Машиналардың физикалық және моральдік тозуы
Машиналардың физикалық (материалдық) тозуы – машинаның детальдар ақауы мен тораптар және агрегаттар бұзылуларының жиналып қалуы нәтижесінде өзіне қойылған талапқа сәйкес болмай қалу жағдайы. Физикалық тозудың түрлері: бірінші қатарлы және екінші қатарлы. Бірінші қатарлы тозу машинаны пайдалану барысында туындаса, ал екінші қатарлы тозу жұмыс істемей тұрған машинада да пайда бола береді.
Бірінші қатарлы тозудың пайда болуының негізгі себептері детальдардың жұмыс беттерінің үйкелуі нәтижесінде олардың тозу процесінде жатыр. Ал екінші қатарлы тозу машина детальдарына үйкеліспен байланысты емес басқа да көптеген факторлардан туындайды: атмосфералық тат басу, материалдар мен химиялық заттардың қажуы, деталь қабаттарында кернеулердің қайта таралуы және т.б.
Машинаның физикалық тозуы өскен сайын, оның құны да төмендейді, себебі оны қалпына келтіруге көп шығын жұмсауға тура келеді. Бұл экономикалық критерийді қолдана отырып, физикалық тозудың сандық өлшеуіштерін табуға мүмкіндік береді.
Машинаның физикалық тозуы оның элементтерінің (деталь, торап және агрегат) тозуынан құралады.
Детальдің физикалық тозуының сандық мәнін анықтау үшін төмендегі коэффициенттер пайдаланылады:
; ; (1.2)
мұндағы, бірінші қатарлы тозуға түскен детальдің физикалық тозу дәрежесі, %; жұмыстық беттің нақты тозуы, мм; жұмыстық беттің мүмкін болар шектік тозуы, мм; екінші қатарлы тозуға түскен (мысалы, қажуға түскен) физикалық тозу дәрежесі, %; детальдің жұмыс істеуінің нақты мерзімі, сағ (немесе жүктеме циклы); детальдің бұзылуына немесе оның тіптен істен шығуына дейінгі жұмыс істеу мерзімі, сағ (жұмыс циклы).
Бірнеше жұмыстық беттер үйкелген кезде олардың тозу дәрежесі ең көп тозған бет негізінде жүргізіледі. Детальдар тозуының сандық өлшегіштерін, сондай-ақ, машинаны жөндеуге жіберу мерзімін, күнтізбелік периодтар бойынша детальдарды жіберу жоспарын, жіберілетін детальдардың атаутізімі мен санын және т.б. анықтауда пайдаланады.
Агрегат пен машинаның физикалық тозу дәрежесінің толыққанды мәні экономикалық көрсеткіштің көмегімен анықталуы мүмкін. Ал физикалық тозудың экономикалық өлшемі ретінде тозуды жою үшін жасалатын жөндеуге кеткен шығындар алынады.
Агрегаттың немесе машинаның физикалық тозуының экономикалық көрсеткіші төмендегі формуламен анықталады:
; (1.3)
мұндағы, машинаның физикалық тозуының экономикалық көрсеткіші, қайта өндіру құнынан %; агрегатты немесе машинаны жөндеудің сметалық құны, теңге; машиналардың жаңа конструкцияларының пайда болуына байланысты құнсыздануды ескергендегі физикалық тозуды анықтаудағы агрегатты немесе машинаны толық жаңғыртудың құны, теңге; ұқсас машиналарды жөндеу тәжірибесінен алынған қалдық тозудың салыстырмалы шамасы, %.
Моральдік тозу – техникалық прогресс әсерінен іс жүзіндегі техника құнының төмендеуі. Моральді тозудың да екі түрі болады: бірінші қатарлы моральді тозу – конструкциялары бірдей техниканың арзаны шығарыла бастауына байланысты іс жүзіндегі машинаның техникалық құнын жоғалтуы; екінші қатарлы моральді тозу – заманауи жетілдірілген конструкциялардың шығарылуына байланысты іс жүзіндегі техника бағасының төмендеуі.
Машиналардың моральдік тозуы экономикалық категория болып саналады. Ол техникалық ескіру мен машиналарды жаңғырту құнының төмендеуі нәтижесінде іс жүзіндегі техниканың құнсыздану дәрежесін сипаттайды.
