Электроэнцефалограммманы ұғыну принциптері.
Дайын электроэнцефалограмма бойынша қорытынды жасау белгілі бір алгоритмге бағынады және оны негізгі үш кезеңге бөлуге болады:
- Пациент миының функционалдық күйін анықтау.
- Биопотенциалдардың жергілікті (локальді) патологиялық өзгерістерінің бар- жоғын анықтау.
- Эпилепсті пароксизмнің (ауру белгілерінің кенет білінуі) баламасы ЭЭГ ретінде бағаланатын қыртысты- қыртыс асты феномендерді анықтау.
Осы қағидалар негізінен әр пациент үшін шешілетін үш мәселені анықтайды. ЭЭГ –ны оқып- зерттеудің клиникалық (визуалды) және статистикалық әдістері бар.
Клиникалық (визуалды) әдіс қатаң дербес, сапалық сипаты бар, пациенттің ЭЭГ-ң жалпы қабылданған стандартты жағдайға сәйкестік дәрежесі мен ауытқу дәрежесін көрсете алады. Клиникада ЭЭГ-ң арнайы ұғыну тәсілдері мен клиникалық түсіндірмесі бар (интерпретациясы). Жеке жағдайларда жоғарыдағы мәселенің біреуінің мәні айрықша білінуі мүмкін, ал оның артықшылығын науқасты зерттелуге жіберген емдеуші дәрігер шешеді. ЭЭГ-ны «оқып», түсіне білу, ондағы жасырынды және жиі кездесетін вариациялық патологиялық белгілерді анықтау, неврологиялық статустың ерекшеліктерін білу нейрофизиологқа қорытынды жасауға мүмкіндік береді.
ЭЭГ дегеніміз ми қыртысы нейрондарының қорытқы белсенділігін жазу деген сөз. Электроэнцефалографияда айрықша емес жүйелердің үнемі ықпалында болатын ми қыртысы нейрондарының потенциалдарын жазу жүргізіледі.
Сурет 6. Қалыпты ұйымдастырылған ЭЭГ-ң түрі.
Мидың нейродинамикасының синхрондаушы және активтендіруші (десинхрондаушы) жүйелердің әсерімен анықталатындығы дәлелденген. Біріншісі гипоталамустың (аралық ми бөлігі) алдыңғы бөлігінде, көру төмпешігінде орналасады, оның қызметі босаңсыған сергектік күй мен ұйқы күйін анықтайды. Екіншісі- сергектік күйді қамтамасыз етеді және өзектің ауыз жағындағы бөліктерде орналасады. Осы аталған жүйелердің өзара қарым- қатынасы мидың жұмыс істеуіне тиімді жағдайлар жасайды және сергек, сау адамның электроэнцефалограммасы деп аталатын немесе қалыпты ұйымдасқан ЭЭГ деп аталатын ЭЭГ суретін береді.
ЭЭГ- ны клиникалық (визуалды) талдаудың мысалдары:
Толық тыныштық жағдайында, сыртқы тітіркендіргіштер болмаған жағдайда адамда спонтанды өзгеретін ЭЭГ (мидың активтілігі) тіркеледі. Сау адамның спонтанды беттік ЭЭГ-ң негізгі құраушылары болып потенциалдың ырғақты тербелістерінің екі түрі саналады-
α - және β- толқындар.
α - толқындар 8- 13 имп/с-қа дейінгі жиілікпен сипатталады. Адамдардың көбінде α- ырғақ жақсы айқындалған.
δ- ырғақ ұзақтығы 250-ден 1000 мс- қа дейінгі баяу ырғақты толқындардан тұрады. Оның тербелісінің жиілігі секундына 1-4 рет. Осы ырғақ наркотикалық ұйқы не ми қыртысының бөліктерінің жарақаттануы кезінде және амплитудасы 20 - 30 мкВ- тан артпайтын сау адамның ұйқысы кезіндегі ЭЭГ-да білінеді.
Пациенттің сергек босаңсуы кезіндегі миының қалыпты ұйымдасқан белсенділігі негізгі үш ырғақпен айқындалады:
Сурет 7. Альфа- ырғақ..
