Ж және ЖӨЖ құрамындағы торлық жоспарлау
Құрылыста қолданылатын модельдер. Қазіргі кезеңге дейін басқару жүйесіндегі моедь ретінде Гранга графигі күнтізбелік сызықтық графиктер түріндегі қарапайым графикалық әдістер қолданылады, онда уақыт масштабында кезектілік пен жұмыстардың орындалу мерзімдері көрсетіледі. Көп қолданылмайтын циклограммалар көлбеу сызықтар түрінде координа жүйесінде жұмыс барысын көрсетеді және сызықтық графиканың бір түрі болып есептеледі.
Торлы график элементтері.
Құрылыс жұмыстарының ҚБЖ жүйесіндегі өндірістік процестерін арасындағы технологиялық және ұйымдастырулық байланысын көрсететін модель ретінде торлы графикті қолданады.
Торлы график үшбұрыштар мен дөңгелектерден тұратын график түрінде кескінделеді. Торлы график есептелген уақыттық параметрлі торлы жүйелік модельді сипаттайды. Тұрғызу негізі ұғымдары «жұмыс» және «уақиға» болып келеді.
Жұмыс - уақыт пен материалдық ресурстар шығындарын қажет ететін және нақты нәтижелерге қол жеткізуді (мысаоы, қазаншұңқыр қазу, іргетасты орналастыру, құралымдарды монтаждау) қамтамасыз ететін өндірістік процесс.
Торлы графикте жұмысты тұтас бір бағдаршамен көрсетеді (сурет 1.1), оның ұзындығы жұмыс ұзақтығымен байланысты емес (егер график уақыт масштабында тұрғызылмаса). Бағдарша астында жұмыс атауы көрсетіледі, ал бағдарша үстінде күнмен көрсетілген жұмыс ұзақтығы, қажет болған жағдайда тәуліктегі немесе ауысымдағы жұмысшылар саны көрсетіледі. Сондай ақ бағдарша астында ҚМЖ сметалық құнын (мың теңге), жұмыстың физикалық көлемін, жұмыс орындаушыларды және т.б. көрсетуге болады. Графиктің қолданылу мақсатына байланысты атқарылатын жұмыстардың параметрлерінің мазмұндары өзгеріп отыруы мүмкін, бірақ ұзақтығы мен жұмыстардың атаулары өзгермейді, нақты көрсетіліп отырады.
Күту – тек ғанаи уақыт шығынын керек ететін және ешқандай материалдық ресурстарды қажет етпейтін процесс. Күту бірінен соң бірі орындалатын жұмыстардың арасындағы технологиялық және ұйымдастырулық үзіліс болып есептеледі.
Бірнеше технологиялық күту мысалдарын келтірейік. Ормалы руберойд астына цемент төсемесін төсеген кезде оның нормалық деңгейге дейін қатуы мен ылғалдылығының төмендеуіне нақты бір уақыт қажет, содан соң ғана төмесе жұмыстары атқарылады. Осы уақыт бірлігі күту болып есептеледі. Технологиялық күтудің басқа мысалы ретінде абаттандыру жұмыстары кезінде безендірудің мерзімдік жұмыстарының жыл мезгілінің жылы уақыттарына дейінгі үзілісін айтуға болады. Егер ағаш шеберлері бригадасыбасқа жұмыстармен айналысып жатқан болып, ал құралымдардың қалыптарын ажырату жұмыстары тоқтап тұрған болса, онда бұл мысал ұйымдастырулық күту болып есептеледі.
Күту жүмыс секілді белгіленеді, тұтас сызықпен бағдаршамен, күту атауы мен ұзақтығы кескінделеді (сурет 1.2)
Тәуелділік (фиктивті жұмыс) жұмыстардың технологиялық және ұйымдастырудық байланысын көресту үшін қолданлады, ешқандай уақыт және ресурстарды қажет етпейді. Тәуелділік үзік сызықпен кескінделеді. Ол уақиғаның аяқталу кезектілігін анықтайды. Мысалы, 11-12 тәуелділігі (сурет 1.3) төмесе астына құм дайындамасын аяқтаудың технологиялық қажеттілігінен (уақиға 11), еден астына төсеме жасау үшін есік қорабтарын орналастыру жұмыстарын аяқтау қажеттігінен туындайды.
Уақиға - келесі жұмыстарды бастау үшін қажетті және жеткілікті, бір немесе бірнеше жұмыстардың нақты аяқталуын көрсетеді. Кез келген торлы график жүйесінде уақиға жұмыстардың технологиялық және ұйымдастырулық кезектілігін көрсетеді. Уақиға дөңгелекпен немесе басқа да геометриялық фигурамен кескінделеді, олардың ортасында (немесе қасында) нақты номер – уақиға коды көрсетіледі. Уақиға қарастыралытн жұмыспен шектеледі, жұмысқа байланысты бастапқы және ақырға болуы мүмкін.
Бастапқы уақиға берілген жұмыстың бастамасын көрсетеді және алдынғы жұмыстардың аяқталуы болып келеді. Ақырғы уақиға берілген жұмыстың аяқталуы болып және келесі жұмыстар үшін бастапқы болып келеді. Берілген уақиға – торлы график жүйесі ауқымында алдынға жұмыстары жоқ уақиға болып келеді. Аяқтау уақиғасы - торлы график жүйесі ауқымында келесі жұмыстары жоқ уақиға болып (сурет 1.4) келеді.
