Инклюзивті білім беру. Үздіксіз білім беру. Қосымша білім беру

Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасың басты мақсаты – экономиканың және азаматтардың әл-ауқатының тұрақты дамуын қамтамасыз ететін білім беру жүйесінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, адами капиталды дамыту үшін оны түбегейлі жаңғырту.

Экономикалық табыстармен қатар білім беру басқа да әлеуметтік табыстарды қалыптастырады. Азаматтық қатысудың үлкен үлесін, жоғары әлеуметтік тығыздылық және интеграцияны, төменгі деңгейдегі құқық бұзушылықты қамтитын қоғамның – әлеуметтік капиталдың қалыптасуына ықпал етеді. Ең ерте жастағы білім беру әлеуметтік, эмоционалды және басқа да өмірге қажетті біліктердің қалыптасуында маңызды рөл атқарады.

Қазақстан Республикасындағы мемлекет басшылығының адам капиталын дамытудың маңыздылығы мен қажеттілігін және білім беру жүйесін реформалауды бастау мен жүргізуге жан-жақты қолдау көрсетуінің нәтижесінде білім беруді прогрессивті дамыту мен модернизациялау мүмкін болып отыр.

Жаңа мақсаттарды шешу үшін Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, Қазақстан Республикасындағы техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2008-2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, «Қазақстан балалары» бағдарламасы секілді бірқатар бағдарламалық құжаттар мен нормативті актілер қабылданды.

Инклюзивті білім беру дегеніміз – баланың мүмкіншілігінің шектеулі болғанына қарамастан мектепке дейінгі мекемелерде және жалпы орта білім беретін мектептерде толықтай білім алуын қамтамасыз ету. Инклюзивті білім беру қоғамның барлық істерінде баланың теңдігін ынталандыруға бағытталады.

Инклюзивті білім беру төмендегідей принциптерді басшылыққа алады:

- адамның құндылығы оның қабілеттеріне байланысты болмайды;

- әрбір адам сезуге және ойлауға қабілетті;

- әрбір адам қарым-қатынас жасауға және іс-әрекет жасауға қабілетті;

- әрбір адамның бір-біріне деген қажеттілігі орын алады;

- әрбір адам өзін қолдауға және достыққа мәжбүр;

- әртүрлілік адамның өмірінің барлық жақтарын арттыра түседі.

Инклюзивті білім беру оған қатысатын әрбір адамның бойында төмендегідей құндылықтарды сіңіруге үйретеді: теңдік, шыдамдылық, сол күйінде қабылдау.

Интеграция – (латын сөзі integration, тікелей аудармасы – қалпына келтіру, толықтыру) қандай да бір бөліктің, элементтердің тұтасқа бірігуі. Интеграцияның анықтамасынан көрініп тұрғандай, интеграция – бұл қалыпқа келтіру, толықтыру; жеке тұлға мен топтардың әлеуметтік бірлестікке бірігуі; физикалық-психологиялық ерекшеліктері бар балаларға көмек беру.

Балаларды бірлесе оқыту әлеуметтік көзқарас бойынша интеграцияның төмендегідей салаларын бөлуге болады:

- отбасы;

- мектепке дейінгі тәрбие берудің әртүрлі формасы;

- мектептік интеграция;

- кәсіби интеграция;

- демалыс, бос уақытты тиімді өткізу интеграциясы.

Инклюзивті білім беруде шетелдік тәжірибеге тоқталайық. Дүниежүзінде инклюзивті білім беру мен оқытуда алдыңғы қатарда тұрған мемлекет онша бай емес мемлекет – Италия.

Италияда инклюзивті білім беру алдын ала заңдастырылған:

- сыныптағы балалардың саны – 20;

- сыныптағы ерекше дамудағы балалардың саны – 2;

- арнайы бағдарламамен жұмыс жасайтын сыныптар қарастырылған;

- арнайы және жай педагогтар сыныптың барлық оқушыларымен бірдей қарым-қатынас жасайды.

Италияда ерекше дамып келе жатқан 4 балаға 1 педагогтан келеді. Егер сыныпта көзі көрмейтін, не құлағы мүлде естімейтін бала болса, онда барлық сыныптың оқушылары Брайль әліппесін үйренеді және ишаратпен түсіндіруді үйренуі тиіс. Ең бастысы – жылулық пен қамқорлықты сезіну. Италияда 1992 жылғы шыққан заң алға тек қана балаларды әлеуметтендіру мәселесін қайталайды, сондай-ақ академиялық пәндерді сапалы оқытуды да көздейді.

Ал 2003 жылдан бастап Италияның Білім беру министрлігі барлық мектеп директорларын жұмыстан қол үзбей инклюзивті білім беретін жолдарын қарастыратын тренингтерге қатысуды міндеттейді, ал жалпы білім беретін мектеп мұғалімдері жылына 1 рет 40 сағаттық инклюзивті білім беру бойынша кәсіби біліктілікті арттыру курстарын өтуге міндетті. Кейбір мемлекеттерде, атап айтқанда Канадада мектептің жалпы бюджетінің бір бөлігі – интеграцияға бөлінеді.

Шетелдерде инклюзивті білім беруде тек педагогтер қатыспайды. Олар мектептің оқушылары, балалардың ата-аналары, жоғары сыныптың оқушылары, жергілікті колледж пен педагогикалық жоғары оқу орындары қоғамдық мекемелер.

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында біздің елімізде де инклюзитивті білім беру бойынша игі жұмыстар қолға алынуда.

Барлық өңірлерде ерте жастағы балаларға түзеу-педагогикалыққолдау көрсету үшін түзеу және инклюзивті білім беру кабинеттері құрылуда. 2015 жылға дейін желі 380-нен 540 бірлікке дейін өседі.

2020 жылға қарай мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтылатын балалардың саны барлық мектепке дейінгі жастағы балалардың 70 %-нан 100 %-ға дейін артады. Бұл міндет мектепке дейінгі ұйымдардың жалпы санынан жекеменшік балабақшалардың үлесін арттыру есебінен 5,7 % – 2011 ж, 6,1 %-ға дейін – 2015 ж. және 6,5 % – 2020 ж.

Бүгін 249 246 мүмкіндігі шектеулі балалардың 39218-і немесе 15,7 % - мектеп жасына дейінгі балалар. 37 арнаулы балабақшада және 240 арнаулы топтарда мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен 10 мыңға жуық бала қамтылған, ол 24,5 %-ды ғана құрайды. Арнаулы түзету мектепке дейінгі ұйымдардың желісін сақтау және оларды арттыру мақсатында Ақмола, Алматы, Батыс Қазақстан, Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстарында арнаулы балабақшалар ашылады. Арнаулы түзету мектепке дейінгі ұйымдардың үлесі жалпы санынан 2015 жылы – 2 %-ды, 2020 жылы - 2,5 %-ды құрайды. Балабақшалар үлесі олардың жалпы санынан кедергісіз жағдай туғыза отырып 20 %-дан 2011 ж. 30%-ға дейін 2020 ж. артатын болады.








Дата добавления: 2016-02-24; просмотров: 8992;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.008 сек.