Тақырып 11. Қала тұрғындарына емдеу-профилактикалық көмекті ұйымдастыру
Мақсаты: Студенттер қала тұрғындарына медициналық көмекті ұйымдастыру жүйесін; қалалық медициналық мекемелердің құрылымы мен функцияларын білулері тиіс.
Денсаулық сақтау мекемелерінің номенклатурасына сәйкес:
1. Біріншілік медициналық-санитарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау мекемелері (әрі қарай - БМСК):
- қалалық емхана (әрі қарай - ҚЕ) халқының саны 30 мыңнан аса қалаларда құрылады, құрылымында консультативтік-диагностикалық бөлім, жалпы практика және/немесе учаскелік қызмет бөлімі бар;
- дәрігерлік қалаларда 30 мыңға дейінгі халық саны бар ҚЕ құрылымдық бөлімі ретінде құрылады.
2. Консультативтік-диагностикалық көмек көрсететін денсаулық сақтау мекемелері:
- республикалық маңызы бар астаналар мен қалаларда консультативтік-диагностикалық орталық дербес заңды тұлға ретінде құрылады;
3. Жедел медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау мекемелері:
- 100 мыңнан аса халқы бар қалаларда жедел медициналық көмек станциясы құрылады;
- 100 мыңнан төмен халқы бар қалаларда жедел медициналық көмек станциясы емхананың құрылымдық бөлімі ретінде құрылады.
4. Салауатты өмір салтын қалыптастыру аймағында әрекет ететін денсаулық сақтау мекемелері:
- республикалық маңызы бар астаналар мен қалаларда салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы құрылады (әрі қарай – СӨСҚО);
5. Стационарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау мекемелері:
1) қалалық аурухана (әрі қарай - ҚА) көпмамандандырылған стационар ретінде құрылады, құрылымында балалар, босану, мамандандырылған және жұқпалы аурулар бөлімі бар;
2) қалалық балалар ауруханасы тұрғындар саны 100 мыңнана асатын қалаларда көпмамандандырылған стационар ретінде құрылады, құрылымында мамандандырылған және жұқпалы аурулар бөлімі бар;
100 мыңнан төмен халқы бар қалаларда ҚА жанынан балалар бөлімі құрылады.
3) перинаталды орталық..
6. Халықтың санитарно-эпидемиологиялық салауаттылығы аймағында әрекет ететін денсаулық сақтау мекемелері:
- санитарлық-эпидемиологиялық сараптау орталығы;
7. Дәріхана, дәріханалық пункттер, дәріханалық қоймалар.
8. Денсаулық сақтау аймағындағы ғылыми мекемелер (ұлттық және ғылыми орталықтар, ғылыми-зерттеу институты).
9. Денсаулық сақтау аймағындағы білім беру мекемелері (орта медициналық және фармацевтикалық білім беру мекемелері, жоғары және дипломнан кейінгі медициналық және фармацевтикалық білім беру мекемелері).
10. Қан қызметі, соттық медицина аймағында әрекет ететін денсаулық сақтау мекемелері: қан орталығы, соттық медицина орталығы.
11. ҚР заңдылықтарымен қарастырылған басқа денсаулық сақтау мекемелері: туберкулезге қарсы, онкологиялық, наркологиялық, тері-венерологиялық және т.б. диспансерлер.
Емхана – жоғары дамыған, арнайы мамандандырылған келген науқастарға және үй жағдайында науқастарға көмек көрсететін ЕПМ, аурулар мен олардың асқынуларын емдей бойынша емдеу-профилактикалық шаралар кешенін іске асырады.
Амбулаториялар мен емханаларда науқастардың 80%-ы емделуді бастап және аяқтайды, ал небәрі 20% науқастар ғана госпитализацияланады.
Емхана түрлері:
Аймақтық белгісі бойынша: қалалық және ауылдық; ұйымдастыру белгісі бойынша: стационармен біріккен және бірікпеген; мамандандырылуы бойынша: жалпы (ересектерге және балаларға арналған), балалар, ересектер, стоматологиялық, курорттық, физиотерапевтік орталықтар, диагностикалық орталықтар.
Емхананы бас дәрігер басқарады. Емхананың құрылымында: тіркеу орны, профилактика бөлімі, емдеу-профилактикалық бөлімдер мен кабинеттер, емдеу-диагностикалық бөлімдер, әкімшілік-шаруашылық бөлім, қалпына келтіру емі бөлімі және т.б.
Емхананың негізгі ұйымдастыру-әдістемелік жұмыс принциптері болып участкелік (дәрігерлік қызметке нормативтік халық санының бекітілуі) және диспансерлік әдісті кеңінен қолдану (белгілі контингент денсаулық жағдайын жүйелі түрде белсенді бақылау). Емхана жұмысын регламенттейтін негізгі жоспарлық-нормативтік көрсеткіштер:
- учаскелік нормативі (1 учаскелік терапевт қызметіне 2200-2500 адам);
- жүктеме нормасы (сағатына емханада қабылдауда – 4,3-4,7, пациенттерге үй жағдайында қызмет көрсету – 2);
- учаскелік терапевтің штаттық нормативі (14 жастан жоғары 10000 халық санына –4,0-4,5).
