Битум-полимерлі және қара май-полимерлі байланыстырғыштар
Полимер негізіндегі гидроизоляциялық материалдардың бағасы битуммен салыстырғанда әдетте жоғары, сондықтан негізінен битум-полимерлі гидроизоляциялық материалдар қолданылады.
Гидроизоляциялық жабындар мен саңлаусыздандырғыш түріндегі битум-полимерлі материалдар барлық климаттық жағдайларда қолданылады. Битум-полимерлік материалды төмен температурада қолданған сайын, оның құрамындағы полимердің үлесі жоғары болуы қажет.
Полимерлік қоспаларды материалдардың жылу және аязға төзімділігін арттыратын, жұмыс істеу қабілетін жақсартатын құрылымтүзуші қоспаларға жатқызуға болады. Бірақ та полимерлік қоспаларды қолдану, композициялық материалдың атмосфералық факторлардың әсерінен тез қартайуына ықпал ететіндігін ескеру қажет. Сонымен бірге полимерлер битуммен нашар араласады.
Полимерлік қоспалар органикалық байланыстырғыштардың созылғыштығы мен когезиясын жақсартады. Негізінен эпоксидті шайырлар, поливиниацетат, полистирол, синтетикалық каучук және латекстер, табиғи латекс кеңінен қолданылады және олардың композициядағы үлесі 1...6% шамасында болады. Синтеикалық және табиғи каучуктер тұтқыр және сұйық битум мен қара майларды модификациялау үшін қолданылады.
Плимерді битуммен аралстырған кезде, полимерлер битумда битумның деформациясын өзіне қабылдайтын жеке тор түзеді. Битум-полимерлік материалдың беріктігін арттыру үшін, қолданылатын каучукті алдын-ала вулканизациялауға болады. Бұл жағдайда каучук алдымен битумда ісінеді де, кейіннен битумда ериді. Соның әсерінен материалдың морттық температурасы төмендеп, термиялық төзімділігі артады.
Ерітінді немесе латекс түріндегі полимерлермен битумды араластыру қиын операция болып табылады. Егер полимер немесе каучук ерітіндіде болса, онда битум еріткіштің жану температурасынан төмен температурада ендіріліп, тұрақты араластыру арқылы біртіндеп еріткіш толық буланып кеткенше жұмысшы температураға (150...1700С) дейін қыздырылады.
Егер каучук латекс түрінде ендірілсе, онда битум 100...1100С қыздырылған соң қарқынды араластыру кезінде латекспен әрекеттеседі. Қорытпаны араластыру су толық буланғанша және жұмысшы температураға жеткенге дейін жүргізіледі.
Битумның полимер немесе каучукпен қорытпасын алу үшін, араласпаның құрамына көбінесе тұрақтандырғыш, вулканизациялаушы реагент және белсендіргіштер қосады.
3.4 кесте - Құрылыста пайдаланылатын битум және қарамай негізіндегі материалдардың қасиеттері
Материал атауы | Шикізат және өндіру үрдістері | Қасиеттері | Қолданылуы |
Мұнай битумдары | Шайыры көп, парафині аз және асфальтшайырлы заттың мөлшері 20%-дан артық болатын табиғи мұнайдан алынады. Құрамында 72-81% көміртегі, 14%-ға дейін сутегі бар. Күкірт – 4-6%. Битум құрамындағы асфальтен 3%-дан 36%-ға дейін, шайыр 15-30%, май 46-62%. | БНД 200/300 жол мұнай битум – иненің батуы, пенетрациясы - П= 201/300, жұмсару температурасы t=35оС. БНД 130/200 - П=131-200, t=65оС. ЖМБ 90/130·П=91-130, t=60оС. БНД 60/90-λ=61-90, t=50оС, БНД 40/60 - П=40-60, t=51оС. Битумның созылуы 45-88 см | Асфальтбетонға арналған тұтқыр зат, орама. Үйдің төбесін жабу, судан оқшаулау, картонды сіңдіру т.б. жерлерде қолданылады. |
