Дістің мәні.

Электроэнцефалография (ЭЭГ) – бас миының қызметі барысында пайда болатын мидың биоэлектрлік белсенділігін зерттеу әдісі.

Жүйке жасушасының мембранасының тыныштық потенциалы болады (ол шамамен 60- 70 мкВ), ол нейронның қалыпты қызмет жасауы үшін және электрлік белсенділіктің өндірілуі үшін қажетті шарт болып табылады. Зат алмасуының бәсеңдеуі не тоқтауы кезінде нейрондардың электрлік белсенділігі төмендейді, содан кейін толығымен тоқтайды, бұл мидың клиникалық және биологиялық өлімін білдіреді.

Жеке нейрондар деңгейінде жүріп жатқан электрлік үрдістерді нейронға тікелей енгізілген микроэлектродтар көмегімен тіркеуге болады.

Клиникалық практикада мидың электрлік белсенділігін көбінесе өлшемдері нейронның өлшемдерінен әлдеқайда үлкен болатын тері бетіне орналастырылатын не ине тәрізді электродтармен зерттейді. Сондықтан ЭЭГ қисықтары көптеген жүйке жасушаларының электрлік белсенділіктерінің қосындысының нәтижесі болып табылады.

Егер нейрондар электрлік потенциалдарды бір- біріне байланыссыз шығарса, онда шамалары, жиіліктері әртүрлі болатын көптеген потенциалдардың түрлі бағыттағы қосылыстары пайда болушы еді, осының нәтижесінде түзу сызық тіркелуші еді. Бірақ сау адамның ЭЭГ- да жақсы ұйымдастырылған ырғақты тербелістер байқалады, бұл мидың жинақтаушы (синхрондаушы) құрылымының болатындығын білдіреді.

Қазіргі кезде мидың функционалдық белсенділігінің реттелуі негізінен өзекті құрылымдармен және алдыңғы мидың преоптикалық аймақтарымен біраз жүзеге асатындығы тағайындалған.

Қыртыс асты жүйелер бөліктерінің локальді белсенділігі үрдіске барлық активтендіруші- тежеуші құрылымдарды қатыстыруға шақырады және оның әсерінің барлық миға таралуын тудырады.

ЭЭГ мидың бетіндегі қандайда бір нүкте мен құлақтың артында орналасқан электрод арасындағы потенциалдар айырмасын білдіреді (сурет 1).

 

Сурет 1. ЭЭГ-ны тіркеу кезінде пациенттің басында электродтардың орналасуы.

Биопотенциалдарды алу нүктелерінің саны (2- ден бірнеше ондаған) зерттеу мақсатына байланысты өзгеруі мүмкін.

ЭЭГ- ны тіркеу мысалы мен оның түрі 2- ші суретте көрсетілген.

 

Сурет 2. Сегіз электродтан ЭЭГ- ны тіркеу.

 

Электроэнцефалограмма жиіліктері мен амплитудалары әртүрлі болатын күрделі, ұдайы тербелістер түрінде болады. Мидың түрлі функционалдық күйлері кезіндегі электрлік белсенділігін зерттеу үшін әдетте спектрлік құраушылары қарастырылады (жиіліктері мен амплитудалары әртүрлі болатын қарапайым синусоидалы тербелістер. Фурье теоремасы бойынша күрделі тербелістерді- энцефалограмманы, осы қарапайым тербелістерге жіктеуге болады).

Бұл шу сигналына ұқсас өте күрделі қисық. Бір уақытта бірнеше тіркелімдерден алынған мәліметтерді өңдеу үрдісі кезінде оларды Фурье- жіктеу қолданылады және әр тіркелім үшін ЭЭГ сигналының қуатының спектрлік тығыздығының жиілікке тәуелділігінің спектрлері алынады.

Электроэнцефалографияның биопотенциалдары мен тіркелген потенциалдар айырмасы ЭКГ- мен салыстырғанда 100 есе әлсіз: ЭКГ- да 0,1 - 5 мВ, ал ЭЭГ-да 0,001 – 0,05 мВ. Сондықтан ЭЭГ-ң биопотенциалдарын күшейткіштің күшейткіш коэффициенті жоғары болу керек: 109 - 10 - ЭЭГ- да және 105 - 10 - ЭКГ- да. Сол себепті биопотенциалдарды тіркеу үшін оларды бірнеше мың есе күшейту керек, ал ол көп каскадты күшейткіш арқылы жүзеге асады.

