Тақырып 7. АУРУЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖӘНЕ САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Мақсаты:Студенттер алдын алу медицинасының теориялық және әдістемелік негіздерін білуі тиіс.

ДДСҰ денсаулықты аурулардың немесе дене бітімдік кемістіктердің болмауы ғана емес, толық дене күші, ақыл-ес және әлеуметтік игілікті жай-күй ретінде қарастырып отыр. Алайда, бұл жалпы қамтитын және идеалды көрініс қол жетпейтіндей дәрежеде сипатталады және көп жағдайларда біраз адамдарда бола бермейді. Денсаулықты жақсарту дегеннің астарында (Канада, Оттава Хартиясы) денсаулық тіршілік етудің мақсаты ғана емес, игілікті күнделікті өмірдің көзі ретінде қарастырылады. Бұл адамның әлеуметтік, жеке және дене бітімдік мүмкіндіктерін негізге алатын оңды тұжырымдама, адамның өзінің оңды жай-күйіне қол жеткізе алуы мен қоршаған орта жайттарына төтеп бере алуына басты назар аударылады.

Баршаның денсаулығына қол жеткізу жөніндегі еуропалық стратегия. Келісілген жалпы еуропалық саясатқа сәйкес барлық демократиялық мемлекеттер қол жеткізуге тиіс мақсат болып табылады. Осы стратегияға сәйкес мемлекеттер осы мақсатқа жету үшін өздерінің ресурстары мен мүмкіндіктерін пайдалануы тиіс.

Денсаулықтың негізгі ресурстары – кіріс, тұрғын үй, тамақ. Денсаулықты жақсарту осы негізгі құрамдардың тұрақтылығын, сондай-ақ ақпараттарды және белгілі өмір сүру дағдыларын, тауарларды, қызметтер мен мәдени тұрмыстық объектілерді денсаулықтың сұраныстарымен және экономикалық, дене бітімдік, әлеуметтік және денсаулықты жақсартатын мәдени ортадан тұратын қолайлы ортаны талап етеді.

Өмір салты – бұл адамдар қызметінің тәсілінің, белсенділігінің едәуір мәнді, кәдімгі сипаттамаларының олардың қоғам дамуы деңгейінің көрінісі болып табылатын сандық және сапалық бірлігіндегі жүйесі.

Өмір салты 4 санаттан тұрады:

- экономикалық - өмір деңгейі

- әлеуметтік - өмір сапасы

- әлеуметтік-психологиялық - өмір стилі

- әлеуметтік-экономикалық - өмір барысы

Өмір деңгейін тұрғындардың жан басына келетін ұлттық кірістің көлемін, тұрғындар жылына жұмсайтын игіліктер мен қызметтердің жалпы көлемін, тұтыну құрылымындағы тамақ үлесін (тамақ үлесі төмен болған сайын, өмір деңгейі жоғарылайды, өйткені басқа тұтынулар едәуір маңызды және жан-жақтырақ бола түседі) сипаттайды.

Салауатты өмір салты (СӨС) – бұл денсаулықты сақтауға, және жақсартуға, күшейтуге бағытталған адамдар тобының немесе тұлғаның қызметі. Осы түсінікте бір жағынан – СӨС - өмір үлгісі, екінші жағынан – денсаулықты тудыруға, адамның үйлесімді дене бітім және рухани дамуына бағытталған әрекеттерді жүзеге асыруға арналған жағдай. Салауатты өмір салтын қалыптастырудың (СӨСҚ) екі бағытын қарастырады: денсаулыққа оңды ықпал ететін жағдайларды, жайттарды құру, дамыту, күшейту, белсенділігін арттыру - health promotion; денсаулыққа деген қауіп жайтын төмендету.

СӨСҚ негізі - алдын алу(профилактика) және оның бағыттары болып табылады: 1) медициналық; 2) психологиялық; 3) биологиялық; 4) гигиеналық; 5) әлеуметтік; 6) әлеуметтік-экономикалық (тұрмыс, өндірістік және материалдық жағдайлар); 7) экологиялық; 8) өндірістік.

Медициналық алдын алу – жекеленген адамдардың, олардың топтарының немесе барлық тұрғындардың арасындағы аурулардың немесе зақымданулардың себебін анықтауға, оларды жою немесе әлсіретуге жататын ауқымды және жан-жақты қызмет аясы.

