Тақырып 8. ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУДЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУ-ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ

Мақсаты: Студенттер Қазақстан Республикасындағы денсаулық сақтау жүйесін заңдылық реттеудің негізгі принциптерін білуі қажет.

Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын қорғауды құқықтық қамтамсыз ету жүйесі келесі негізін қалаушы актілерден тұрады: Қазақстан Республикасының Атазаңы; Қазақстан Республикасы Президентінің нұсқаулары; Қазақстан Республикасының заңдары; Қазақстан Республикасы Парламентінің қаулылары; Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары; ҚР ДСМ нормативтік актілері (бұйрықтар, ережелер, нұсқаулықтар және т.б.).

Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау жүйесінің қызмет етуі заңдылық құжаттармен қамтамасыз етілген. Олардың арасындағы негізгісі – Қазақстан Республикасының Атазаңы (30 тамыз, 1995 ж.) болып табылады. Қазақстан Республикасы Атазаңының 29-бабында:

1. Қазақстан Республикасының азаматтары денсаулығын қорғауға құқылы.

2. Қазақстан Республикасы азаматтарының заңмен бекітілген медициналық көмектің кепілдік етілген көлемін тегін алуға құқысы бар.

3. Мемлекеттік және жеке-меншік емдеу мекемелерінде, сонымен қатар жеке-меншік медициналық практикамен айналысатын тұлғалардан ақылы медициналық көмек алу заңмен бекітілген негізде және ретпен жүргізіледі.

Азақстан Республикасының әрбір азаматына бұл құқықтар туғаннан тиесілі. Бұл құқықтар Қазақстан Республикасының азаматы болып тұрған барлық ғұмыры барысында күшінде болады. Денсаулық қорғауға құқысы, тек, мемлекет қатысуымен ғана іске асатын әлеуметтік құқықтарға жатады. Мемлекет Қазақстан Республикасының Атазаңында денсаулықты қорғау құқысын бекіте отырып, олардың іске асуын, республикалық және жергілікті бюджет есебінен медициналық көмектің кепілді көлемін көрсетумен қоса өз міндетіне алады..

29-баптан басқа Қазақстан Республикасы азаматының тікелей денсаулыққа қатысты басқа да құқықтары бар: өмір сүруге құқысы (15-бап), жеке бас еркіндігіне құқысы (16-бап), адам жетістіктеріне қол сұқтырмау құқығы (17-бап), жеке өміріне, жеке басы мен жанұя құпияларына қол сұқтырмау, өз ар-ожданын қорғау құқығы (18-бап), еңбек еркіндігі құқығы (24-бап), демалысқа құқығымен бірге (24-бап, 4 б.), тұғын-жайға құқығы (25-бап), меншік иесі болуға құқысы (26-бап), өмір және денсаулыққа қолайлы қоршаған ортаға құқығы (31-бап), жасына, ауру жағдайына, мүгедектікке, асыраушысын жоғалтқан жағдайда әлеуметтік қаматамасыз етілуге құқысы (28-бап), атан-ананың балаларына қамқорлық жасап, тәрбиелеуге құқысы (27-бап), білім алуға құқысы (30-бап) және т.б. Атазаңда бекітілген құқықтар мен еріктерінен басқа, Қазақстан Республикасыны азаматы өз кезегінде Атазаңды, ҚР заңдылықтарын, басқа тұлғалардың құқықтарын, ерігін, ар-ожданын құрметтеуге міндетті (34-бап).

Халық денсаулығын қорғау денсаулық сақтау жүйесінің құзыреті шектерінен шығып кетеді. Осыған байланысты, халық денсаулығын қорғау бойынша әрекет қазақстандық құқықтардың көптеген салаларын қамтиды: әкімшілік, азаматтық, жер, муниципалды, жанұялық, еңбек, қылмыстық, экологиялық құқы.

«Барлық қазақстандықтардың көркеюі, қауіпсіздігі және жағдайын жақсарту» «Қазақстан – 2030» стратегиясы ұзақмерзімді 4-ші басымдық «Денсаулық, білім және азаматтардың көркеюі» болып табылады. Бұл мақсатты іске асыру стратегиясы келесі компоненттерден тұрады: аурушылдықтың алдын-алу салауатты өмір салтын ынталандыру, есірткіге құмарлық пен есірткі бизнесімен күрес, алкоголь және темекі пайдалануды қысқарту, әйелдер мен балар денсаулығын жақсарту, ана мен бала денсаулығын қорғау, тамақтану сапасын жақсарту, қоршаған орта және экология тазалығы, таза ауыз суын қамтамасыз ету, гигиена және санитария ережелерін сақтау.

Казақстан Республикасы Президентінің келесі жыл сайынғы халыққа жолдаулары денсаулық сақтау жүйесін жетілдіру бойынша, соның ішінде медициналық көмек сапасы мен нәтижелілігін арттыру бойынша тапсырмалар; мемлекеттік-жеке-меншік серіктестік механизмін қолдана отырып 100 аурухана құрылысы; дәрігерлер мен медициналық қызметкерлерді оқытудың, аттестациялау және даярлаудың халықаралық стандарттарын қоса жалпы халықаралық стандарттарға көшу; соңғы жұмыс нәтижелерін, яғни көрсетілген медициналық көмектің сапасын, көлемін және күрделілігіне, сонымен қатар біліктілік деңгейіне қарай медициналық қызметкерлердің еңбекақысын төлеу; бюджеттік сфера қызметкерлерінің еңбекақысын сатылып жоғарылата отырып 2012 жылға 2 есе деңгейге жеткізу және т.б. қамтиды.

