Бақылау сұрақтары №1
1.Ұңғы технологиялық жұмысы режимін орнату үшін қандай берілістер керек?
2.Қабат пен кеніш таулыгеометриялық сипатына не жатады?
3.Қабаттың гидродинамикалық және коллекторлық қасиетіне не жатады?
Әдебиеттер: [1, 2, 3, 5, 10]
№ 2 Дәріс. Қабат пен ұңғыны зерттеудің өндірістік әдістері.
Мұнай және газ кен орындарын әзірлеуде пайдаланылатын зерттеу әдістері. Қорды есептеуге, жобалау мен әзірлеуді тиімді бақылау жайлы ақпаратты скважиналардың дебитінің мұнай, су мен газдың бетін өлшеу арқылы, өнімдік қабаттарға толтырылатын жұмыстық агент пен шығындарды бақылау арқылы алады. Скважиналарды зерттеу жолымен және таужыныстары құрамының өзгеруін зерттеу арқылы және барлау және әзірлеу процесіндегі қанықтандыратын сұйықтықтар мен газдар жайлы ақпарат алынады. Зерттеу өнімдерді қабаты барлық кезең өндірістік барлау мен кендерді әзірлеу негізінде лабораториялық, кәсіптік геофизикалық жене гидродинамикалық әдістерімен жүзеге асырады.
Тәжірибелік әдіс. Тәжірибелік әдістерге бұрғылау және қанау кезінде алынатын физико-химиялық, механикалық, электрикалық және басқа да таужынысының нұсқаларының құрамына және қабаттық сұйықтықтырдың (газдардың) үлгісін есептеу жатады. Бұл зерттеу әдістері кезінде негізгі кеуектілік, қабаттың өткіштігі, тұтқырлық және мұнайдың тығыздығы және жыныс пен сұйықтықтардың параметрлері анықталады.
Бұл әдістер үлкен практикалық мағынаға ие, әсіресе мұнай мен газ қорын есептейді және мұнай мен газ кен орнын жобаны әзірлейді.
Кәсіптік-геофизикалық әдісте. Кәсіптік-геофизикалық әдістерге арнайы құрылғылармен кабелмен скважинаға түсіру арқылы таужыныстардың электірлік, радиоактивтілік және басқа да қасиеттері мен құрамын зерттеу жатады.
Геофизикалық зерттеулердің нәтижелеріне қарай қабатың қалыңдығын, кеуектілігін, өткіштігін, мұнайға қанықтылығын және т.б. анықтауға болады. Ол үшін кәсіптік өлшеулердің мәндерін таужыныстардың және қабаттық сұйықтықтардың (газдар) лабораториялық сынақтар үлгілерінің нәтижелерімен салыстырады. Сол үшін зертеудің мұндай әдістерін өнімдік қабаттарды зерттеудің жанама әдістеріне жатқызады. Оларды барлау мен кен орнын әзірлеудің бастапқы кезеңінде пайдаланылады.
Тәжірибелік және кәсіптік геофизикалық әдістердің көмегімен скважинаның тек жарына жабысқан аймағындағы қабаттардың құрамын зерттеуге болады. Сол үшін олардың көмегімен алынатын қабаттың құрамын және көлемде бөлінуінің жылдам өзгеруі жайлы ақпаратты дәлме-дәл емес сипаттайды. бұрғыланған скважиналарға және алынған таужыныстардың нұсқасының саны қабаттардың құрамының деректердің дұрыстығының дәрежесіне байланысты.
Гидродинамикалық әдістер. Гидродинамикалық әдістерге қабаттардың кейбір маңызды жанама кәсіптік мәліметтерді тікелей өлшеуге негізделген дебит скважиналардың және қондырылмаған сұйықтықтар мен газдарды филтрлеу процесстері әдістері жатады.
Бұл әдістердің негізінде дебит, қысымдар мен өнімдік қабатардың (өтімділігі, суөткізгіштігі және т.б.) гидродинамикалық формулаларын суреттейтін әдістер жатыр.
Гидродинамикалық зерртеулер скважинаға кабелмен (сыммен) түсірілетін тереңдік монометрі мен расходометрмен және скважинаның аузына қондырылған құрылғылармен жүргізіледі.
Лабораториялық және кәсіптік геофизикалық әдістерге қарағанда гидродинамикалық зерттеулер скважиналардың жарлар арасы немесе олардың арақашықтығы өнімдік қабаттардың орташа құрамдық мәндерін анықтайды. Гидродинамикалық зерттеулер қабаттық жұмыстар жайлы көп көлемде ақпарат сақтайды.