«ЭНЦЕФАЛАН» электроэнцефалографтары мынаны жүргізуге мүмкіндік береді: электроэнцефалографиялық зерттеулерді,

көру мен естудің жасанды потенциалдарын, мидың фондық белсенділігін зерттеу, эпилепсті пішінді белсенділік пен оның ошақты өзгерісін айқындау, мидың электрлік белсенділігінің көздерін үшөлшемді анықтау, мидың аса баяу белсенділігін зерттеу, мидағы қанайналымды зерттеу, видеомониторингтың мүмкінділігімен сомнологиялық зерттеу, жүрек ырғағын математикалық талдау негізінде вегетативті жүйке жүйесінің күйін бағалау.

 

 

Мидың белсенділігінің барлық түрі қозғалыс кезінде күшею мен әлсіреуге шалдығады және электрлік тербелістердің белгілі бір ырғақтарымен сүйемелденеді:

0,5-3 Гц - - ырғақ;

4-7 Гц - - ырғақ;

8-14 Гц - - ырғақ;

14-35 Гц - - ырғақ;

35-70 Гц - - ырғақ.

Толық тыныштық пен сыртқы тітіркендіргіштер болмаған жағдайда адамда ми қыртысы күйінің өзгерісінің баяу ырғақтары басым болады, сол кезде спонтанды өзгеретін ЭЭГ- мидың белсенділігі тіркеледі, ол альфа- ырғақ түрінде кескінделеді. Сау адамдағы спонтанды беттік ЭЭГ-ң негізгі құраушылары ретінде потенциалдың ырғақты тербелісінің екі түрі есептеледі: және - толқындар. Альфа- толқындар 8 - 13 имп/с- ке дейінгі жиілікпен сипатталады, адамда олар көру афферентациясы болмаған кезде (қараңғыда не тыныштық күйде көздің жабылуы кезінде) пайда болады. Көптеген адамдарда - ырғақ жақсы айқындалған. - толқындардың амплитудасы 50 - 100 мкВ- тан артпайды. - ырғағының амплитудасы мен аса ұдайылылығы желке аймағымен шекаралас ми қыртысының төбе аймағында тіркеледі.

Адамның активті қызметке ауысуы альфа- ырғақтың шапшаң бета- ырғаққа ауысуына әкеледі.

Адамның қызметті күйі, интенсивті дене және ойлау қызметі, эмоционалды ширығуы (күштенуі) кезінде, бағытталған, шартты рефлекстердің орындалуы кезінде оның ЭЭГ- да β - толқындар басым болады. – ырғақ ұзақтылығы 40 - 50 мс- ке дейінгі, жиілігі 14 - 30 имп/с болатын шапшаң толқындардан тұрады. - толқындардың амплитудасы 5 - 10 мкВ- тан аспайды. Әсіресе β- ырғақ ми қыртысының маңдайша аймағында жақсы айқындалады. Тыныштық күйден жинақталған зейін (назар) күйіне немесе ұйқы күйіне өту аса баяу тета- ырғақтың немесе дельта- ырғақтың дамуымен сүйемелденеді.

Дельта- ырғақ ( - ырғақ) ұзақтылығы 250- ден 1000 мс- ке дейінгі баяу ырғақты толқындардан тұрады. Олардың тербеліс жиілігі секундына 1- 4 рет. Осы ырғақ наркотикалық ұйқы кезінде не мидың кортикалды (ми қыртысы) бөліктерінің жарақаты кезінде және сау адамның амплитудасы 20- 30мкВ- тан артпайтын ұйқысы кезіндегі ЭЭГ- да білінеді.

Ұйықтап жатқан адамның ЭЭГ- да жиілігі секундына 4-8 тербеліс жасайтын тета- ырғақты ( - ырғақ ) тіркеуге болады. - ырғақ мидың патологиялық күйлері кезінде, шекті эмоционалды ширығу кезінде білінеді.

Тыныштық не басқа күй кезінде миға шапшаң артатын тітіркендіргіш әсер етсе, ЭЭГ- да

жасанды потенциалдар деп аталатын потенциалдар тіркеледі. Олар ми қыртысының берілген аймағының көптеген нейрондарының синхронды реакциясы болып табылады және тітіркендіргішке берілетін бірінші және екінші ретті жауаптардан тұрады. Және олар позитивті- негативті тербелістер түрінде тіркеледі.

 

 

Сурет 4. Электроэнцефалография. А–ЭЭГ ны тіркеу сызбасы; Б–ЭЭГ-ң негізгі ырғақтары;

Э1 - активті электрод; Э2 - индифферентті электрод; ПУ и ЛУ – оң және сол құлақтар.








Дата добавления: 2015-11-01; просмотров: 3106;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.009 сек.