз есебінде, пәрмен бойынша және командирдің есебі бойынша жүргізілуі мүмкін.
Студенттерге өз есебі бойынша жаттығуды орындау ұсынылуы мүмкін. Студенттерді кезекпен бөлімше командирі етіп тағайындау пәрмен беру тілі мен әдістемелік дағдының қалыптасуына ықпалын тигізетіні сөзсіз.
Дата добавления: 2016-10-17; просмотров: 2653;