Күрделі уақиға - оған кіретін және одан шығатын жұмыстар саны екі немесе бірнеше болып келетін уақиға (сурет 1.5).
Жол - Торлы графиктегі жұмыстың үздіксіз кезектілігі. Жол ұзындығын оның құрамындағы жұмыстардың ұзақтығының қосындысы арқылы анықтайды. Торлы графикте берілген және аяқтау уақиғалары арасында бірнеше жол болуы мүмкін. Торлы графиктің берілген уақиғасынан аяқтау уақиғасына дейінгі жол толық жол деп аталады. Жол жалғастырушы болуы мүмкін – егер участок графиктің берілген уақиғасынан анықталған жерге дейін болса, сондай ақ берілген уақиғадан келесі уақиғана дейін болса кезекті болып келеді. Жол жұмыс кезектілігімен немесе уақиғамен сипатталады.
Мысал ретінде ғимараттың жер асты бөлігі құрылысы Торлы графигі жүйесінің барлық элементтерін қарастырайық (сурет 1.6). Уақиға 1 - графиктік берілген уақиғасы. Жұмыстар 1-2, 1-3- берілген уақиғадан тарайтын торлы графиктің берілген жұмыстары.
Уақиға 8 - графиктің аяқтау уақиғасы. Жұмыстар 7-8 – нақты жүйесен сипатталатын жұмыс топтамасының барлық аяқталуына қол жеткізетін орындалатын ақтау жұмыстары.
2-3 тәуеліділік – ұйымдастырулық. Ол бір жұмыстан екінші жұмысқа ауысқан кездегі жер жұмыстарымен айналысатын механизмдерді жинақтау немесе жұмысшылар бригадасының ауысуын сипаттайды. 6-7 тәуеліділік – технологиялық. Ол қазаншұңқыр ернеулерін кері көму бойынша жұмыстардың басталуы үшін алдынға жұмыстардың аяқтауы тиіс екендігін көрсетеді – 5-6 іргетастрады судан оқшаулау, 5-7 аралық жабындарды монтаждаумен параллель орындалады.
3-4 жұмыстары үшін (оржолдарды қазу) 1-3 және 1-2 жұмыстары (2-3 тәуелділік арқылы) – алдынғы, олардың орындалуы қарастырылатын жұмыстың шартты бастамасы болып келеді; жұмыс 7-8 - келесі, ол жұмыстың басталуы 4-7 және 5-7 жұмыстарының аяқталуы қажет, 5-6 жұмысының орындалуы болып келеді (6-7 тәуелділігі арқылы).
Бұл графиктің берілген уақиғадан аяқтау уақиғасына дейінгі барлық мүмкін деген жолдарын анықтаймыз және есептеулерді 1 кестеге толтырып олардың ұзақтығын анықтаймыз.
Кесте 1. Торлы графиктің жолдарын анықтау
Жол № | Жол | Жол ұзындығы (созылымы), күн | Жол № | Жол | Жол ұзындығы (созылымы), күн |
1-2-3-4-7-8 | 3+0+2+12+1=18 (критика асты жолы) | 1-3-5-7-8 | 3+15+2+1=21 (критикалық жол) | ||
1-2-5-6-7-8 | 3+15+1+0+1=20 (критика асты жолы) | 1-3-4-7-8 | 1+2+12+1=16 критика асты жолы) |
Критикалық жол деп барлық толық жол ішінен ең үлкен ұзындықтағы (созылымы) толық жолды атайды. Оның ұзындығы торлы график бойынша жұмыстардың орындалу уақытын көрсетеді. Графикте бірнеше критикалық жолдар болуы мүмкін. Критикалық жолда орналасқан жұмыстар критикалық деп аталады. Критикалық жұмыстардың ұзақтығының артуы торлық графиу бойынша барлық жұмыстардың ұзақтығының жалпы артуына әкеледі, ал қысқаруы азаюына әкеледі.
Берілген шамаға критикалық жол ұзақтығынан біршама қысқа жолдар критикалық асты жолдары деп аталады. Ондай шама ретінде, мысалы, бақылау уақыты болуы мүмкін (жұмыс орындалу барасындағы мәліметтерді алу). Апталық тәуліктік оперативті жоспарлау кезеңінде бақылау мерзімі жеті күнтізбелік күнді құрайды.
Барлық критикалық және критика асты жолдарының қосындысы критикалық аймақ деп аталады. Осы жолдарда орналасқан жұмыстарымен критикалық жол жұмыстары секілді ерекше назар аударуды қажет етеді. Қарастырылып отырған мысалда критикалық жол ұзақтығы 21 күн. Критикалық жол жуан сызықпен, қосарланған сызықпен кескінделеді.
<== предыдущая лекция | | | следующая лекция ==> |
УПРАЖНЕНИЯ НА ПАЛЬЦАХ | | | Формальное представление знаний. Виды информации. |
Дата добавления: 2015-12-26; просмотров: 1595;