Қарамай | Таскөмір ағаш шайыры және торфты қайта өңдеу арқылы алынады. Жоғары температурада қара майға айналады. Ағаш шайырын 300оС дейін өңдеу арқылы ағаш қарамайын алады. Таскөмір қарамайын 20-30%, қою битумды 70-80% етіп араластыру арқылы жол төсеміне арналған қара күйе алуға болады. | Тез ескіреді. ρ=1,2-1,25г/см3. Жұмсару температурасы 65-83оС. Маркалары Д-1, Д-2, Д-3, Д-4, Д-5 және Д-6. | Жол құрылысында орташа температураға ие түрі қолданылады. |
Битумды су | Судағы битум бөлшектерінің (0,1-10 мкм) араласпасы. Бөлшектердің өзара жабысып қалмауы үшін, олардың беті эмульгатор қабыршағымен бүркемеленеді. Эмульгатордың сұйық түрі – органикалық қышқыл тобы, лигно-сульфонат (ЛСТ), асидоль, олеин қышқылы; құрғақ түрі, топырақ, цемент, әк, таскөмір | Битумды су құрамында 56-60% битум болады. Битум суынан жасалған пастада 60-70% битум бар. Эмульгатор – 3% (сұйық), 5-15% (ұнтақ түрінде – құрғақ). 0оС-ден жоғары температурада 30 тәулік сақталады. | Жол жөндеуде зиянды ортадан қорғауда, орама материалдарды жабыстыруда қолданылады. |
Битум қамыры | Битум және эмульгаторды әк, топырақ немесе трепел ұнтағымен (0,005 мм) араластыру арқылы алады. | Сақтау кезіндегі температура битумның еру температурасынан төмен болуы тиіс. | Су және ылғалдан қорғауда, жапсарларды бекітуде қолданылады. |
Мастикалар | Желім ерітіндісі. Битум немесе қарамайды ұнтақ тәрізді – тальк, магнезит, әктас, бор, күл немесе цементпен, талшықты асбест немесе минералды мақта эмульгатормен араластыру арқылы алынады. Түрлері: битумды, битум-резиналы, битум-полимерлік | Ыстыққа төзімділігі 50-100оС. Пайдаланылғанда 130-160оС дейін қыздырылады. Ол ыстық-жылы - 60-70оС және суық түрі - 5оС-ден жоғары болады. | Үйдің төбесін жабатын орама материалдарды жабыстыруда. Су мен ылғалдан қорғауда, жапсармаларды бекітуде қолданылады. |
Ірі кеуек мастика | Битум, әк. 10-15% портландцемент және алюминий ұнтағымен араластыру арқылы алынады. | Араластыру кезінде көпіршіктер пайда бол-ып, ірі кеуекті асфальт мастикаға айналады. | Ыстық пен жылудан қорғауда қолданылады. |
Рубероид | Үйдің төбесін жабатын қағаз картонды сұйық битумға сіңдіріп (80-200оС-де), соңынан бетін қою битуммен жабады. Содан соң жұқа етіп минералды ұнтақ (слюда, топырақ, күл және т.б.) себіледі. Сіңдіру үшін 40-50оС сұйылтатын битум қолданылады. Орама қағазды (рубероид) 3-4 қабат етіп, отпен ерітіп жабыстырады | Төзімділігі 5-7 жыл. Егер шыны және полиэфир талшығын қолданылатын болса, төзімділігі 2 есе артады. Маркалары РКК-420А, РКК-420Б, РКК-350Б, РКЧ-450Б, РКП-350А, РКП-350Б, РПП-300А, РПП-300Б, РПЭ-300. Әріппен танбалануы: Р – рубероид, К, П, Э – үйге арналған астыңғы қабат, Э – иілгіш. К, П, Ч – бетіне себілген ұнтақ түрі ірі түйіршікті, ұнтақ, қырлы. Сандар маркасын білдіреді. | Төбесі жабық үйлердің үстін жабуда, судан оқшаулауда және т.б. қолданылады. |
Пергамин | Қағаз картонды еру температурасы 40оС-ден жоғары болатын битуммен сіңдіреді. | 20-40м2-лік орама материал. Салмағы 15 немесе 30кг. W=20% -дан кем. | Рубероидтың астыңғы қабатына ылғалдан немесе су буынан қорғауда қолданылады. |
Шыны талшықты рубероид | Шыны талшықты материал немесе төсеніштің екі бетіне еріген битум резинасы немесе битум-полимер қап-талады. Жұқа етіп минералды ұнтақ себіледі. Сондай-ақ рубемаст, эластобит, линокром, изопласт (Ресей), битумының (Франция) түрлері бар | Маркалары: С-РК (ірі минерал) және С-РМ (ұнтақты), С-РЧ (қырлы дәнді). Төзімділігі 30 жылға шыдайды. | Үйдің төбесін жабуда үстіңгі және астыңғы қабат ретінде қолданылады |
