Ының геофизикалық зерттеулер комплексі және негізгі шешімдері.

Игеру объектісін, мұнайдың кему тиімділігін, су және газ ұңғыларын, игеру кезіндегі қабаттағы процесстердің өзгеру көрсеткіштерін анықтауда ұңғыны зерттеудің бірнеше әдістері бар. Ұңғыны зерттеу қабат фильтрация параметрлерін анықтау үшін жүргізіледі және одан әрі жүйелі түрде барлық кен орынды пайдалану ұзақтылығында жүргізіліп отырады.

Зерттеудің негізгі түрі гидродинамикалық және термодинамикалық болып табылады. Сонымен бірге арнайы зерттеулер бар-олар гидрохимиялық және геофизикалық.

Геофизикалық зерттеу әдісі – физикалық әсер етуге негізделген. Геофизикалық әдіспен ұңғыны зерттеу және геологиялық қима тау – жыныстарының жағдайы жөнінде, олардың параметрлерін, игеру кезіндегі өзгерістері жөнінде информация беріп отырады. Сонымен бірге бұл зерттеу геологиядан басқа, яғни технологиялық шараларда да қатысып отырады. Геофизикалық зерттеулер каратаж көмегімен іске асады. Оның арнайы құрылғылары электрокабель арқылы ұңғыға түсіріліп, таңдалып алынған ұңғы интервалы зерттеледі. Каротаждың бір-екі түрі бар:

1. Электр каротаж. Бұл каротаж ұңғыдағы сұйықпен жыныстың әсерлесуінен болған, пайда болған электр өрісінің өзгеруін зерттеуге негізделген. Сонымен бірге тау жынысының электірлік кедергісі, патенциалдары, потенциалдар өзгерістері, т. б. Зерттеледі. Ұңғы қапталдарындағы каротаж зондтарымен өлшейді. Электрокаротаж және оның түрлері тау жыныстарындағы қималарды дифференциалдап, өткігішті және кеуекті жыныстардың табанымен кровлясынтауып, мұнайлы қабатшаларды анықтайды.

2. Радиоактивті каротаж. Ол табиғи гамма – сәуле жыныс тарату өзгерісі, сонымен бірге олармен бірге нейтрондар немесе гамма-сәулелермен әсерлесуі арқылы зерттеуге негізделген.мұнайлы, сулы, газды жыныстарды анықтау үшін радиоактивті каротаждың бірнеше түрлері бар, олар кеуектілікті мұнайға қанығушылықты, тау-жынысының тығыздығын т.б. анықтайды. Сонымен бірге ұңғының техникалық жағдайын анықтау үшін де қолданылады.

3. Нейтронды каротаж. Нейтрон ағымы мен тау жынысының элементтер ядросы әерлесуіне негізделген. Ұңғыға түсірілген құрылғы жылдам нейтралдар көзіне ие және осы кезден алысырақ белгілі бір шамада орналастырылған, изоляцияланған экранды индикатормен жабдықталған.

Нейтронды каротаждың бірнеше түрі бар, олар коллектор және қабат сұйығы жайлы қосымша информация береді.

4. Акустикалық каротаж тау жыныстарының серпімді қасиетін анықтауға негізделген. Бұл үшін ұңғыда серпімді теңселу, тербеулер болады, олар қоршаған ортаға таралып, орнатылған бір немесе бірнеше қабылдағыш арқылы қабылданып отырады. Осы қабылдағыштардың ара-қашықтығындағы теңселулер тарауының жылдамдығы, амплитудасы анықталады. Акустикалық каротаждың үш модификациясы бар: олар серпімді толықтырудың басылуы және цементті сақина және ұңғының техникалық жағдайына өткізілетін акустикалық каротаж.

5. Термокаротаж-температураның таралуын зерттеу. Термокаротаж жынысты температуралы градиенті бойынша дифференциалдауға көмектеседі

6. Кавернометрия-отырғызылмаған ұңғының фактілі диаметрін өлшеу және оны бағанасы бойынша өзгерту.

Гидравликалық зерттеу –олар орнатылған немесе орнатылмаған режимдер кезіндегі сұйық немесе газ ұңғысының ағу параметрін зерттеу үшін негізделген. Ағу параметрі дебит болып табылады, қысым немесе оның өзгерістері. Орнатылған режимдағы ұңғыны зерттеу ұңғы жұмысы үшін маңызды мінездемелер алуға мүмкідік береді. Бұлсыз ұңғының дебитін және сұйықты көтеру үшін техникалық талаптарды білу мүмкін емес. Бұл әдіс қабаттың гидроөткізгіштігін анықтауға мүмкіндік береді. ;

Ұңғыны дебитометрмен зерттеу. Олар ұңғыдағы сұйық ағымын (өндіру ұңғымаларында) және айдау ұңғымаларының жұту санын, арнайы құрылғылар қолдану арқылы іске асады. Құралдар олар: дебитометрлер және шығын өлшегіштер. Ұңғыға түсіріліп, перфорацияланған интервалда орнатылады.

Дебитометрлік зерттеулер ұңғыда маңызды информациялар береді. Олар: жұмыс жасаушы қабат қалыңдығы, бөлек қабатшалар дебиті т.б.








Дата добавления: 2015-12-08; просмотров: 2013;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.004 сек.