В) физикалық тәуелділік
Г) психикалық тәуелділік
Д) мөлшерлік бақылауды жоғалту
161. 72 жастағы ер адамда сезімдер сферасындағы лабильділікпен көрінетін эмоциональды дәрменсіздік бақыланады. Оның көңіл-күйі үнемі болмашы себептерге байланысты тербелістермен сипатталады. Жасаурағыштық бақыланады, ал көңіл-күйі көтеріңкі болғанда– сентиментальды.
Төменде аталған бұзылыстардың қайсысы болуы мүмкін?
А)дисфория
Б) рух әлсіздігі
В) гипертимия
Г) эйфория
Д) амбиваленттілік
162. 27 жасар ер адамда, иісті газбен уланганнан кейін, есте сақтау бұзылысы бақыланды. Естен шыққан сәттерді науқас ойдан құрастырылған естеліктермен толықтырады, шын мәнінде болмаған оқиғаларды “есіне алады”. Сонымен қатар, әңгімелесу кезінде, шын мәнінде болған, бірақ бұрмаланған, уақыты немесе орны бойынша дұрыс құрастырылмаған оқиғалар жөнінде айтады.
Төменде аталған бұзылыстардың қайсысы болуы мүмкін?
А) ретроградты амнезия
Б) фиксациялық амнезия
В) парамнезиялар
Г) конградты амнезия
Д) үдемелі амнезия
163. 37 жастағы ер адамда конфликтті ситуация нәтижесінде қарқынды қозу және вазовегетативті көріністермен, сананың алдымен күрт тарылып, артынан күңгірттенуімен, автоматты әлеуметтік қауіпті әрекеттер сипатын алған іс-әрекет мақсаттылығының жоғалуымен эмоциональды реакция дамыды. Аталған реакция қозу кезеңінің толық амнезиялануымен, терең ұйқымен аяқталды.
Төменде аталған бұзылыстардың қайсысы болуы мүмкін?
А) сананың аментивті бұзылысы
Б) сананың делириозды бұзылысы
В) истериялық қозу
Г) сананың қарауытқан бұзылысы
Д) дисфория жағдайы
164. 35 жастағы әйел, сатушы. Бала кезінен күдікшілдікпен, ұяңдықпен ерекшеленген. Тапсырмаларға өте ұқыпты қараған. Ерлермен қарым-қатынастан, әсіресе өзі танымайтын ер адамдардан үнемі алшақ жүруге тырысқан. Жұмысында таныс емес ер адам қолынан ұстап алғаннан кейін ”оның тазалығы жөнінде” күдік пайда болды, таныс емес ер адамдармен таңдаусыз контакттардан кейінгі салдар жөнінде көп оқығандықтан бұл күдігі мерез ауруын жұқтыру қорқынышына ұласты. Өз күйзелістерінің негізсіздігін түсінеді, дегенмен олардан құтылуға күш-жігері жетпейді.
Төмендегі аталған синдромдардың қайсысы болуы мүмкін?
А) обсессивті-фобиялық
Б) контрастты жабысқақтықтар
В) жабысқақ көз алдына келтірулер
Г) невроз тәрізді
Д) психопатия тәрізді
165. 17 жастағы жасөспірім, наркология бөлімінде тері астында жәндіктердің жорғалауына шағыммен жатыр. Қарау кезінде дертті сезімдердің орналасқан жерінде көптеген тырнақ іздері бар. Туыстарының айтуы бойынша, науқас екі жыл наркотикалық заттарды қабылдайды.
Төменде аталған препараттардың қайсысы аталған бұзылысты шақыруы мүмкін?
А) героин
Б) кокаин
В) гашиш
Г) барбитураттар
Д) морфин
166. 17 жастағы жасөспірім, көшедегі жүргінші адамды тонауға әрекет жасағаны үшін полиция қызметкерлерімен жеткізілді. Контакт бар, сұрақтарға ниетсіз жауап береді. Қарау кезінде көптеген көктамырлық иньекциялар анықталды. Наркотиктер қолданғанын табанды түрде теріске шығарады. Сол күні кешкі уақытқа қарай үрей, мазасыздық пайда болды, ”ыстық толқындар” сезінеді. Жас ағуы, ринорея, дене температурасының жоғарылауы, тыныс жиілеуі, бұлшық еттік спазмдар, дененің әр жерінде ауру сезімдері бақыланды.
Төменде аталған бұзылыстардың қайсысы болуы аса мүмкін?
А) токсикоманиялық абстиненция
Б) кокаиндік психоз
Дата добавления: 2016-03-22; просмотров: 1524;