Электроэнцефалограмманы жазу әдістемесі.
Бас миының биоэлектрлік белсенділігінің толық құнды суретін алу үшін тері үсті және ине тәрізді электродтарды тиянақты орнату қажет. Бұл кезде сагиттальды (қақ жару) сызықтарға қатысты симметриялылықты қатаң сақтау керек, мидың конвекситалды беттерінің барлық негізгі бөліктерінің үстінде (маңдай бетінің, орталық , көлеңкелік, желкелік, самайлық беттердің) болатындай етіп, электродтарды бір- бірінен бірдей арақашықтықта орнатуға тырысу керек.
Практикалық медицинада көбінесе электродтарды орналастырудың халықаралық жүйесі «10-20%» қолданылады (сурет 5), ол электродтардың дәл орналасуын көрсетуге мүмкіндік береді. Осы жүйеге сәйкес әр адамның кеңсірік үстінің ортасы (назион) мен желкедегі қатты сүйек төмпешіктің (инион) аралығы, сонымен қатар оң және сол құлақтардың шұңқырлары арасы дәл өлшенеді. Электродтарды орналастыруға мүмкін болатын нүктелер интервалдармен бөлінген және олар бас сүйегіндегі аралықтың 10% не 20%- ін құрайды. Тіркеуге ыңғайлы болу үшін барлық бас сүйегі аймақтарға бөлінеді: F- маңдай, О- желке аймағы, Р-төбе , Т- самай, С- орталық аймағы.
ЭЭГ- ны тіркеу арнайы электродтармен орындалады (аса көп таралғандары- көпірше, тостағанша және ине тәрізді). Әр электрод күшейткішке қосылады.
Сурет 5. Электродтарды орналастырудың халықаралық жүйесі «10-20%».
Тіркелім орындарының тақ нөмірлері сол жарты шарына қатысты, ал жұп нөмірлері- оң жарты шарға қатысты. Z әрпімен бас сүйегінің төбесінен басталатын тіркелім белгіленеді. Тіркелімнің осы орны вертекс деп аталады және оны жиі қолданады. ЭЭГ-ны жазу үшін не қағаз жолағын (лентасы) қолдануға болады не сигнал АЦП көмегімен түрленіп, оны компьютерде файлға жазуға болады. Дискретизациясы 250 Гц жиілікте жазу көп таралған. Әр электродтан потенциалдарды жазу референттің (көмекші) нөлдік потенциалына қатысты орындалады, нөлдік
ЭЭГ-ны жазу үшін не қағаз жолағын (лентасы) қолдануға болады не сигнал АЦП көмегімен түрленіп, оны компьютерде файлға жазуға болады. Дискретизациясы 250 Гц жиілікте жазу көп таралған. Әр электродтан потенциалдарды жазу референттің (көмекші) нөлдік потенциалына қатысты орындалады, нөлдік потенциал ретінде құлақтың сырғалығы, не мұрын ұшы алынады. Қазіргі кезде потенциалды өлшенген орталық референтке қатысты есептеу кең таралуда. Референтті орталық электрод ретінде өткізгіш қолданылады, оған жеткілікті үлкен бірдей кедергілер арқылы актив электрод, адамның басындағы барлық электродтар параллель қосылады. Осындай есептеу кезінде мүмкін болатын артефактілер анықталып, ал көрші тіркелімдердің бір- біріне әсері төмендейді.
«Компакт-нейро» компьютерлі электроэнцефалографы (видеомониторингімен) биосигналдарды ЭЕМ-на енгізіп, тіркеуге арналған 16 каналды электроэнцефалограф құралы болып табылады. ЭЕМ-на фото және фоно стимуляторлар біте қосылған. Осы электроэнцефалограф USB порты не тізбекті порт арқылы арнайы компьютерге қосылады. Жүйе жұмыс жасау үшін арнайы компьютер не ырғақты жиілігі 512 МБт-тан кем болмайтын, қатаң дискісінің көлемі 40 ГБт-тан кем болмайтын ноутбук қажет. 8 каналды электроэнцефалографтармен жұмыс жасағанда саны аз электродтары бар модифицирленген сызбалар қолданылады, бас миының әрбір үлесінің оң және сол жағынан бір электродтан қойылады.
Электроэнцефалографияда тіркелімнің екі түрі қолданылады, олар шартты түрде монополярлы (референтті)және биполярлы деп бөлінеді. Күшейткіштің ену клеммасының біреуіне мидың үстінде тұрған электродтан келетін электр потенциалы берілсе, ал екіншісіне- мидан белгілі бір арақашықтықта қойылған электродтан келетін потенциал берілсе немесе жергілікті көзден алынатын қандай да бір орталық потенциал берілсе, онда осындай тіркелім монополярлы деп аталады. Мидың үстінде орналасқан электродты көбінесе активті деп атайды. Ми ұлпасынан қашықтағы электрод пассивті, референтті, индиффирентті деп аталады. Референтті электрод құлақтың сырғалығына, иекке не кейде мұрынға қойылады. Референтті электродты біршама қашықтықтағы дене бөліктеріне орналастырудың бірқатар қиындығы бар, ол электродтарды бекітумен байланысты, бірақ ең негізгісі- электрлік белсенді басқа дене мүшелерінің (бұлшықеттер мен жүректің) кедергісімен байланысты болатын қиындықтар. Мұрынға электродты бекіту зерттелетін адамға біршама ыңғайсыздық келтіреді және ол электродтың құлақ сырғалығында қандай да бір себептермен орнатылуы керексіз болғандағы арнайы зерттеулерде ғана қолданылады. Монополярлы тіркелімдер мидың биэлектрлік белсенділігінің жалпы суретін жақсы бағалауға, жарты шар аралығының асимметриясын бағалауға мүмкіндік береді.
Күшейткіштің оң және теріс ену клеммаларына мидың үстінде орналасқан электродтар жалғанса, онда осындай тіркелім биполярлы деп аталады. Сапалы электроэнцефалограмманы алу үшін пациентті жарықты және дыбысты өткізбейтін бөлмеге орналастыру керек. ЭЭГ жүргізетін бөлмелердегі көптеген энцефалографтар үшін электромагниттік кедергіні төмендету мақсатында міндетті түрдегі шарт ол- бөлмені экрандау болды. "НейроСофт" фирмасының электроэнцефалографтары зерттеулерді кезкелген бөлмелерде жүргізуге, тіпті реанимация бөлмелерінде және операциялық блоктарда жүргізуге мүмкіндік береді. Науқасты креслоға, босаңсыған қалыпта орналастыру керек және көзі жабық болу керек. Алғашында ЭЭГ-ң фонды жазуы орындалады, содан кейін әртүрлі тестілер жүргізіледі: дыбыстық және жарықтық тітіркендіргіштер түріндегі тестілер, көзін ашып- жауып отырып, негізгі ырғақтардың динамикасын бақылау сынақтары жүргізіледі. Қазіргі кезде гипервентиляция тестісі кең таралған: науқас 1-3 минут бойы терең және ырғақты дем алады; осы кезде ЭЭГ- ны тіркеу гипервентиляция кезінде және одан кейін 3 минуттан кем жүргізілмейді. ЭЭГ-ны жазу кезінде зерттелу мақсатына байланысты түрлі препараттарды енгізе отырып, фармакологиялық тестілерді қолдануға болады.
Дата добавления: 2015-11-01; просмотров: 3015;