Машинаның моральдік тозуының критериі есебінде техникалық прогрестің әсерінен оның құнының төмендеу коэффициенті алынады, ол бастапқы құнның үлесі ретінде саналып, төмендегі формуламен анықталады:
(1.4)
мұндағы, машинаның бастапқы құны, машиналардың жаңа конструкцияларының пайда болуына байланысты бастапқы құнның құнсыздануын ескергендегі машинаны жаңғырту құны;
Бастапқы құнның үлесі ретінде алынған физикалық және моральдік тозуды есептегендегі машинаның жалпы тозу коэффициенті былай анықталады:
(1.5)
мұндағы, машинаны жаңғырту құнының үлесі ретінде алынған, физикалық тозу салдарынан машина құнының төмендеу коэффициенті; машинаның бастапқы құнының үлесі ретінде алынған, техникалық прогресс әсерінен машина құнының төмендеу коэффициенті.
көбейтіндісі физикалық және моральдік тозу салдарынан бастапқы құнның үлесі ретінде алынған машинаның қалдық құнын көрсетеді.
Физикалық және моральді тозу көрсеткіштері машиналарды дұрыс пайдалана білуді шешуде (жөндеу жұмыстарын жоспарлауда, олардың экономикалық тиімділіктері мен жөндеудің қажеттілігін анықтауда) маңызды рөл атқарады.
Детальдар тозуы
Машиналар жұмыс істеген сайын детальдардың өлшемдері, материалдар құрылымы өзгеріске ұшырайды, сыртқы және ішкі, көрінетін және көрінбейтін ақаулар пайда болады. Сол себепті машиналардың қуаты төмендейді. Мұндай жағдайды машина тозу үстінде деп атайды. Тозу процесі – деталь бетінің материалының бұзылуы мен бөлінуі немесе үйкеліс кезінде қалдық деформациясының жинақталуы, мұның барлығы біртіндеп детальдың өлшемдері мен формасының өзгеруіне әкеп тірейді. Тозу процесінің нәтижесі тозық болып табылады. Ол сызықтық және массалық бірліктермен немесе детальдың физика-механикалық қасиеттерінің төмендеуімен (беріктігі, серпімділігі т.б.) сипатталады. Тозу түрлері: жергілікті, рұқсат етілген және шекті тозулар.
Жергілікті тозу – үйкеліс бетінің жеке алынған бөлігіндегі тозу.
Рұқсат етілген тозу – детальдың әлі де болса өзінің жұмыс істеу қабілеттілігін (мүмкіндігін) сақтаған кезіндегі тозу:
Шектік тозу – детальдың жұмыс істеуі бұдан былай техникалық жағынан мүмкін болмайтын және экономикалық жағынан қажет те емес жағдайға жеткен тозу.
Көлік техникасының детальдарының жұмыс істеу мерзімін анықтау шектік тозуды және тозу қарқындылығын анықтауға негізделген. Әртүрлі детальдар үшін тозудың сандық сипаттамалары бірдей емес. Шектік тозуды анықтау – бұл күрделі техника-экономикалық мәселе, бұл мәселені шешудің нәтижесі детальдарды уақтылы ауыстыру және жөндеу, оларды қайта қалпына келтіру тәсілдерін таңдау болып табылады.
Шектік тозуды анықтау үшін негізгі 3 критерийді ұстанымға алу керек: техникалық, технологиялық (машинаның орындаған жұмысының сапасы) және экономикалық.
Машинаның беріліс детальдары және жұмыс органының детальдары айналу моменті мен күштерді беруі тиіс. Олай болса, жұмыс істеу қабілеттілігінің негізгі шарты ретінде олардың техникалық жағдайын алу керек. Бұл детальдардың шектік тозуларын бекіту, яғни техникалық критерий болып саналады. Ал технологиялық критерий өңделетін бет сапасымен тығыз байланысты детальдарда қолданылатын болса, экономикалық критерий кезінде мына көрсеткіштерге көңіл бөлінуі тиіс: машинаның нақты өнімділігі, жөндеу жұмыстары мен пайдаланудағы материалдар құнының өнім бірлігіне қатынасы.
Сонымен бірге детальдарды пайдалану кезіндегі тозулар пайда болу себептеріне, олардың өсу сипатына және біліну нәтижелеріне байланысты бөлінеді:
– жайлап өсетін (табиғи) тозу;
– жылдам дамитын (апаттық) тозу.
Жайлап өсетін тозулар үйкеліс күштерінің ұзақ уақыт жұмыс істеуінің, жоғары температуралардың әсерінің және т.б. факторлардың нәтижесі болып табылады. Жылдам дамитын тозулар кей жағдайда машина әлі көп жұмыс істемесе де пайда болады. Бұл оны жасау кезінде ақаудың болғандығын, техникалық қызмет көрсетудің сапасыз өткізілгендігін дәлелдейді.
Дата добавления: 2015-12-08; просмотров: 4114;