Мұнай кәсіпшілігі практикасында гидравликалық зерттеулердің келесі әдістерін пайдаланылады:
- белгіленген іріктеу
- қысымды қалпына келтіру
- скважиналардың өзара әрекеттесуі (гидротыңдау)
- термодинамикалық
Газдық скважиналарды зерттеу газды филтрлеудің стационарлық (орнатылған) және стационарлық емес тәртіптерінде өткізеді. Соңғы жағдайда келесі әдістерді қолдаланылады:
- скважина тоқтаған кездегі забойлық қысымды қалпына келтіру
- кважинаны іске қосқан кезде забойлық қысым мен дебитті тиянақтау
Газдық сважинаны зерттеудегі мәліметтерге қарап скважинаны эксплуатациялау кезіндегі параметрлердің өзгеруін аламыз.
Ұңғыларлар мен жер қыртысын зерттейтін әдістер барлау объектісі жайлы, флюидтардың ұңғыға қарқынды ағуы жайлы, өңдеу кезінде қыртыстағы өзгерістер жайлы ақпараттар алуға арналған. Бұндай ақпараттар мұнай табудың экономикалық тұрғыдан ақталған барысы жайлы, кен орнын барлаудың рационалды тәсілдерін жүзеге асыру, ұңғыдан сұйықтықты шығаратын жабдықты таңдау, жабдықтың ең жоғары мұнайбергіштік коэффициентке жеткен кездегі ең үнемді режимін анықтау үшін керек.
Мұнай қорын жасау барысында мұнай кені мен ұңғыдағы жағдайлар өзгереді. Ұңғылар суландыралады, қыртыстық қысым азаяды, газдық қозғаушы күш өзгереді. Бұл ұңғы мен қыртыс жайлы әрадайым ақпарат алуға және тоқтаусыз жаңаруға мәжбүр етеді. Мұндай анық ақпараттан мұнайды сұрыптауға бағытталған қандай да болсын ұғыға немесе геолого-техникалық шараларға қатысты әрекет етілетін дұрыс шешім қабылдаланылады.
Кеннің сипаттамасын зерттеу ол ашылған бойдан басталады. Бастапқы кезеңді зерттеудің негізгі бір мақсаты мұнай мен газ қорын есептеуге арналған ақпарат алу. Қыртыстан мұнайгаз табудың қазіргі технологиясымен алынатын кен қорын бағалау үшін қыртыстың мұнайбергіштік коэффициентін анықтауға бағытталған зерттеулер қажет. Бұл көрсеткіш ақырғы кен орнын барлау тиімділігінің ең маңыздысы болып келеді. Геологиялық және шығарылатын қордан басқа, қордың өндірістік маңызын бағалау үшін мұнай мен газдың тауарлық сапасын білу де қажет, әрі кеннің құрамын, ұңғының өндіргіштігін анықтайтын, қыртыстың қалыңдығын және өткізгіштігін, қыртыстық жағдайдағы сұйықтықтың тұтқырлығын және т.б. білу қажет.
Өндірістік мұнай не газдың өндірістік қоры анықталғаннан және қордың пайдаланылуға берілгенінен кейін технологиялық схеманы немесе қорды барлаудың жобасын істеуге кіріседі.
Қыртыстың гидродинамикалық сипаттамасының маңызды кейпін, барлау системасында шынында айқындау кезінде қабылданған бөлек бөлшектердің технологиялық тиімділігін (қаабаттық қысымды ұстайтын система, ұңғыларды орналастыратын скважина, қабатты ашудың қабылданған әдісі, ұңғыны пайдалану әдісі), пайдаланылып жатқан ұңғылардың өдіргіштігін көтеруді немесе қайта қалпына келтіруді ұңғыны өндірістік қолданыс кезінде зерттейді.
Газ ұңғыларын зерттеу кезінде арнайы қондырылған сепараторлары бар жүргіш қондырғылардың көмегімен кен орнының газконденсаттылығын анықтайтын әртүрлі әдістер кеңінен қолдаланылады. Зерттеудің мақсаты – газдың ұңғы сағасына өтуі және т.б. кезінде, қысым мен температура төмендеген кездегі сойыста және ұңғы өзегінде бөлінетін қатты қоқыстар саны мен сұйық фаза кезіндегі әртүрлі қысым мен температурада сепарация кезінде бөлінетін газдың шикі конденсат санын табу.
Дата добавления: 2015-12-08; просмотров: 1801;