Алғашқы алдын алу кезінде ескерту шаралары аурудың немесе зақымданудың тікелей себебіне бағытталған, оның мақсаты аурудың немесе бұзылудың басталуын болдырмау болып табылады. Екінші алдын алу пайда болып қойған аурудың немесе зақымданудың ерте анықталу және тиісті дәрежеде емделу жолымен дамуына септігін тигізетін жағдайлар мен жайттарға әсер етеді. Үшінші алдын алу аурудың немесе асқынудың ауырсыну деңгейін, егер ол асқынулар пайда болып қойған болса, өршуін ескертуге бағытталады. Үшінші алдын алу оңалту және еңбекке жарамсыздығын ескерту бойынша кешенді шаралардан тұрады, ал еңбекке жарамсыздығын тұрақты жоғалта бастаса – оны қалпына келтірудің жолдарын, мысалы, оңалту шараларының немесе түзету хирургияларының көмегімен іздеу.

Денсаулықты жақсарту - мүгедектер мен қоғам мүшелеріне денсаулықтың детерминанттарын бақылауды, осы жолмен оны жақсартуға көмектесетін үдеріс. Бұл ортақ түсінік денсаулықты жақсарту үшін өмір салты мен өмір жағдайларын өзгертуге бел буғандарға арналған. Денсаулықты жақсарту алдына келесілерді мақсат етіп қояды:

1) қоғамның әрбір мүшесінің өмірлік дағдылары мен құзырлығын ол денсаулықты анықтайтын жайттарды ретке келтіре алатындай дәрежеде қалыптастыруға ықпал ету;

2) СӨС қолдайтын жайттардың әсерін күшейту және оған қолайсыз жайттарды өзгерту үшін қоршаған ортаға араласу;

Яғни бұл стратегияның тобықтай түйіні: «денсаулықты таңдауды мейлінше қол жетімді ету».

Аурулардың алдын алу шара ретінде, ең алдымен, медицина аясына жатады және мүгедектерге және қатаң белгілі қауіп топтарына тікелей тәуелді; ол қолда бар денсаулықты сақтауға бағытталған. Денсаулықты жақсарту, керісінше, белгілі бір жеке тұлғалар мен топтарды ғана емес, барлық тұрғындарды оның күнделікті тұрмыс-тірішілігін толығымен қамтиды. Оның мақсаты – денсаулықты жақсарту, осы тұрғыдан алғанда денсаулықты жақсарту мен аурулардың алдын алу әр түрлі жағдайларда және әр түрлі оқиғалар барысында ортақтылығы басым болып келетін, бірін бірі толықтырып отыратын екі бөлек шара ретінде қарастырылады.

Алғашқы алдын алуда алғашқы медициналық-санитарлық көмек деңгейінді жүргізілетін аурулардың пайда болу қаупі жайттарымен күрес негізгі болып табылады. Қауіп жайттарының 4 тобы қарастырылады: жүріс-тұрыстық, биологиялық, жеке және әлеуметтік-экономикалық.

Жеке қауіп жайттары. Жайттық алдын алу бағыттарының басымдылығын ескере отырып, едәуір елеулі жеке қауіп жайттарының ішінен жас шама мен жыныс болып табылады. Сонымен, мысалы, жүрек қан тамырлары аурулары мен асқазан ішек ауруларының белең алуы жас шамасына қарай көбеюде және 50 жас шамасындағылардың арасында 10%, 60 жас шамасындағылардың арасында 20%, 70 жас шамасындағылардың арасында 30% құрайды. 40 жас шамасындағы артериялды гипертония мен басқа да жүрек қан тамырлары аурулары әйелдерге қарағанда ер адамдарда жиірек кездеседі, ал урогенитальді жолдар ауруларға әйел адамдар көбірек шалдығады. Бұдан да үлкен жастардағы топтарда айырмашылықтар теңеле түседі және онша байқала қоймайды.