Амбулаторлық-емханалық мекеменің негізгі жұмыс бағыттары:
- профилактикалық жұмыс, диспансерлеу, халықты гигиеналық оқыту және тәрбиелеу, салауатты өмір салтын наихаттау;
- емдеу-диагностикалық жұмыс (уақытша еңбекке жарамсыздықты сараптаумен бірге);
- ұйымдастыру-әдістемелік жұмыс (басқару, жоспарлау, статистикалық тіркеу және есеп беру, жұмысты талдау, денсаулық сақтаудың басқа мекемелерімен өзара қызметтестік, біліктілікті жоғарылату және т.б.);
- ұйымдастыру-массалық жұмыс.
The main activities of the outpatient department:
Prophylactic medical examination, hygienic training and education of the population, healthy lifestyle naïxattaw;
- Diagnostic and treatment work (together with the expertise of temporary disability);
- Organizational and methodical work (management, planning, statistical analysis of registration and reporting work, in collaboration with other health care institutions, training, etc.);
- Organizational and mass work.
Емхана жұмысын ұйымдастыру келесі көрсеткіштермен бағаланады:
- келу динамикасы (берілген жылы емханаға келгендер санының былтырғы жылғыға қатынасын 100-ге көбейтеміз);
- келу құрылымы – ауыру себебімен немесе профилактикалық мақсатпен (ауыру себебімен немесе профилактикалық мақсатпен келу санының барлық келулер санына қатынасын 100-ге көбейтеміз);
- дәрігер қызметінің жүктемесі (барлық дәрігерлерге келу санының жұмыстағы дәрігерлер қызметі санына қатынасы);
- дәрігерлердің үй жағдайндағы пациенттерге келу белсендігі (үй жағдайына белсенді келулер санының барлық үй жағдайына келулер санына қатынасын 100-ге көбейтеміз).
Емхананың профилактикалық жұмысы бағаланады:
- медициналық байқаулармен қамту толықтығы (қаралғандар санының қаралуы тиіс халық санына қатынасын 100-ге көбейтеміз);
- ауруды анықтау мақсатымен қаралған халық пайызы (қаралғандар санының халық санына қатынасы);
- анықталған аурулар жиілігі (анықталған аурулар санының қаралғандар санына қатынасы);
- диспансерлеу көрсеткіштері (қамту толықтығы, диспансерлік тіркеуге дер кезінде алу, байқауға қайта алынғандардың үлес салмағы, бір учаскедегі диспансерленушілердің орта саны, диспансерлеу нәтижелері мен тиімділігі).
Дәрігерлік диагностика сапасы науқасты госпитализациялауға бағыттаған кезде қойылған диагноз бен стационарда қайылған диагноздарды салыстыру негізінде анықталады.
Участкелік дәрігер-терапевтің функциялары: 1) “ішкі аурулар” мамандығы бойынша амбулаторлық қабылдау және үй жағдайында білікті дәрігерлік көмек көрсету; 2) профилактикалық және санитарлық-эпидемияға қарсы жұмыс, диспансерлеу, гигиеналық насихаттау жүргізу; 3) белгіленген тәртіп бойынша науқастарды дер кезінде госпитализациялау; 4) басқа мамандық дәрігерлерімен науқастарға консультация жүргізуді ұйымдастыру; 5) амбулаторлық жағдайда емдеу және реабилитациялау шараларын жүргізу; 6) уақытша еңбекке жарамсыздықты сараптауды іске асыру және МӘСК-на бағыттау; 7) қызмет көрсететін халықтың денсаулық жағдайын талдау.
Стационарлық медициналық көмек түрлері.
Аурухана халық кешенді медициналық көмек (бір мезетте емдеу және профилактикалық) алатын медициналық мекеме ғана болып табылмайды, сонымен қатар медициналық қызметкерлерді оқыту орталығы және биоәлеуметтік зерттеулер орталығы болып табылады.
Халыққа стационарлық көмек көрсетудің ұйымдастыру формалары, ауруханалық мекемелердің құрылымы және олардың орналасуы халықтың жас-жыныстық құрамы мен аурушылдығының сипатына, қоныстану ерекшеліктеріне байланысты. Медициналық көмек ірі көпмамандандырылған ауруханалардың арнайы мамандандырылған бөлімдерінде, сонымен қатар арнайы мамандандырылған ауруханадарда (кардиологиялық, онкологиялық, психиатриялық және т.б.) көрсетілуі мүмкін. Қазіргі кезде Қазақстанда негізгі стационарлық мекемелер болып орталық, аудандық, қалалық, облыстық және республикалық ауруханалар жатады. Халықтың госпитализациялану деңгейі 20%-ға жуық.