Азаматтардың денсаулығын қорғауға конституциялық құқықтарын іске асыру мақсатында және Қазақстан Республикасында олардың сақталуын қамтамасыз етуде бірқатар заңдар қабылданып, кейін олар 2009 жылдың 18 қыркүйегінде қабылданған «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі» туралы ҚР Кодексінің негізін қалады. Медицина сферасын регламенттейтін 11 заңды алмастырған Кодексті қабылдау лейтмотиві болып азаматтардың денсаулығын қорғауға құқықтарын максималды бекітуге жағдай жасау, ұлттық медицина статусын жоғарылатуға, денсаулық сақтау аймағындағы отандық заңдылықтарды халықаралық стандарттарға келтіру табылады.

Кодексте денсаулық сақтау аймағындағы мемлекеттік саясаттың ұстанымдары бекітілген:

1) қауіпті, тиімді және сапалы медициналық көмек алудағы азаматтардың құқық теңдігін;

2) жеке және қоғам денсаулығын сақтап нығайту үшін мемлекеттің, жұмыс берушілер мен азаматтардың ортақ жауапкершілігін;

3) аналық пен балалықты қорғауды;

4) ақысыз медициналық көмектің ақысыз кепілді көлемін;

5) денсаулық сақтау жүйесі жұмысында профилактикалық бағыттың басымдығын;

6) медициналық көмекке қол жеткізуді;

7) медициналық көмек сапасын үздіксіз жоғарылатуды;

8) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын;

9) медициналық көмек көрсетуде денсаулық сақтау мекемелері жұмысындағы сабақтастықты;

10) оқытудың қазіргі технологияларын қолдана отырып медициналық және фармацевтикалық білімнің үздіксіздігі мен сабақтастығын;

11) отандық медициналық ғылымды мемлекеттік қолдауды, ғылымның алдыңғы қатарлы жетістіктерін, денсаулық сақтау аймағындағы әлемдік техника мен тәжірибені енгізуді;

12) ерікті және риясыз донорлықты кеңейту;

13) медициналық және фармацевтикалық өндірістің конкурентқабілеттілігін дамыту және отандық өнімдерді мемлекеттік қолдауды;

14) денсаулығын қорғауға азаматтардың құқықтарын қамтамасыз етуде қоғамдық бірлестіктердің қатысуын;

15) денсаулық сақтаудың әлеуметтік, халықтың қажеттері мен тұтынуын қамтамасыз етуге және өмір сапасын жақсартуға бағыттылығы;

16) салауатты өмір салты мен салауатты тамақтануды қалыптастыруға атасалысу;

17) халық денсаулығын, дәрілік заттардың қауіпсіздігін, тиімділігін және сапасын ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету факторларына жатқызуды қамтамасыз ету.

Қазақстан Республикасындағы халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесінің қазіргі жағдайына талдау жүргізу негізінде 2011-2015 жылдарға «Саламатты Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың басымды стратегиялық бағыттары мен механизмдері анықталған.

Бағдарламада ведомствоаралық және сектораралық өзара әрекеттестікті ескере отырып жоспарланған іс-шараларды орындаудың заңдылық, инвестициялық, құрылымдық, экономикалық және мамандық қамтамасыз етілуі бойынша шаралар қарастырылған. Саланың нарықтық қатынастарға бейімделуі қарастырылған: көпқырлы меншік формаларының дамуы, медициналық көмек нарығын түзу, медициналық мекемелер арасында конкуренттік қатынастар қалыптастыру.

Үйлестіру материалы: «Рower Point» бағдарламасында дайындалған 10 слайд.

Әдебиет:

1. Қазақстан Республикасының Атазаңы, 30 тамыз 1995 ж.

2. ҚР Президенті Н.А. Назарбаевтың «Қазақстан – 2030. Барлық қазақстандықтардың көркеюі, қауіпсіздігі және жағдайын жақсарту» Қазақстан халқына жолдау. – Алматы, 1999. – 67 б.

3. «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР Кодексі, 18 қыркүйек 2009 ж.

4. Қазақстан Республикасындағы денсаулық сақтау жөнінде: Негізгі заңдылық актілер. – Алматы: ЮРИСТ, 2004. – 182 б.

5. Сагиндыкова А.Н. Конституционно-правовые проблемы охраны здоровья граждан в Республике Казахстан. – Алматы, 1997. – 167 б.

6. 2011-2015жылдарға «Саламатты Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасы, 29 қараша 2010 жыл.

Бақылау сұрақтары:

1. Денсаулық қорғауға конституциялық құқының мәні неде?

2. «Қазақстан – 2030» стратегиясындағы денсаулық приоритетінің мазмұны.

3. Денсаулық сақтау жөніндегі заңдылықтар нені реттейді?

4. Денсаулық сақтауды заңдылық реттеуге қандай құқық салалары қатысады?

5. Денсаулық сақтау аймағындағы мемлекеттік саясаттың негізгі ұстанымдары.








Дата добавления: 2016-03-22; просмотров: 5535;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.014 сек.