Сап және Сап элементтері.
Тақырыпты оқып-үйрену үшін студенттерді сап туралы ұғыммен таныстырудан бастауды ұсынамыз. Түсіндіру көрнекілігі үшін бөлімшені бір қатарға сапқа тұрғызып және үлгі ретінде көрсете отырып, сапқа анықтама беруге болады.
Сап- әскери қызметшілердің, бөлімшелердің және бөлімдердің олардың өзара іс-қимыл жасаулары үшін жаяу тәртіптегі және машинадағы Жарғымен белгіленген орналасуы.
Одан ары қарай қатар, оң (сол) жақ қаптал, саптың тыл жағы, саптық маңдайшебі және т.б. не екенін түсіндіру қажет.
Қатар– қатарда белгіленген бір сызық бойында әскери қызметшілердің біреуі екіншісінің қасында орналасқан сап.
Машиналар бойы – машиналардың біреуі екіншісінің қасында бір сызық бойында орналасуы.
Сап қапталдары – саптың оң (сол) жақ шеті. Бұрылыс жасаған кезде сап қапталдарының аттары өзгермейді.
Маңдайшеп – саптың әскери қызметшілері тіке қарап тұрған жағы (машиналардың), бөлімшелердің және бөлімдердің арасындағы аралық.
Саптың тыл жағы – маңдайшеп жағына қарама-қарсы жақ.
Аралық– маңдайшеп бойынша әскери қызметшілердің (машиналардың), бөлімшелердің және бөлімдердің арасындағы аралығы.
Ара қашықтық – түкпір жаққа қарай әскери қызметшілердің (машиналардың), бөлімшелердің және бөлімдердің арасындағы аралық.
Сап ені – сап шеттерінің арасындағы аралық.
Саптың ұзындығы – саптың бірінші шетінен (алдыңғы тұрған әскери қызметшіден) саптың соңғы шетіне (соңғы тұрған әскери қызметшіге) дейінгі аралық, машиналар қозғалысында – машиналардың бірінші сызығынан (алдыңғы тұрған машинадан) машиналардың соңғы сызығына (соңғы тұрған машинаға) дейінгі аралық.
Екі қатарлы сап – бір қатардағы әскери қызметшілер басқа қатардағы әскери қызметшілердің ту сыртына қарай бір қадам арақашықтықта орналасқан сап (қолын созып, алдында тұрған әскери қызметшінің иығына салу). Қатарлар бірінші және екінші деп аталады. Сап бұрылыс жасағанда қатарлар өзгермейді.
Қатар – екі қатарлы сапта біреуі екіншісінің ту сыртында тұрған екі әскери қызметші. Егер бірінші қатардағы әскери қызметшінің ту сыртында екінші қатардың әскери қызметшісі тұрмаса, онда мұндай қатар толық емес деп аталады.
Екі қатарлы сап кері бұрылған кезде толық қатардағы әскери қызметші алдынңғы қатарға ауысады.
Бір қатарлы және екі қатарлы саптар жиналма немесе жайылма болуы мүмкін.
Жиналма саптағы әскери қызметшілер қатарда маңдайшеп бойынша бір-бірінен шынтақтарының арасында алақанның еніне тең аралықта орналасқан.
Жайылма саптағы әскери қызметшілер қатарда маңдайшеп бойынша бір-бірінен шынтақтарының арасында алақанның еніне тең аралықта орналасқан.
Жайылма саптағы әскери қызметшілер қатарда маңдайшеп бойынша бір-бірінен бір қадамда немесе командир белгіленген аралықта орналасқан.
Лек - әскери қызметшілер бір-бірінің ту сыртында, ал бөлімшелер (машиналар) – бір-бірінің артында Жарғымен белгіленген немесе командир белгілеген ара қашықтықта орналасқан сап.
Лектер бір, екі, үш, төрт және одан да көп қатарлы болуы мүмкін.
Лектер бөлімшелерді және бөлімдерді жайылма немесе жорық сапты орналастыру үшін қолданылады.
Жайылма сап – бөлімшелер маңдайшеп бойынша бір сызықтың бойында бір қатарлы немесе екі қатарлы сапта (машиналар сызығында) немесе лектің сызығында Жарғымен белгіленген немесе командир белгілеген ара қашықтыөта орналасқан.
Жайылма сап тексерістер, санақтар, байқаулар, парадтар жүргізу үшін, сондай-ақ басқа да қажетті жағдайларда қолданылады.
Жорық сабы – бөлімше лекке немесе бөлімшелер лектерде бір-бірінің артында Жарғымен белгіленген немесе командир белгілеген ара қашықтықта орналасқан сап.
Жорық сабы марш жүргізудегі, ән салып салтанатты шерумен жүріп өтудегі бөлімшелердің қозғалысы үшін, сондай-ақ басқа қажетті жағдайларда қолданылады.
Бағыттаушы– көрсетілген бағыттағы бірінші жүріп келе жатқан әскери қызметші (бөлімше, машина). Бағыттаушы бойынша қалған әскери қызметшілер (бөлімшелер, машиналар) өздерінің қозғалыстарын реттейді.
Тұйықтаушы – лектегі соңғы келе жатқан әскери қызметші (бөлімше, машина).
Студенттерді сап элементтерімен таныстырып және оны түсіндіріп болған соң білімдерін бекіту мақсатында 2-3 студенттен сұрауға болады. Бұл жағдайда студент сұрақ-жауап алуға көп уақыт кетіріп қажеті жоқ. Сап элементтерінің анықтамасын қатаң түрде қайталау маңызды емес, ең бастысы студенттің нені түсінгендігін білу. Студент сенімсіз немесе шала жауап берген болса, оқытушы өзі көрсетіп, содан кейін барлық студенттердің назарын бақылай отырып, басқа студенттен сұрағаны дұрыс.
Дата добавления: 2016-10-17; просмотров: 18021;