α - ырғақ – жиілігі 8- 13 Гц, амплитудасы 100 мкВ-қа дейінгі, ұршық тәрізді модульденген ырғақты синусоидалы тербелістер болып табылады (сурет 7). Олар көбінесе мидың артқы бөліктерінде айқындалады. α- ырғақ көзді ашқан кезде әлсіреу реакциясын береді және көзді жұмғанда, қалпына келеді (сурет8).
Сурет 8. Альфа- ырғақтың әлсіреуі мен қалпына келуі.
β- ырғақ– жоғары жиілікті (14-40 Гц), кіші амплитудалы (15 мкВ) тербелістер, олар мидың алдыңғы бөліктеріндегі тіркелімдерден тіркеледі (сурет 9).
Сурет 9. Бета- ырғақ.
θ-ырғақ – маңдайша тіркелімдерінде бірлік толқындар түрінде тіркелуі мүмкін. Оның жиілігі 4-7 Гц, амплитудасы 50 мкВ-тан кем. Ұйықтап жатқан адамның ЭЭГ- да жиілігі 4-8 тербеліс/ сек
болатын θ- ырғақты тіркеуге болады. θ- ырғақ мидың патологиялық күйлерінде, шекті эмоционалдық күштену кезінде байқалады. Ересек сергек адамда - ырғақ басым (жиілігі
8 -13 Гц болатын тербелістер). Сонымен қатар мидың электрлік белсенділігін зерттеу кезінде жиілігі 14 - 35 Гц болатын - ырғақ, жиілігі 35 - 70 Гц болатын - ырғақ байқалады.
Және де жиілігі 0,5 -3 Гц болатын -ырғақ, 4 -7 Гц жиіліктегі - ырғақ та бар.
Электроэнцефалограмманың түрі бойынша, белгілі бір ырғақтардың пайда болып, жоғалып кетуі бойынша мидың жүйкелі құрылымының функционалдық күйінің ығысуларының сипаты мен деңгейі жөнінде, өзгерістер динамикасы жайында айтуға болады, осы өзгерістер ерекше айқындалған ми қыртысының бөлігін анықтауға болады. Сергектіктен ұйқыға ауысу кезінде - және - ырғақтар аса баяу ырғақтармен алмасады ( - және - ырғақтармен).
Дене еңбегі, түрлі мөлшердегі наркоз кезінде ЭЭГ-ң спектрлік құрамы мәнді өзгереді. Неврологиялық клиникада мидың электрлік белсенділігінің спектрлік құрамын талдау мидың патологиялық күйлерін бағалауда кең қолданылады. Эпилепсияның күрделі түрлерінде, үлкен ми жарты шарлары қыртысының ісіктерінде және т.б. ЭЭГ-ң негізгі ырғақтары болмайды не нашар білінеді.
ЭЭГ-ны игерудің статистикалық әдістері фонды ЭЭГ-ң стационарлы және тұрақты болуынан анықталады. Фурьенің математикалық түрлендірулерін пайдаланып, әр құраушылар бойынша үлестірілу жүргізіледі, мысалы, жиіліктері мен амплитудалары әртүрлі болатын сигналдардың қуаты үлестіріледі, содан кейін ЭЭГ-ны талдап, оқып- ұғыну үшін спектрлер, қуаттың картасы алынады.
Мысалы, электроэнцефалографияның картографиялық әдісі кезінде мынадай мәселелер шешіледі:
1. Әр тіркелімдегі ЭЭГ сигналының толық қуаты анықталып (сәйкес спектрлік қисық астындағы аудан), бастың беті бойынша толық қуаттың таралу картасы салынады, қуаттың мәндерінің барлық аралығы интервалдарға бөлінеді, олардың әрқайсысына белгілі бір түс беріледі. Суретттің төменгі жағындағы шкалада қуаттың мәндері -нан -ға дейін бөлінген интервалдар көрсетілген, олардың әрбіреуіне түрлі штрихтар сәйкес келеді. Осындай ұқсас штрихтармен бас бетінің сәйкес бөліктері белгіленген.
