Түтіктік жүктіліктің үзілуі мен аналық без ісігі аяқшасының айналуының екшеу-диагностикалық белгілері

Түтіктік жүктілік Аналық без ісігінің аяқшасының айналуы
1. Менструация кідірісі бар. Менструация кідірісі жоқ.
2. Жүктілік белгілері бар. Жүктілік белгілері жоқ.
3. Қанды бөлінулер бар. Қанды бөлінулер жоқ.
4. Ішке қан кету. Анемизация симптомы басым. Іштің тітіркену симптомы басым.
5. Анамнезінде ісік, киста жоқ. Анамнезінде ісік, киста бар.
6. Ауырсыну толғақ тәрізді. Ауырсыну приступ тәрізді.
7. Қынап арқылы зерттегенде: жатыр түтігінде үлкею бар, болбыр, артұы күмбез салбырап тұрады. Қынап арқылы зерттегенде: қатты ауырғандық, овал немесе шар тәрізді ісік. Тығыз эластикалық консистенциялы.  
8. Жүктілікке зерттеулер оң мәнді. Жүктілікке зерттеулер теріс мәнді.

Емі. Анықталған ЖТЖ (үдемелі немесе үзілген) жедел хирургиялық емге жатады. Көбінесе патологиялық өзгерген жатыр түтігін алып тастайды. Кейбір жағдайда түтікке пластикалық операция жүргізеді (ұрықтық жұмыртқа ампулярлы бөлікте орналасса, науқастың жасы кіші, қайталмалы түтіктік жүктілік, балаларының болмау). Пластикалық операцияны жүргізу дәрігердің өте жоғары хирургиялық техникасын талап етеді.

Үзілген ЖТЖ кезінде диагноз қойылған уақтыттан 30-40 минут ішінде операция жасалуы мүмкін. Осы мезетте қан немесе қан алмастырғыш сұйықтықтарды құяды. ЖТЖ бар науқастарда жиі қан кетуден, гиповолемиялық шок дамуына байланысты шұғыл қан құюды қамтамасыз етеді. Ағзадағы гиповолемиялық және гемодинамикалық ығысуларды ескеріп осы науқастарды тез сауқтыру үшін кеткен қан орнын тез толықтыру керек. ЖТЖ коллапс белгілерімен көрінсе кеткен қан орнын толтыру міндет. Бұл науқастарда операциядан кейін 3-5-ші тәулікте әлі де гиповолемия айқын, сондықтан гемотрансфузияны қайталау қажет.

Операция кезінде аутоқанның реинфузиясын жүргізген жөн (іш қуысынан алынған өз қанын құю). Осы мақсатпен іш қуысында 5 сағаттан ұзақ болмаған қанды қолдану мәлім. Реинфузия әдісі: іш қуысынан қанды алуға және оны қайта құю үшін залалданылған шыны, кең ауызды, воронка, таттанбайтын болаттан жасалған ожау (черпак) және қанды құю үшін система қажет. Операция алдында (асептикалық жағдайда) шыныға 200-300 мл бөлме қызуындағы стерильды физиологиялық ерітінді құйылады. Осы ерітіндінімен 8 қабатты стерильді дәкені сулайды. Іш қуысындағы қанды ожау көмегімен дәке арқылы сүзіп физиологиялық ерітіндісі бар шыныға жинайды. Қан ұйындыларын езуге болмайды, бұл манипуляция тромбопластикалық субстанциялардың босауына әкеледі.

Операция басталуына дейін науқас жағдайының ауырлығына байлыныс- ты қан алмастырғыштарды көктамырға енгізе бастайды. Іш қуысын ашқаннан соң қанның бірінші бөлігін жинайды, сосын қан кету көзін табуып, тоқтатады, содан соң қалған қанды жинайды. Іш қуысына төгілген қанды жабысқақтың алдын алу мақсатымен толық тазалап алу кажет.

Іш қуысындағы қанды қолдану кезінде, физиологиялық ерітіндімен араластырумен қатар қанмен бірге 2500 бірлік гепарин енгізген жөн, ол қанның коагуляциялық қасиетін төмендетеді және ұю процесін қалыптасты- рады. Іш қуысынан алынған қан операциядан кейін алғашқы сағаттарында фибринолитиакалық жүйенің белсенделігін күшейтеді, сондықтан реинфу- зиядан кейін, әсіресе 500 мл көп болса, операциядан кейінгі ерте кезеңде науқастың жағдайы және коагуолграмма көрсеткіштерін қатаң бақылау керек.

 








Дата добавления: 2016-09-20; просмотров: 1960;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.008 сек.