Иын индикаторлық диаграммалар
Ұңғылардың индикаторлық диаграммаларының түріне көптеген факторлар әсер етеді, олар жоғарыда айтылғандар ғана емес. Себебі индикаторлық диаграмма тек қана зерттеліп жатқан аумақтың геологиялық құрылымының сипаты немесе сұйықтықтың ағу процесі емес, сонымен қатар жүйеде жүріп жатқан (біз белгілі аналитикалық тәуелділіктермен ғана ескере алмайтын), әртүрлі табиғи құбылыстардың маңызды бөлігі, индикаторлық диаграммалардың формасы әртүрлі болып өзгереді.
Қиын индикаторлық сызықтарға S – тәрізді, S – тәрізді төңкерілген және серповидті, 7 а, б, және в суретте көрсетілгендей S – тәрізді, S – тәрізді төңкерілген индикаторлық диаграммаларда бүктелмелі А нүктесі бар.
Соңғы кездерге дейін тәжірибеде мұндай индикаторлық диаграммалар түзу сызықпен белгіленіп, ұңғының жұмыс кестесін жобалауда А нүктесінің ғана нәтижесін көрсететін өнімділік коэфициентін шығарып берді. Ал басқа кестелерде жобалық және негізгі кестелер бір-бірінен айырмашылықта болып немесе түбегейлі өзгерістерге ұшырап отырған.
Қарастырылып отырған индикаторлық диаграммалар ерітіндіні фильтрациялаудың ерекшеліктерін ғана емес, коллектордың өзіндегі өзгерістерді де анықтайтын жүйедегі күрделі процестерді көрсетеді.
Терригендік коллекторға (8а - сурет) қысымның әсерін сызба түрінде қарастырып көрейік. Мұндағы, 1 – ішкі құрал (зерна породы), 2- цементтеу арқылы біріктірілген сазды құрал. (8б- сурет) анықталған элементке әсер ететін күш, тау қысымы арқылы (тігінен) Ргорн және ішкі қысым (қабат) Рпл. Арқылы алынады. Аталған күш әсер күші деп аталады.
(31)
Таулық қысымы гидростатика теңдігімен есептеледі.
Ргорн = ρнgH, (32)
бұл жерде Рн – құрам тығыздығы, кг/ м3 (жауын-шашыннан құралған құрамды Рн = 2600кг/ м3 деп аламыз); Н – коллектордың тереңдігі (тігінен), м.
Қабат қысымын да Рқаб .Осындай теңдікпен шешеміз.Мұнда тығыздық су тығыздығына тең (Рв = 1000 кг/ м 3). Сонымен, Н = 2000м тереңдікте орналасқан коллектор үшін тау қысымы Ргорн =52 МПа, ал қабат қысымы Рқаб. = 20 МПа; әсер күші эф = 52- 20 = 32 МПа тең.
Кенорынды игеру алдында белгілі бір қысым тудыру керек:
ΔР = Рпл –Рзаб, (33)
мұнда Ртүбі(заб) - өндірістегі ұңғының түбіндегі қысым, МПа.
Келтірілген мысалды ұңғы түбінің қысымы Ртүбі(заб) = 10 МПа. Сонда өндірістегі ұңғының қабырға әсер күші мынаған тең:
= 52 - 10 = 42МПа.
7- суретте ұңғылардың күрделі индикаторлық диаграммалары: а- S тәрізді ; б - S тәрізді төңкерілген; в- серповидті
Ішкі құрамға әсер күшінің күшейтілуі оның көлемінің ұлғаюына әкеліп соғады (Гук заңы расталады). Мұның көптеген әсерлері болғанымен, біз біреуіне ғана тоқталмақпыз. Ол – ішкі құрамның байланыс күшінің өсуі (цементтеуші нәрсеге күштің өсуі), өз кезегінде цементтеуші нәрсенің (толығымен немесе жартылай) бұзылып, тесік аумаққа еніп, фильтрация немесе сүзгіш процестен өтуі.
Бұл жағдай тесік каналдардың цементтеуші нәрсемен бітеліп, жүйенің өткізгіштігінің төмендеуіне әкеліп соғады.
Анықтағанымыздай кейбір жағдайда қысым әсері кезінде цементтеумен нәрсе бұзылмайды, өйткені оның ішкі құрамының өзгеруіне қарсы тұратындай мықтылығы жеткілікті бұзылатын цементтеуші нәрсенің саны қысымның өсуіне байланысты, ол өскен жағдайда дебит төмендеп, Ркр (7б -сурет) цементтеуші нәрсе де бұзылады.
8 – суретте терригенді коллектордың сызбалы көрінісі: 1- ішкі құрам (зерна породы); 2- цементтеулі нәрсе; 3- ерітіндімен толтырылған ішкі орын
Цементтеуші нәрсе толық бұзылған терригенді коллектор босаңсып тесік аумақтың қайта құрылуы мен қалыңдығының өзгеруіне мүмкіндік алады. Осылайша ұңғының серповидті индикаторлық диаграммасы болуының бір себебі – облитерация болып табылады. Бұл тек мүмкін болатын себептердің бірі ғана. Ағыстың екі фазасы болуына және фазаның өткізгіштігіне байланысты басқа да себептері бар. Газдалған сұйықтықты сүзу кезінде «мұнай -су» сүзу кезінде т.б. жағдайлрды да индикаторлық осындай диаграммалар алынады.
Дата добавления: 2015-12-08; просмотров: 2444;