Студенттердің командалық әдістемесін көтеру, шыңдау.
Cапқа тұрудың орнын, уақытын, тәртібін, киімнің нысаны мен жабдықты, сондай-ақ қандай қару және әскери техника болу керектігін ескертуге; қажет болған жағдайда бақылаушы тағайындауға;
саптағы өзінің бөлімшесінің (бөлімнің) санын, сондай-ақ қару-жарақты, әскери техниканы, оқ-дәрілерді, жеке қорғану құралдарын және бекініс құрал-саймандарын тексеруге және білуге;
қарамағындағылардың сыртқы келбетін, сондай-ақ жабдықтарының бар-жоғын және оның дұрыстығын тексеруге;
саптың тәртібін сақтауға және бөлімшелердің пәрмендер мен белгілерді, ал әскери қызметшілердің саптағы өз міндеттерін нақты орындауларын талап етуге;
жаяу сапта пәрмен берілгенде саптық тұрысты қабылдауға;
бөлімшелер қару-жарақпен және техникамен сапқа тұрғанда оларға сыртқы шолу жасауды жүргізуге, сондай-ақ жеке құрамды тасымалдауға арналған жабдықты түгендеуге және түзулігін, тасымалданатын (тіркелген) материалдық бөліктің, мүліктің салынуының дұрыстығын тексеруге;
қауіпсіздік талаптарын жеке құрамның есіне салуға;
қозғалыс кезінде белгіленген ара қашықтықты, жылдамдықты және қозғалыс ережелерін сақтауға міндетті.
Әскери қызметші:
өзінің қаруының, өзіне бекітіліп берілген қару-жарақтың, техниканың, оқ-дәрілердің, жеке қорғаныс құралдарының, бекініс құрал-саймандарының, нысанды киімдерінің және жабдығының түзулігін тексеруге;
нысанды киімдерін ұқыпты реттеуге, жабдықтарды дұрыс киюге және жөндеуге, анықталған кемшіліктерді жою үшін жолдасына көмектесуге;
саптағы өз орнын білуге, оған жылдам және әбігерсіз тұруға; қозғалыс кезінде түзелімді, белгіленген аралықты, ара қашықтықты сақтауға; қауіпсіздік талаптарын орындауға; (машинадан) саптан рұқсатсыз шықпауға;
сапта рұқсатсыз сөйлеспеуге және темекі тартпауға, өзінің командирінің бұйрықтары мен пәрмендеріне ықыласпен назар аударуға, оларды жылдам және нақты, басқаларға бөгет жасамастан орындауға;
бұйрықтарды, пәрмендерді бұрмаламай, қатты және нақты өткізуге (айтып жеткізуге) міндетті.
Әскери қызметшілердің міндеттерін оқып-үйрену орта мектептердегі, республикалық әскери мектеп-интернаттардағы, арнайы жоғары оқу орындарының қосымша уақытта өзіндік жұмысқа тапсырма пункті жете қарастырылады, сонымен бірге оқу орындағы оқу процесінің барлық уақытында реттілік пен тәртіптілікті сақтау мақсатында студенттердің осы міндеттерді күнделікті орындауды талап етіледі.
Бақылау сұрақтары:
1.Саптың анықтамасы
2.Командирдің міндеттері
3.Саптың элементтері
4.Саптағы әскери тәртіп
5.Әскери қызметшілердің міндеттерін оқып-үйрену
№ 3. Лекция сабағының тақырыбы: "Саптық тәсілдер және қарусыз қозғалыс жасау."
Жоспары:
1.Сап және Сап элементтері.
2.Саптық тұрысты қабылдау.
3.Қарусыз қозғалыстар жасауды меңгеру
Сабақтың мақсаты:Студенттердің саптық тұрыс дағдысын қалыптастыру.
Қысқаша мәтіні:саптық тұрысты қабылдау және орындау реті.
Дата добавления: 2016-10-17; просмотров: 1957;