2. Әр тіркелімдегі толық қуатты анықтамай, тек әр спектрлік интервалға сәйкес келетін қуатты ғана анықтайды. Осы интервалдар ырғақтар деп аталады. Дәл осылай ми қыртысының бетінде таңдап алынған спектрлік интервалдағы
қуаттың таралу картасы салынады. Кейде дәрігер түрлі ырғақтарға сәйкес келетін бірнеше картаны бірден талдайды.
Сурет 10. ЭЭГ-ң шартты картасы.
Қазіргі кезде ми қыртысының электрлік белсенділігін үлгілеу үшін электрлік генератор ретінде көптеген ток дипольдерінен тұратын жүйелерді қолданады. Бұл кезде дипольдердің бір-бірімен өзара әсерлесуінің кейбір түрлері мен олардың орналасу геометриясы ескеріледі. Бірақ бұл үлгілер ЭЭГ өндірілу үрдісінің біраз бөлігін ғана орындайды және олар әлі де жетілдірілуді қажет етеді. ЭЭГ-ны талдау күрделі мәселе болып табылады. Ақпаратты (мәліметтерді) жөндеп, оны ұғынуға ыңғайлы түрге келтіру үшін қандайда бір ақпараттар интервалында ЭЭГ сигналдарының жиіліктері бойынша спектрлер салынады. Осыдан кейін жиілікті спектрлерді уақыт бойынша айрықшалап, уақытқа тәуелді «көрінісін» (ландшафт) алуға болады.
Қазіргі кезде компьютерлік техниканы қолданып, мидың электрлік белсенділігін бастың бетін карталау көмегімен талдайды. Электрокардиограмманы жазуға арналған электрокардиограф жүректің электрлік белсенділігін зерттеуді электрокардиография әдісімен орындауға мүмкіндік береді. Кейбір жағдайларда бір құралмен бір мезгілде бірқатар параметрлерді анықтауға болады, мысалы, мидың түрлі нүктелерінен тіркелетін биопотенциалдарды. Осы кезде тәуелсіз бірнеше күшейткіштерден тұратын көп каналды қондырғылар қолданылады. Барлық каналдардан тіркеу жалпы бір жолақта (лентада) кескінделеді.
Зерттеу нәтижелері
Биопотенциалдарды алып, тіркеуде кейбір қосымша қондырғылар қолданылады. Оларға t осінің масштабын анықтайтын уақытты белгілегіштерді жатқызуға болады. Биопотенциалдарды анықтау үшін, басқаша айтқанда кернеу бірлігіндегі у осінің масштабын анықтау үшін кернеудің калибраторлары қолданылады. Калибрленетін кернеудің жазылуы биопотенциалдардың жазылуының алдында және одан кейін орындалады.
Магнитоэнцефалография – мидың биоэлектрлік белсенділігімен айқындалатын магнит өрісінің параметрлерін тіркеу. Осы параметрлерді жазу кванттық интерференциялы датчиктердің көмегімен және мидың магнит өрістерін аса күшті сыртқы өрістен оқшаулайтын арнайы камералар көмегімен жүзеге асырылады. Бұл әдістің электроэнцефалограмманы тіркеудің дәстүрлі әдісінен бірқатар артықшылығы бар. Бастың терісінен тіркелетін магнит өрісінің құраушылары ЭЭГ- дағыдай күшті бұрмалауға ұшырамайды. Бұл ЭЭГ (бастың терісінен тіркелетін белсенділікті) генераторларының орнын дәл анықтауға мүмкіндік береді.
ЭЭГ – мидың электрлік белсенділігін (биопотенциалдарын) бастың зақымдалмаған бетінен тіркеу әдісі. Жалаңаштанған мидан биопотенциалдарды тікелей тіркеу электрокортикография деп аталады және әдетте нейрохирургиялық операциялар кезінде жүргізіледі. ЭЭГ бірінші және эпилепсті ұстама кезінде жүргізілетін жалғыз ғана неврологиялық амбулаторлық зерттеу болып табылады.
Дата добавления: 2015-11-01; просмотров: 3624;