Хаффман әдістемесі.
Екілік код үшін Хаффман әдістемесі мына түрде жүргізіледі:
1. Мәлімет алфавитінің әріптері бір бағанаға ықтималдықтарының азаю тәртібімен орналастырылады;
2. Екі соңғы әріпті ықтималдық қосындысы жазылатын бір қосымша әріпке біріктіріледі;
3. Бірігуге қатыспаған және алынған ықтималдық қосындысы тағы да қосымша бағанада азаю тәртібіне сәйкес орналастырылады, ал соңғы екеуі біріктіріледі;
4. Процесс бір ғана қосымша әріп алғанша және ықтималдық бірге тең болғанша жүргізіледі.
Жоғарыда көрсетілген әдістер бойынша кодтық сөз минимальды орташа ұзындыққа ие болатын біркелкі емес таралған символдары бойынша құралған кодтық қолайлы біркелкі емес код (ҚБеК) деп аталады.
ҚБеК-лары:
болатындары максималды тиімді болады.
ҚБеК-ның тиімділігі статикалық қысу коэффициентінің көмегімен анықталады:
(6.1)
және қатысты тиімділік коэффициентін анықтайды:
(6.2)
Қорытынды: Кодтау – берілген канал бойынша беруге ыңғайлы формада хабарлардың көрсетілуі түсіндіріледі. Декодтау – алынған сигнал бойынша хабарларды қалпына келтіру операциясын айтады .
Дәрісте пайдаланылатын слайд:Ақпаратты кодтау
Негізгі әдебиет: [1-4]; Қосымша әдебиет: [1-3];
Бақылау сұрақтары:
1. Кедергісі бар канал үшін кодтау туралы Шеннонның негізгі теоремасын қалыптастыр және түсіндір.
2. Қатенің қысқасы деп нені айтады?
3. Коррекциялаушы кодта ақпараттық разрядтардың саны қалай анықталады?
4. Коррекциялаушы разрядтар неге байланысты?
5. Минималды кодтық ара қашықтық деп нені айтады?
6. Қандай коррекциялаушы кодтар оптималды деп аталады?
7. Ақпаратты өңдеуде немесе сақтауда, екілік кодты қолданудың басымдылығы қандай?
8. Кедергісі жоқ канал үшін кодтау туралы Шеннонның негізгі теоремасын қалыптастыр және түсіндір.
9. Тиімді кодтау барысында кодтық комбинацияның орташа ұзындығының қысқаруы ненің әсеріне байланысты?
10. Тиімді кодтар үшін, кодтық комбинацияның орташа ұзындығы қандай шекке дейін қысқаруы мүмкін?
11. Тиімді кодтар негізгі қандай шарттарды қанағаттандырады?
Дәріс №7.
Тақырыбы: Ақпаратты кванттау
Дәріс мақсаты: Белгілі ақпараттық код бөлімін қалай түзететінін анықтау
Қарастырылатын негізгі сөздер:Дискретизация, кванттау, базистік функциялар
Қарастырылатын сұрақтар:
-Дискретизация әдістерін классификациялау
-Базистік типін таңдау.
-Котельников теоремасы бойынша санақ шығарудың жиілігін таңдау
-Деңгейі бойынша кванттау
, жинақталған координаталар жүйесіндегі үздіксіз сиганалдар үздіксіз функциялармен белгіленеді. Ұқсас көрсететін сигналынан цифрлыққа өту сигналдың уақыт және деңгейі бойынша квантталуымен (дискретизациясымен) байланысты. Ақпаратты беру, сақтау және өңдеу үшін қолданылады.
Дата добавления: 2016-04-22; просмотров: 3054;