Тақырып №3. Жазаны орындауды құқықтық реттеу және түзеу шараларын жасау

Жоспары:

1. Жазаны орындау және өтеу түсінігі.

2. Сотталғандарға түзеу тәсілдерін қолдану процессінің түсінігі, мәні және мақсаты.

3. Сотталған адамдарға түзелу тәсілдерін қолдану және жазаны орындаудың дифференциясы мен жеке даралау.

Жазаларды өтеудің тәртібі мен жағдайларын реттеу міндеті, әртүрлі жазаларды орындау барысында кездесетін қатынастарды арнайы нормаларда қарастыру арқылы қамтамасыз етіледі. Құқықтық таным саласында әлі кездеспесе де, кездесуі мүмкін қатынастарды алдын-ала көре біліп реттеу, яғни ондай жағдайларға да көңіл бөлу, қылмыстық-атқару ғана емес, барлық құқық салаларының міндеті болып табылады.

Қылмыстық заңда көзделген жазаға қылмыс жасаған адамды тартқанда, түпкі мақсат ретінде ол адамның түзелуі нысанаға алынады. Адамды түзеудің жолдары әртүрлі. Бірақ қылмыс жасаған адамдарды түзеу үшін адамды тәрбиелеудің қатаңырақ түрі, оның кейбір құқықтарын шектеу тәсілі қолданылады.

Қоғамға пайдалы түзу адамда құқықты сыйлайтын қасиет, қоғамға, адамдарға, еңбекке, адамгершілік тұрғыдағы барлық нормаларға ілтипатпен қарайтын көзқарас болуы керек. Қылмыс жасаған адамдарда осы қасиеттердің кейбіреулері төмендеу болады. Ондай адамдарды жазаға тартқанда, осы жетіспейтін қасиетке тарту - жазаның негізгі мақсатын орындау болып табылады. Осы жақсы қасиетке баулу ретінде, адамды тәрбиелеудің бірнеше тәсілдері қарастырылған. Бұлар жаза өтеу мен атқару режимі, тәрбиелеу бағытындағы жұмыстар, қоғамдық пайдалы еңбекке араластыру, орта немесе арнайы кәсіптік білім беру, адамды қоғамшыл болуға баулу. Сотталған адамдарды түзеудің заңда қарастырылған құралдары жасалған қылмыстың қоғамға қауіптілік дәрежесі мен сипатына, жазаның түріне, сотталған адамның жеке басы мен мінез-құлқына қарай нақтыланып қолданылады.

Заң сотталған адамдарды түзеудің негізгі құралдарын тиімді қолдануды қарастырады. Мысалы, жазаны өтеудің белгіленген тәртібін сақтауды қамтамасыз етудің құралы ретінде күш қолдану мен арнайы қару-жарақтарды қолдану көзделген. Мұндай шараларды қолданудың негізі мен тәртібі де заңда реттелген.

Қылмыстық-атқару құқығы басқа құқық салаларына қарағанда, жаңа құқық саласы болып табылады. Бұрынғы еңбекпен түзеу құқығымен салыстарғанда, қылмыстық-атқару құқығы қылмыстық жазалардың барлығының атқарылу тәртібі мен жағдайларын қарастырады. Қылмыстық-атқару құқығын бұлай тану, бұған дейінгі кейбір ғалымдардың пікірлерінің нәтижесінде пайда болды. Қылмыстық-атқару құқығының негізінде қылмыстық-атқару ғылымы жатыр. Бұл құқық саласының ғылымы ретінде, жазаны өтеу мен атқарудың тәртібі мен жағдайларын дұрыс әрі тиімді ұйымдастыру, сотталған адамдарды қоғам үшін жарамды ететіндей құралдарды дұрыс таңдай білу, т.б. мәселелерден құралатын зерттеушілердің құқықтық көзқарастары, ой-пікірлері, ұсыныстары алынады.

Қазіргі кезде, қылмыстық-атқару ғылымының кейбір мәселелері бойынша зерттеулер, тұжырымдар өмірде, тәжірибеде қолданыла бастады. Сонымен бірге, қылмыстық-атқару ғылымы кейбір шет мемлекеттердің осы бағыттағы мәселерді шешу тәжірбиелерін бізде қолдану мүмкіндіктерін де қарастыруда. Әдетте, қай құқық саласы болмасын, оның нормаларының жұмыс істеуі, дұрыс, тиімді құрылуы, сол құқық ғылымына байланысты. Егер жазаны орындау мен өтеуге байланысты келтірілген көзқарастар мен пікірлердің құндыларын пайдалана білсек, онда біздің қылмыстық-атқару ғылымымыз ғана емес, жалпы қылмыстық-атқару заңы да көп елдерге үлгі ретінде алыну мүмкіндігіне ие болады.

Жазаны өтеудің және атқарудың тәртібі мен жағдайлары, сондай-ақ жазаны атқарушы мекемелер мен органдардың қызметі туралы зерттеулер, ұсыныстар, ой-пікірлер осы ғылымның объектісін құрайды.

Қазіргі кезге дейін осы құқық саласына байланысты көптеген докторлық және кандидаттық диссертациялар қорғалды, бірнеше монографиялық зерттеулер жазылып шығарылды, ғылыми конференцияның материалдары, көптеген мақалалар жарыққа шығарылды. Қылмыстық-атқару құқығы жеке пән ретінде бағаланып, бірнеше оқу құралы шықты.

Жазаны орындаудың тиімділігі мәселесіне, әсіресе бас бостандығынан айыру тәрізді жазаларды атқарудың тиімділігіне көп көңіл бөлінді. Бұл мәселелерді теория жүзінде ғана қарастырып қоймай, оны іс жүзінде қолданып, сынап көру жазаларды атқарудың тиімділігі мәселесінің негізі ғана емес, сонымен бірге қылмыстық-атқару құқығының да тиімділігінің негізі болып табылады.








Дата добавления: 2016-04-22; просмотров: 3209;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.005 сек.