Гидростеклоизол | Шыны талшықты мата беті битум, пластификатор және минерал ұнтағы (20%-ға дейін – тальк немесе магнезит) ерітіндісімен қапталады. | Rсозу=7,5МПа. 60-65оС температурада төзімді. –20…10оС-де морт келеді. | Газ отымен ерітіп желімсіз жабыстырады. |
Фольгаизол | Алюминийлік фольганы қыздырып (М) және шыңдап (Т), оның бір бетіне битум полимер немесе битум-резина мастикасы қабаты жапсырылады. | ФК және ФГ маркалары судан оқшаулау және ыстық-суықтан қорғауда қолданады. Төзімді. Rсозу жоғары. | Қорғаныш жұмыстарында қолданады. |
Гидроизол | Асбест картонын оксидтелмеген, ЧМБ 45/180, ЖМБ 60/90 немесе ЖМБ 40/60 маркалы битумға сіңдіріп алынған орама материал. Төзімділігін арттыру үшін полимерпропилен, стирол – бутадиен – стирол каучугы қоспалары еріген битумға қосылады. | Маркалары: ГИ-Г және ГИиК. Ені 950 мм, ауданы 20м2. Rсозу=3,7 МПа. | Қорғаныш жұмыстарында қолданады. |
Изол | Вулканизация жасалмаған резина, битум, минерал ұнтағы, антисептикалық және пластификатор араласпасын механикалық түрде қыздыру арқылы алынады. | Иілгіш, төзімді. Rсозу=0,55-0,6 МПа. Созылуы 70-80%. Ені 800-1000ммм, ауданы 10-15м2, қалыңдығы 2мм. W=18-22%. | Қорғаныш жұмыстарында қолданады. |
Монобитеп | Жұмсақ битум сіңдірілген сульфиттік қағазды поли-этилен қабыршағының екі жағына жабыстырып, оның бетіне минерал ұнтағын немесе антисептиканы битум-полимермен аралас-тыру арқылы алынатын мастикамен қапталған. | Иілгіш, төзімді. | Қорғаныш жұмыстарында қолданады. |
Өзара ұқсас линокром | Шыны талшықты мата, шыны талшықты киіз немесе полиэфир қабыршағының екі жағы битуммен, соңынан оңай еритін полимер қабыршақпен қапталған. | Пропан газымен ерітіп, қорғалатын бетон немесе цемент ерітіндісінің бетіне жабыстырады. Төзімді. 20 жылға дейін бұзылмайды. | Қорғаныш жұмыстарында қолданады. |
Унифлекс | Стирол бутадиен немесе стирол-битум полимерлік тұтқыр зат негізіндегі ерітінді мен шыны талшықты мата немесе полиэфир қабыршағының екі жағын қаптап тұратын қорғаныш материал. | Rсозу=6-8МПа. 0,2МПа қысымда су өткізбейді. 100оС-да жұмсарады. | Қорғаныш және үйдің төбесін жабу жұмыстарында қолданылады. |
Дыбыс оқшаулау | Көп қатпарлы шыны талшықты киіздің беті иілгіш битум-ұнтақ ерітіндісімен қапталған және сланец ұсақ құмы себілген. | Rсозу=3,6-6,0МПа. -15оС-ден +120оС-ге дейінгі температурада иілгіш келеді. | Дыбыстан, ыстық-суықтан, зиянды ортадан қорғауда қолданылады. |
Рубероид | Картонды қара майға сіңдірген, бетіне құм немесе басқалай минерал бөлшектер себілген орама материал. | Морттау келеді. Қасиеттері рубероидқа ұқсайды. Қарамай иісі сезілерлік дәрежеде. | Үйдің үстіңгі қабатын, жерасты қабатын оқшаулауда қолданылады |
Иілгіш битум жабынқышы | Целлюлоза немесе асбест картонды битумға сіңдіріп, бір жағына түсті минерал құм себілген материал. | Өлшемі – 4 жамылғыға тең. Ең көп қолданы-латын түрлері – Бардолин (Франция). Екі жағы битуммен қапталған толқынды табақ. Өлшемі 100х35см, қалыңдығы 3 мм. Сондай-ақ қасиеттерін жақсарту үшін қоспалар қолданылатын келесі материалдар да бар: | Жол, алаң, жол жиегі құрылысында қолданылады. |
Дата добавления: 2016-09-20; просмотров: 2080;