Едәуір елеулі биологиялық жайттардың ішінен тұқым қуалаушылықты ерекше бөліп қарастырады. Созылмалы инфекциялық емес аурулар: жүрек қан тамырлары аурулары, жүйке жүйесі, асқазан ішек және зәр шығару жүйелерінің аурулары едәуір мөлшерде отбасылық мәнге ие. Мысалы, егер, ата-аналардың екеуі де артериалды гипертониямен ауыратын болса, ауру 50-75% жағдайда дамиды. Бұл ауру міндетті түрде пайда болады деген емес, егер осы тұқым қуалаушылық ауртпалыққа басқа жайттар қосылатын болса (темекі тарту, артық салмақ т.б.), онда аурудың қаупі өсе түседі.

Кейбір аурулардың дамуына жеке жекеленген арнайы қауіп жайттары да әсер етеді. Сонымен, мысалы, жатыр мойнының қатерлі ісігінің дамуына ерте басталған жыныстық қатынас (18 жасқа дейін), 20 жасқа дейінгі және 40 жастан кейінгі бала туулар, ерте монопауза, жиі болатын жасанды түсік тастау мен анамнез, жыныстық серіктесін жиі ауыстыру, папилломовирустық немесе герпетикалық инфекциялардың болуы әсер етеді.

Сонымен қатар, адам денсаулығының жай-күйіне жүріс-тұрыс жайттарының әсері едәуір әсер ететіндігі де анықталды. Кеңінен таралғандарына мөлшерден артық салмақ, темекі тарту, ішімдікке салыну, төмен дене белсенділігі жатады.

Қауіп жайттарының созылмалы инфекциялық емес аурулардың пайда болуына, олардың жиі үйлесуі мен күшеюі әсеріне деген ықпалын талдай келіп, осы орайда қауіп жайттары созылмалы инфекциялық емес аурулардың дамуына қатысты синегристері болып табылады деген тұжырым жасауға болады, сондықтан екі немесе одан да көп жайттардан тұратын кез келген комбинация аурудың пайда болу қаупінің дәрежесін арттыра түседі.

Интеграциялық жол АМСК деңгейіндегі созылмалы инфекциялық емес аурулардың (СИЕА) жаппай алғашқы алдын алу стратегиясының негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Осы жолда жекеленген тұлғалар, отбасылар және қоғам денсаулық сақтау жүйесінің баса назар аударатын саласы болмақ, ал медицина қызметкері, денсаулық сақтау жүйесімен қоғамның байланыс жасайтын алғашқы буыны бола тұрып, бағдарламаның белсенді қатысушысы болады. Интеграцияның тұжырымдамасы негізгі инфекциялық емес аурулардың дамуындағы өмір салтымен байланысты жайттардың жалпы қасиетін мойындауға негізделген; бұл жайт, әсіресе, АМСК аясындағы жұмсалатын күш пен ресурстардың интеграциясын негізге алады.

Интеграция бірнеше түсініктерден тұрады. Олардың бірінде бір қауіптің жайты бірнеше аурулардың (мысалы, темекі тартудың өкпенің қатерлі ісігіне, созылмалы бронхқа, жүректің ишемиялық ауруына, ас қорыту жүйелерінің ауруларына әсері) дамуына қатысы болуы мүмкін. Екінші түсінікте бір аурудың (мысалы, спирттік ішімдіктің, темекі тартудың, семіздіктің жүректің ишемиялық ауруының пайда болуына және дамуына әсері) дамуында мәні бар болып саналатын бірнеше қауіп жайттарына бағытталған іс-әрекеттерді интеграциялауы мүмкін. Бірақ көбіне бірнеше қауіп жайттары мен аурудың бірнеше кластарына (мысалы, темекі тарту мен ішімдікке салыну өкпенің қатерлі ісігінің, жүректің ишемиялық ауруының және асқазан ішек ауруларына әсері) бір сәтке бағыттала қарастырылады.

Қауіп жайттары мен АМСК деңгейіндегі аурулардың алдын алудағы медицина қызметкерінің рөлі келесілерден тұрады:

1 кезең – қауіп жайттарының әсері;

2 кезең - қауіп жайттары бойынша алғашқы алдын алуға тұлғаларды іріктеу;

3 кезең - қауіп жайттары бойынша (бір жылдың ішінде) практикалық араласу;

4 кезең – қауіп жайттарының өсу барысын (жыл сайын) бақылау және қадағалау;

5 кезең – араласудың нәтижелілігін бағалау (жыл сайын)

Тұрғындармен алдын алу жұмыстарын жүргізу әдістері:

- мақсатты санитарлық-гигиеналық тәрбие, сонымен қатар жеке және топтық кеңес беру, емделушілерді және олардың отбасы мүшелерін нақты аурулармен немесе топтық аурулармен байланысты білімге және дағдыларға оқыту;

- денсаулық жай-күйінің өсу қарқынын, тиісті сауықтыру және емдеу шараларын анықтау және жүргізу үшін аурулардың дамуын бағалау мақсатымен диспансерлік медициналық қарауды жүргізу;

- алдын ала емдеу мен мақсатты сауықтыру, сонымен қатар емдік тамақтану, емдік дене шынықтыру, медициналық массаж және сауықтырудың басқа да алдын алу әдістерін, шипажайлық-курорттық емдеу курстарын жүргізу;

- денсаулық жай-күйіндегі жағдайларды өзгертуге медициналық-психологиялық бейімдеу жүргізу, ағзаның өзгерген мүмкіндіктері мен сұраныстарын дұрыс қабылдау мен қатысын қалыптастыру.

АМСК деңгейінде алдын алудың әр түрлі стратегиялары бар: 1) жеке, 2) топтық және 3) популяциялық алдын алу. Жеке алдын алу медицина қызметкерлерінің сұхбаттасу, кеңес жүргізуінен тұрады, осы орайды медицина қызметкері емделушіге қауіп жайттары, олардың созылмалы ауру барысына әсері туралы ақпарат беруі, өмір салтын өзгерту жөніндегі ұсыныстар беруі тиіс. Жеке жұмыс дәрігердің СИЕА асқынуының мүмкін болатын даму себептерін белгілеуіне және олардың алдын алуға мүмкіндік береді. Топтық деңгейдегі алды алу бірдей немесе ұқсас аурулары бар емделушілер тобына арналған лекциялар, семинарлар жүргізуден тұрады. Топтың деңгейдегі жұмыс түрлерінің бірі «денсаулық мектептері» ұйымы, мысалы, «диабет мектебі», «артериалды гипертония мектебі», «демікпе мектебі» болып табылады. Дәрігерлік қабылдау кезінде екінші алдын алу бойынша барлық шаралар кешенін көрсету қиынға соғады, сондықтан осы емделушілер «денсаулық мектептерінде» білім ала алады. «Денсаулық мекетептерінің» мақсаты емделушілерге ауру, қауіп жайттары туралы ақпарат беруден, сондай-ақ жүріс-тұрысты өзгерту дағдыларына үйрету, салауатты өмір салтын қалыптастырудан тұрады. Популяциялық алдын алу барлық тұрғындар үшін жүргізілетін жаппай шаралардан, сондай-ақ тұздар мен ұн өнімдерін йодтаудан, сауықтыру әдістерін кеңінен насихаттау мен таратудан тұрады.

Алдын алу медикоментозды емес және медикаментозды болып бөлінеді.

Үйлестіру материалы: «Rower Point» бағдарламасындағы 10 слайд

Әдебиеттер:

1. Аканов А.А., Тулебев К.А., Айтжанова Г.Б. Руководство по формированию здорового образа жизни, профилактике заболеваний и укреплению здоровья. – Алматы, 2002. – 250 с.

2. Аканов А.А., Тулебаев К.А., Назирова И.Н. и соавт. Руководство по пропаганде здорового образа жизни и профилактике заболеваний. - Астана, 2007. – 115 с.

3. Аканов А.А., Сейсенбаев А.Ш., Аканова Г.Г. и соавт. Алгоритмы действий медицинских работников на уровне ПМСП по основным факторам риска ХНЗ. - Алматы, 2000. - 40 с.

4. Арингазина А.М., Егеубаева С.А. Укрепление здоровья: теория и планирование программ. - Алматы, 2003. – 158 с.

5. Доскалиев Ж.А., Диканбаева С.А., Аканов А.А. Управление организацией и проведением мероприятий по профилактике наиболее значимых заболеваний. - Алматы, 2004. – 47 с.

Бақылау сұрақтары:

1. Өмір салтының негізгі критерилері.

2. Қауіп жайттарының топтық жиктелуі.

3. Денсаулықты жақсартудың анықтамасы.

4. Медициналық алдын алудың түрлері.

5. Алдын алудың негізгі стратегиялары.

 








Дата добавления: 2016-03-22; просмотров: 5217;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.014 сек.