Біріккен аурухана басында бас дәрігер тұрады. Оның медициналық, емханалық және әкімшілік-шаруашылық бөлімдері бойынша орынбасарлары болады. Стационар құрылымына қабылдау бөлімі, дифференциалды диагностика, емдеу-диагностикалық бөлімдер (терапевтік, хирургиялық, неврологиялық, физиотерапевтік, лабораторлық-диагностикалық және т.б.) кіреді. Арнайы мамандандырылған бөлімдер мен палаталар да болуы мүмкін. Қабылдау бөлімі орталықтандырылған және орталықтандырылмаған болуы мүмкін. Стационардың жұмыс көрсеткіштері: халықты стационарлық көмекпен қамтамасыз ету (төсектер санының халық санына қатынасын 10000-ға көбейту); медициналық персонал жүктемесі (ауысымдағы 1 дәрігер және орта медперсонал қызметіне келетін төсектер саны); материалдық-техникалық және медициналық қамтылу; төсек қорын пайдалану; емдеу-диагностикалық стационарлық көмектің сапасы және оның тиімділігі. United chief physician at the hospital. Medical, clinical and administrative sections will be deputy. The structure of the hospital's reception desk, differential diagnosis, treatment dïagnostïkalıq sections (therapeutic, surgical, neurological, physical therapy, laboratory and diagnostic services, etc.). May have special departments and chambers. Reception can be centralized and decentralized. Performance of the hospital: inpatient care to ensure the population (number of beds ratio to increase to 10,000 the number of people); medical staff load (1 shift doctors and nurses of the number of beds); logistical and medical coverage; beds; diagnostic and treatment efficiency and the quality of patient care.
Үйлестіру материалы: «Power Point» бағдарламасында дайындалған 10 слайд.
Әдебиет:
1. Аканов А.А., Куракбаев К.К., Чен А.Н., Ахметов У.И. Организация здравоохранения Казахстана. – Астана.Алматы, 2006. – 232 с.
2. Девятко В.Н., Исаев Д.С., Абылкасимов Е.А. Основы социальной медицины в охране здоровья матери и ребенка. – Алматы, 2002. – 299 с.
3. Здоровье населения и деятельность учреждений здравоохранения (статистические материалы) Алматы, 2007.
4. Медик В.А., Юрьев В.К. Курс лекций по общественному здоровью и здравоохранению. Часть 2. Организация медицинской помощи. - М.: Медицина, 2003.- 456 с.
5. ҚР денсаулық сақтау мекемелері торабының мемлекеттік нормативін бекіту жөніндегі 9 сәуір 2009 жылғы № 494 Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы.
Бақылау сұрақтары:
1. Қала халқына емдеу-профилактикалық көмек түрлері.
2. Қалалық емхана құрылымы және жұмысын ұйымдастыру.
3. Қала халқына емдеу-профилактикалық көмекті ұйымдастыру жүйесіндегі амбулаторлық-емханалық мекемелердің ролі.
4. Халыққа емханалық көмекті ұйымдастырудағы учаскелік принциптің мәні.
5. Емхана жұмысының негізгі көрсеткіштері. First stage – rural medical place, including medical post (МР), doctor’s clinic and placing hospital.
There is rural population get paramedic and qualified medical care (therapeutic, surgical, obstetric and gynecologic, dentist’s care).
second stage –district medical organizations, where district hospital (DH) and central district hospital have the leadingorganizations
There is rural population get special medical care with its general types.
. third stage –regional hospital, dispensary, dentist polyclinic, regional center of state’s sanitary-epidemiologic observation and other.
There is rural population get the high qualified medical care at all specialities.
.– rural medical place is step of the first contact patients with system medical services. It basic task is provision to population accessible qualified iatric help and sanitary-epidemiologic measures.
the basic tasks of MP are provision paramedic help and conduct sanitation’s and anti-epidemiologic measures, direction on prevention diseases, lowering morbidity and traumas, increase the hygienic culture of the population
.Rural placing hospital, placing clinic is the main medical organization on the rural iatric place. It provides ambulance and stationary help to therapeutic and infectiouse patients, obstetric help, to children, emergencysurgical andtraumatological help.
7.Center district hospital is the main unit of rural medical services, which realizes special medical care on general its types and methodical leadership with all medical organization of the district.
8. the regional hospital provides special and high special treating help, and it is scientist-organizing, methodic and educational center of puplic health system.
Its main functions: provision with high qualified, specialized, consultative and stationary medical help; provision methodical help to TPO, emergency medical help, sanitary aviation, control of reports of TPO, analyses of the activity the TPO, and rates of morbidity,invalidity.
Дата добавления: 2016-03-22; просмотров: 6843;