Уранның табиғатта таралуы және Қазақстан кен орындары
Уран табиғатта кең таралған. Уран кларкы 1·10-3% (салм.) тең. Қалыңдығы 20 км литосферада уран мөлшері шамамен 1,3·1014 т болады. Уранның негізгі бөлігі құрамында кремний көп қышқыл кендерінде кездеседі.
Қазақстандық қабаттық-инфильтрациялық уран кен орындары орталық Азияда ғана емес, сонымен қатар басқа да белгілі дүниежүзілік кен орындары ішінде қоры және өнеркәсіптік маңызы бойынша ең ірі болып табылады.
Қазақстан жер қойнауында уранның дүниежүзілік қорының 25% шоғырланған, сонымен қатар қазақстандық уранның 75% жер асты скважиналық шаю әдісімен өндірілетін қабаттық тотығудың аймақтық зоналардың экзогенді (гидрогенді) кен орындарында шоғырланған
Қазақстан уранының барланған қорларының 75%-і қабаттық-инфильтрациялық типке жатады, оны жер асты скважиналық шаю әдісімен өндіруге болады. 1998 жылдан бастап Республикада өндірілген уран шамамен толығымен осы әдіс бойынша өндірілген.
Қазақстанда қабаттық-инфильтрациялық уран кен орындары Шу-Сарысу, Сырдарья және Іле кен провинцияларында кеңнен таралған және ұзындығы жүздеген километрлерге жететін қабаттық тотығу зоналарының аймақтық аумақтарымен реттеледі. Берілген типтес кен орындарында жатқан уранның жалпы қоры Қазақстандағы жалпы уран қорының 75%-ін құрайды.
Қазақстанның гидрогенді уран кен орындары арасында жер асты скважиналық шаю әдісімен өндіру үшін өндірістік жағынан ең маңыздылары қабаттық тотығудың аймақтық зоналарымен байланысты және мезозой-кайнозой дәуірлерінің жақсы сіңірілетін су текті шөгінділерінде орналасқан. Республиканың қабаттық-инфильтрациялық кен орындарының өнеркәсіптік объектілері: Шу-Сарысу уран-кен провинциясында – Мыңқұдық, Ақдала, Жалпақ, Уванас, Қанжуған, Мойынқұм, Іңкәй, Буденовское кен орындары; Сырдарья уран-кен провинциясында – Солтүстік және Оңтүстік Қарамұрын, Іркөль, Заречное, Харасан; Іле провинциясында – Сулучекинское кен орны. Қорлардың өсімін ескере отырып, олар қазіргі ғасырдың бойында кен орындарды жер асты шаю әдісімен игеруге жеткілікті.
Өнеркәсіптік маңыздылығы бойынша Шу-Сарысу кенді провинциясының кен орындарына жақын келетін Іле провинциясының кен орындары: қабаттық-инфильтрациялық – Сулучекинское, грунттық тотығу – Төменгі Іле кен орны және Солтүстік Қазақстан провинциясының грунттық-инфильтрациялық кен орны – Семізбай. Олар қуаттылығы, ұзақтығы және уран қоры бойынша шағын болса да, кендеріндегі уран мөлшерінің жоғарлылығымен сипатталады. .
Жер асты шаю әдісін қолдану үшін осы кен орындардың өндірістік маңызы олардағы кендену су сіңгіш пласттарда өтетіне байланысты сақталады. Осы кен орындардың қорлары оңдаған мыңдаған тонналармен бағаланады да, кейбір орындары бойынша уран мөлшерлері 0,05-1,0% жетеді.
Қазақстандық гидрогенді уран кен орындарының өнеркәсіптік маңызы, сонымен қатар, уранға серіктес молибден, ванадий, рений, селен және сирек жер элементтерімен анықталады. Уранның 60% астамы күкірт қышқылдық шаю арқылы оңай бөлінетін формаларда кездеседі.
Дата добавления: 2016-06-24; просмотров: 3815;